Сәрсенбі, 5 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тарихқа тағылым болған әділет

05.08.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам тарихында һижраның 16-жылы (638 ж.) Құддыс қаласының мұсылмандар билігіне бейбіт түрде өтуі – әскери жеңістен гөрі құқықтық мәдениеттің, діни төзімділіктің және мемлекеттік әділеттің көрінісі ретінде бағаланады. Бұл оқиға Исламның өзге дін өкілдеріне қатысты ұстанымын іс жүзінде көрсеткен маңызды тарихи кезеңдердің бірі саналады. Әсіресе, Хазірет Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) қала тұрғындарына берген қауіпсіздік кепілдігі – исламдық басқару жүйесінің құқықтық әрі моральдық негіздерін айқындайтын тарихи құжаттардың қатарында ерекше орын алады.

Исламдағы діни сенім бостандығының негіздері

Исламда адам баласының ар-ожданы мен діни таңдауы құрметтеледі. Құран Кәрімде: «Дінде зорлық жоқ. Ақиқат адасушылықтан айқын ажыратылды» («Бақара» сүресі, 256-аят) дейді. лінсе, тағы бір аятта: «Ей, Мүминдер! Алла үшін әділдікпен куәлік беріңдер. Бір қауымға болған өшпенділіктерің (оларға) әділ болмауға мұрындық болмасын, (дұшпанға да) әділ болыңдар. Мұның өзі тақуалыққа жақынырақ. Алладан қорқыңдар, Алла расында істеген істеріңнен толық хабардар» («Мәйда» сүресі, 8-аят) деп, мұсылмандардың өзге сенім өкілдерімен қарым-қатынасы әділет пен ізгілікке негізделуі тиіс екені баяндалады.

Осы қағидалар кейінгі мұсылман билеушілерінің саяси тәжірибесінде нақты жүзеге асты. Соның жарқын мысалы – Хазірет Омардың (р.а.) Құддыстағы қызметі.

Ұлттық архивке – 20 жыл

Ұлттық архивке – 20 жыл

05.08.2026
Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

05.08.2026

Құддыстың бейбіт түрде берілуі

Византия билігіндегі Құддыс ұзақ қоршаудан кейін келіссөз арқылы берілетін болды. Қаланың патриархы Софроний қаланы тек мұсылмандардың халифасы өзі келіп қабылдап алған жағдайда ғана тапсыратынын мәлімдеген.

Осыған байланысты Хазірет Омар (р.а.) Мәдинадан Құддысқа қарапайым күйде аттанды. Ерте ислам тарихшылары оның жол бойында қызметшісімен бір түйеге кезектесіп мінгенін ерекше атап өтеді. Бұл көрініс ислам басшысының қарапайымдылығы мен билікті сән-салтанаттың емес, жауапкершіліктің аманаты деп түсінгенін аңғартады.

Омардың Ахднамасы:[1] құқықтық мәдениеттің тарихи үлгісі

Қала бейбіт түрде тапсырылғаннан кейін Хазірет Омар (р.а.) Құддыс тұрғындарына тарихи әдебиеттерде «Омардың Ахднамасы» (al-ʿUhda al-ʿUmariyya) деген атпен белгілі қауіпсіздік кепілдігін берді.

Ахднамада:

  • тұрғындардың өмірі мен ар-намысының қорғалатыны;
  • мал-мүлкіне қол сұғылмайтыны;
  • шіркеулердің қиратылмайтыны және тартып алынбайтыны;
  • кресттер мен қасиетті діни жәдігерлердің сақталатыны;
  • дін қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіні;
  • ешкімнің өз дінінен күштеп шығарылмайтыны секілді құқықтық кепілдіктер бекітілді.

Бұл құжат қазіргі халықаралық құқықтағы діни сенім бостандығы, ар-ождан еркіндігі және азаматтық қауіпсіздік қағидаларымен үндесетін тарихи құжаттардың бірі ретінде қарастырылады.

Қиямет (Қамама) шіркеуі алдындағы тарихи ұстаным

Ислам тарихи деректерінде патриарх Софроний Хазірет Омарды (р.а.) Қиямет (Қамама) шіркеуіне шақырғаны баяндалады. Намаз уақыты кірген кезде патриарх оған шіркеудің ішінде намаз оқуына рұқсат береді.

Алайда Хазірет Омар (р.а.) шіркеуден сыртқа шығып намаз оқиды. Ерте мұсылман тарихшылары оның мұны кейінгі ұрпақ осы оқиғаны негіз етіп, шіркеуді мешітке айналдырмауы үшін жасағанын жеткізеді.

