Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

16.09.2026
- Қоғам
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Біз қазір әлеуметтік желі мен ондағы ақпараттардың шектен тыс көбейген заманында өмір сүріп жатырмыз. Технологияның қарқынды дамып кеткендігінен қажетті ақпаратты бірден интернеттен табуға, телефоннан кітаптарға қысқаша түсінік алуға, не болмаса аудиокітаптар тыңдауға мүмкіндіктер алып отырмыз. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін телефонға телміріп, смартфон күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып, белгілі бір дәрежеде тәуелді болып та қалғандаймыз. Осындай дамыған заманда «Кітап оқу әлі де қажет пе?» деген сұрақтың туындауы орынды.

Бір қарағанда, цифрлық технологиялар дәстүрлі кітаптың орнын басып келе жатқандай көрінеді. Алайда технология қанша дамыса да, кітаптың адам өміріндегі маңызы жойылмақ емес. Керісінше, ақпараттық детокс жасау үшін, терең ойланып, өзін-өзі дамыту жолында кітаптың берері көп.

Біз бір күнде әртүрлі ақпарат көздерімен сусындаймыз. Әлеуметтік желідегі қысқа бейнелер, жаңалықтар, жарнамалар адамның назарын тез ауыстырып отырады. Ал кітап оқу адамнан уақыт пен зейінді талап етеді.

Оқырман шығарманың мазмұнын түсініп, кейіпкерлердің әрекетін саралап, автордың ойын қабылдайды. Бір кітапты бірнеше сағат немесе бірнеше күн бойы оқу арқылы адам белгілі бір мәселені жан-жақты қарастыруға үйренеді.

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

07.09.2026

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026

Сондықтан кітап оқу – тек ақпарат алу емес, ойлау мәдениетін қалыптастыру. Кітаппен тұрақты түрде жұмыс істейтін адамның сөздік қоры молайып, ойын жүйелі жеткізу қабілеті артады. Кітап бойға сіңіп, рухани құндылықтар, өзіндік ой-пікір мен ішкі тірек қалыптастыруға зор үлесін тигізеді.

Мектеп кезінен жазушылардың еңбектерімен танысып, көркем әдебиетке деген ұғымымыз қалыптасты. Әдеби кітаптар адамға ерекше әсер етері белгілі. Басқа адамның сезімдерін түсінуге, өз бойында жанашырлық, түсіністік, сабырлылық қасиеттерін дамытуға және кітапта бейнеленген кейіпкерлерге өзіндік көзқарас қалыптастыруда кітаптың ықпалы зор. Қазақ әдебиетінің классикалық туындылары ұлттық дүниетанымымызды, салт-дәстүрімізді, тіліміз бен мәдениетімізді тереңірек тануға, түсінуге, кейінгі ұрпаққа дәріптеуге үлесін берер бірден-бір қазына.

Кітап – ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын рухани көпір. Бүгінгі оқырман жүздеген жыл бұрын өмір сүрген адамның ойын кітап арқылы түсіне алады. Бұл – кітаптың уақыттан тыс құндылығын көрсететін маңызды ерекшелік.

Жоғарыда айтқандай, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – адам өз назарын ұзақ уақыт бойы бір нәрсеге шоғырландырудан қиналады. Ұялы телефонға деген тәуелділік, ондағы үздіксіз келетін хабарламалар, қысқа контенттер назарымызды бөле беретіні рас. Кітап оқу осы әдетке қарсы тұруға көмектеседі. Бір кітапты бір күнде бітіру деген түсінік жоқ. Ең бастысы бойда тұрақтылық қалыптастыру.

Осы орайда «Атом әдеттер» кітабынан пайдалы кеңес ұсынғым келеді. Кітап оқу әдетін өміріңізге енгізу үшін белгілі бір уақыт пен мекен арнап қойыңыз.  Мысалы: «мен жұмыстағы түскі үзіліс уақытының соңғы 20 минутында өз үстелімде отырып кітап оқимын», «мен жұмыстан кейін кешкі ас ішіп болған бойда ас үйдегі үстелде 15 минут уақытымды кітапқа арнаймын». Бірнеше уақыт осы әдетті үзбейтін болсаңыз миыңыз да, өзіңіз де кітап оқуға тұрақтылық қалыптастырып, кейін кез келген жерде кітапты сағаттап оқи беретіндей кезге жетесіз.

Кітап оқуды тек бос уақытты өткізудің бір түрі деп қабылдауға болмайды. Бұл – адамның өзіне салған инвестициясы. Әрбір оқылған кітап адамның біліміне, дүниетанымына және тілдік қорына белгілі бір үлес қосады.

Сондықтан кітап оқуды күнделікті өмірдің шағын, бірақ тұрақты әдетіне айналдырған жөн. Күніне небәрі 15-20 минут оқу уақыт өте келе үлкен нәтижеге жеткізеді.

Сондықтан «Ақпараттық дәуірде кітап оқу керек пе?» деген сұраққа жауап анық: иә, оқу керек.Себебі технология бізге ақпаратты жылдам табуға көмектессе, кітап сол ақпаратты терең түсінуге үйретеді. Ал ақпаратты білу мен оны түсіну – екі бөлек нәрсе.

Ойлы оқырман болуыңызға тілектеспіз!

Аружан АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ,

«Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» бөлім меңгерушісі,

Ақтөбе облысы

Таңбалар: басты тақырыпинтернеткітап оқу
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасы – отанның тірегі
Видео

Отбасы – отанның тірегі

13.09.2026
11 қыркүйек оқиғасына – 25 жыл
Жаңалықтар

11 қыркүйек оқиғасына – 25 жыл

11.09.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Махаббатқа толы жүрек

    31
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

    18
  • Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

    18
  • Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

    15
  • Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

    13

Соңғы жарияланымдар

Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?
Қоғам

Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

16.09.2026
Құран жаттау орталықтарының жұмысы талқыланды
Жаңалықтар

Құран жаттау орталықтарының жұмысы талқыланды

16.09.2026
Халықтар арасындағы бауырластық артады
Жаңалықтар

Халықтар арасындағы бауырластық артады

16.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00