Жексенбі, 11 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

15.09.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
30
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Йемендегі ауқымды әскери қимылдардың қайта басталуы көршілес мемлекеттер мен Қызыл теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігіне төнетін қатердің күшеюімен қатар жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Йемендік хуситтер дүйсенбі күні Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Хамис-Мушайт қаласында орналасқан Король Халид атындағы әскери әуе базасына жаппай соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл мәлімдемені «Ансар Алла» қозғалысының бақылауындағы SABA агенттігі таратты.

Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари шабуылға ондаған баллистикалық зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараты қатысқанын айтты. Нысанаға авиациялық ангарлар, радиолокациялық жүйелер, ұшу-қону жолақтары және оқ-дәрі қоймалары алынған.

Хуситтер әуе базасына тікелей соққы жасалып, айтарлықтай залал келтірілгенін мәлімдеді. Сауд Арабиясы әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.

Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды

Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды

11.10.2026
Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

10.10.2026

Қозғалыс бұл операцияны соңғы бес күнде Сауд Арабиясы әскери-әуе күштерінің Йемен аумағына жасаған 300-ден астам әуе соққысына жауап деп атады.

Хуситтердің мәлімдеуінше, бұл шабуылдарға Хамис-Мушайт пен Таиф қалаларындағы әскери әуе базаларынан ұшып шыққан F-15 және «Тайфун» жойғыш ұшақтары қатысқан.

— Кез келген жаңа басқыншылыққа бұдан да ауқымды әрі қарқынды операциялармен жауап беріледі, — делінген хуситтердің мәлімдемесінде.

Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс қызметі Хамис-Мушайт аймағында қауіп төнгені туралы ескерту жариялады. Алайда кейін қауіптің сейілгенін хабарлады. Тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын орындау, көшелерде жиналмау және болып жатқан оқиғаларды түсірмеу тапсырылды.

Сауд Арабиясы билігінің мәліметінше, өткен аптада елдің оңтүстігіне жасалған зымырандық және ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуылынан 73 бейбіт тұрғын зардап шеккен. Шабуылдар өртке және энергетикалық нысандар жұмысының уақытша үзілуіне де себеп болған.

Шиеленістің күшеюі Йеменнің батысындағы әскери қимылдардың жандануымен тұспа-тұс келіп отыр. Сауд Арабиясы қолдайтын үкіметтік күштер Таиз провинциясындағы бірқатар позицияны қайтарып алғанын және әуе күштерінің қолдауымен ілгерілеуін жалғастырып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар хуситтер стратегиялық маңызы зор Баб әл-Мандеб бұғазы маңындағы қатысуын кеңейтіп жатыр. AP агенттігінің хабарлауынша, хуситтер бұғаздан шамамен 160 шақырым солтүстікте орналасқан Үлкен Ханиш және Кіші Ханиш аралдарын бақылауына алған. Бұған дейін хуситтер Қызыл теңізге кіреберістегі Перим аралын басып алған.

Баб әл-Мандеб бұғазы Қызыл теңізді Аден шығанағымен байланыстырады және әлемдік сауда мен энергия тасымалының негізгі бағыттарының бірі саналады.

Халықаралық көші-қон ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, Йемендегі әскери қимылдардың шиеленісуіне байланысты 85 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен. Елдің тағы 2 мыңнан астам тұрғыны Джибутиге қашқан.

Хуситтер 2014 жылдан бері Йемен астанасы Сана мен елдің солтүстігінің едәуір бөлігін бақылауда ұстап отыр. Оларға қарсы күштерді Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы қолдайды.

https://kaz.inform.kz/news/husitter-saud-arabiyasindagi-aue-bazasina-shabuil-zhasaganin-malmded-e78f471b

Таңбалар: Сауд Арабиясыхуситтер
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды
Жаңалықтар

Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды

11.10.2026
БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды
Жаңалықтар

БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

08.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды

Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    516
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    508
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    411
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    366
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    274

Соңғы жарияланымдар

Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды
Жаңалықтар

Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды

11.10.2026
Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

10.10.2026
Маңғыстаудың киелі нысандарына қамқорлық керек
Жаңалықтар

Маңғыстаудың киелі нысандарына қамқорлық керек

10.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00