Бұл оқиға сахих хадистерде кездеспегенімен, ислам тарихнамасында діни төзімділіктің және қасиетті орындарға құрметпен қараудың символдық көрінісі ретінде кеңінен баяндалады.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетімен сабақтастығы

Хазірет Омардың (р.а.) бұл ұстанымы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өсиеттерімен толық үйлеседі.

Пайғамбарымыз: «Кімде-кім келісімдегі (зимми) адамға зұлымдық жасаса, оның ақысын кемітсе, шамасынан тыс міндет жүктесе немесе ризалығынсыз бір нәрсесін тартып алса, Қиямет күні мен оның қарсыласы боламын» (Әбу Дәуіт) – деп, мұсылман мемлекетінің қорғауындағы өзге дін өкілдерінің құқықтарын бұзуды ауыр күнә ретінде бағалаған.

Тағы бір хадисте: «Расында, Алла әрбір істе көркемдікті (ихсанды) міндеттеді» (Сахих Мүслім) делінеді. Бұл қағида қоғамдық қатынастардың барлық саласында әділет пен адамгершілікті сақтаудың исламдық негізін құрайды.

Исламдағы әділет ұғымы

Құран Кәрімде: «Алла сендерге аманатты өз иесіне тапсыруды және адамдар арасында билік еткенде әділ үкім шығаруды бұйырады» («Ниса» сүресі, 58-аят)сондай-ақ:

«Бір қауымға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке итермелемесін. Әділ болыңдар! Бұл – тақуалыққа ең жақын» («Мәида» сүресі, 8-аят) деп әмір етіледі.

Осы аяттар Хазірет Омардың (р.а.) мемлекеттік басқаруындағы басты қағидаларға айналды. Ол әділетті тек мұсылмандарға ғана емес, мемлекет құрамындағы барлық азаматтарға бірдей қолданды.

Қорытынды

Хазірет Омардың (р.а.) Құддысты бейбіт түрде қабылдап алуы Ислам өркениетінің құқықтық мәдениеті мен моральдық құндылықтарының нақты көрінісі болып табылады. Оның Ахднамасы діни сенім бостандығын, азаматтардың қауіпсіздігін және қасиетті орындардың қорғалуын қамтамасыз еткен маңызды құқықтық құжат ретінде тарихта қалды.

Бұл тарихи тәжірибе исламдық басқару жүйесінің күш көрсетуге емес, әділетке, жауапкершілікке және адам қадір-қасиетін қорғауға негізделгенін дәлелдейді. Сондықтан Хазірет Омардың (р.а.) Құддыстағы қызметі қазіргі дінаралық үнқатысу, қоғамдық келісім және бейбіт қатар өмір сүру мәселелерін зерттеуде маңызды тарихи-теориялық үлгі болып қала береді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Әл-Балазури. (1916). Елдердің жаулап алынуы (Футуһ әл-Бұлдан) (ағылш. ауд. П. К. Хитти). Колумбия университеті баспасы.

Ибн Кәсир. (2003). Әл-Бидая уән-Нихая («Бастау және аяқталу») (7–8 томдар). Дар әл-Кутуб әл-Илмия баспасы.

Әт-Табари. (1992). әт-Табари тарихы. XII том: Қадисия шайқасы және Сирия мен Палестинаның жаулап алынуы (ағылш. ауд. Й. Фридман). Нью-Йорк мемлекеттік университеті баспасы.

Әбу Дәуіт. Сүнән Әбу Дәуіт. «Хараж және басқару (имарат)» кітабы.

Имам Мүслім ибн әл-Хажжаж. Сахих Мүслім. «Аңшылық және бауыздау» кітабы.

[1] Омардың Ахднамасы (әл-‘Уһда әл-‘Умария) – Хазірет Омардың (р.а.) 638 жылы Құддыс қаласын бейбіт түрде қабылдап алғаннан кейін қала тұрғындарына берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи-құқықтық құжат. Бұл құжатта христиан халқының өмірі, мал-мүлкі, шіркеулері, діни рәсімдері және ар-ождан бостандығы мемлекеттік қорғауға алынғаны жарияланған.

Таңбалар: исламқұддусОмархалифа
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Исламда пікір айту әдебі бар ма?

03.08.2026
Тақуалықтың түп мәні – адамгершілік
Сұрақ-жауап

Исламда адамның қадір-қасиеті қалай бағаланады?

12.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мешіттің есепшісі

    Мешіттің есепшісі

    27
  • Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

    22
  • ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

    18
  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

    17
  • Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі

    15

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық архивке – 20 жыл
Жаңалықтар

Ұлттық архивке – 20 жыл

05.08.2026
Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр
Жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

05.08.2026
Тарихқа тағылым болған әділет
Ғибратты әңгімелер

Тарихқа тағылым болған әділет

05.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00