Жексенбі, 9 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алтын Орда дәуіріндегі мешіт

09.08.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Түркістан облысындағы ортағасырлық Отырар қаласынан Алтын Орда дәуіріне, XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырға тиесілі мешіттің орны табылды. Жаңа нысан бұған дейін Отырарда табылған XV, XVI және XVII ғасырлар мешіттерінің барлығынан ерте, яғни бүгінге дейін анықталған ең көне мешіт болып отыр. Бұған қоса археологтер Отырардың қазба тарихында бұрын кездеспеген тас төселген көше тапты.

– Біздің мақсатымыз – ислам дінінің қазақ жеріне енуі мен таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде анықтау. Былтыр қаланың рабад бөлігінен михрабы бар үйлерді таптық, биыл қаланың нақ ортасынан мешіттің орнына жеттік. Тас көшені де, тепкішегі бар көшені де табатынымызды күтпедік, өзіміз таңғалдық. Отырар XIII ғасырда жойылып кетпеген, кейін де бұл жерде үлкен құрылыстар салынған. Алтын Орда дәуірі – қала мәдениетінің гүлденген кезеңдерінің бірі, – дейді археологиялық экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры Мұхтар Қожа.

Өткен жылы экспедиция Отырардың рабад бөлігінен екі бөлмесінде де михрабы бар тұрғын үй кешенін тапқан болатын. Екі михрабтың да бағыты Меккеге, құбылаға қаратылған, бұл үй салынған кезден-ақ ескерілген. Ғалымдар бұған дейін Орталық Азия аумағында тұрғын үй ішінен михраб табылғаны тіркелмегенін айтады. Мерзімін нақтылау  мақсатында тандыр ішінен алынған ағаш күлі Түркиядағы зертханаға жіберіліп, радиокөміртекті талдау нәтижесінде кешеннің VIII ғасырдың ортасына тиесілі екені анықталды.

Биылғы далалық маусым Отырардың шахристан бөлігінде биыл 1 маусымда бас­талып, шілденің аяғына дейін жалғасты. Археологтердің айтуынша, ауданы 100 шаршы метр (10×10 метр) қазба орнында репер нүктесінен есептегенде 3,5 метр тереңдікке дейін қазба жүргізіліп, бес құрылыс кезеңіне жататын қабаттар анықталған. Жоғарғы қабаттардан тұрғын үй мен шаруашылық бөлмелері, құмыра күйдіретін пеш орындары, қыш төселген көшелер шықса, төртінші қабаттан дахма үлгісіндегі ұжымдық жерлеу орны ашылды. Мұндай жерлеу түрінің аналогтері Самар­қан­дағы Шайбанилер әулетінің жерлеу орындарынан белгілі. Ал ең төменгі, бесінші қабаттан Алтын Орда кезеңіне тиесілі мешіттің қабырғалары мен соған алып келетін тас көше табылды.

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Елдік мұрат енші алатынына сенемін

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Елдік мұрат енші алатынына сенемін

09.08.2026
«Бауырын өзінен артық көргендер»

«Бауырын өзінен артық көргендер»

09.08.2026

«Ғимараттың мешіт екенін көрсететін бірнеше белгі бар. Бірінші белгісі – ашылған қабырғалардың бағыты михраб жасалатын бағытпен, құбылаға қаратып салынған, мұны азимут өлшемі растайды. Екінші белгісі – ғимараттың ішінен және айналасынан мұсылмандық жерлеу орындары көп анықталды. Алтын Орда дәуірінде мешіт­тердің ішіне және сыртына адамдар жерлейтін болған. Алтын Орда дәуірінің қалаларында мешіт маңына адам жерлегені басқа зерттеулерде де тір­келген. Үшіншіден, мешіттің маңыздылығын көрсететін нәрсе – ғимараттың есігіне дейін таудан арнайы әкелінген үлкен тастармен көше төселген. Әйтпесе, барлық жерде үлкен таудың тасынан көше жасай бермейді», дейді жоба жетекшісі, профессор Мұхтар Қожа.

Табылған сүйектерден антро­по­­логиялық және генети­калық зерттеулерге сынама алынып, зерттеу аяқталған соң, олар жақын маңдағы зиратқа қайта жерленеді. Сондай-ақ Мұхтар Қожа қазірге дейін нысанның бір бөлігі ғана ашылғанын атап өтті. Ғалымның болжауынша, ашылған тұс мешіттің алдындағы аула, ал михрабы бар негізгі қабыр­ға әлі жер астында жатыр. Көшеге төселген тастар Түркістанның арғы жағындағы Қаратаудан жеткізілген. Тас көшенің жалғасында, қаланың биік бөлігіне көтерілетін тұста күйдірілген кірпіштен қаланған тепкішек-саты ашылды. Мұндай құрылыс та Отырарда алғаш рет табылып отыр. Профессор Мұхтар Қожаның бағалауынша, тепкішек кейінгі кезеңге – XV–XVI ғасырларға тиесілі. Яғни Алтын Орда дәуірінде тастан төселген бұл көше бірнеше ғасыр бойы қолданыста болып, кейін биіктеу мақсатында кірпіштен тепкішек (баспалдақ) жасалған.

Ғалымдар қазба барысында араб жазуы бар мөр-жүзік, терезеге орнатылатын сырлы панджара, күмбездің ұшына қойылатын қубба, сырлы сиясауыттың бөлігі, есік топсалары, сүйектен жасалған құралдар және теңгелер табылғанын айтады. Жазуы бар мөр-жүзік Отырардың қазба тарихында алғаш рет кездесіп отыр. Мөрдегі жазуды тереңірек зерделеумен бірнеше маман айналысып жатыр екен. Сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің күміс және мыс теңгелері, Әмір Темір заманының теңгелері, ортасында тесігі бар қытай теңгелері табылған. Бұл жәдігерлер Отырардың Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталықтарының бірі болғанын айғақтайды.

Қазіргі уақытта нысанның төбесін жауып, консервация­лау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қосымша қаражат бөлінсе, осы қазбаны жалғастыру мүм­кіндігі қарастырылмақ. Түркіс­тандағы Халықаралық туризм және меймандостық универ­ситетінің «Қазақстанға ислам дінінің енуін және тарауын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» атты ғылыми жобасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асады. Ғылыми жобаға отан­дық ғалымдармен қатар Ұлыбри­­танияның Кембридж универ­ситеті Король колледжінің оқы­ту­шысы, британиялық археолог, PhD Кэти Кэмпбелл қаты­сып жатыр. Зерттеу жұмысының нәтижелері 28–29 қыркүйекте Ұлыбританияның Кембридж қаласында өтетін халықаралық конференцияда таныстырылмақ.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ

Түркістан облысы

Таңбалар: Алтын Ордамешіт
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешітте телефон ұрлаған адам ұсталды
Жаңалықтар

Мешітте телефон ұрлаған адам ұсталды

13.06.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы
Сұрақ-жауап

Мешітте жамағатпен намаз оқу парыз ба?

13.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Серікқали БАЙМЕНШЕ: Елдік мұрат енші алатынына сенемін

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Елдік мұрат енші алатынына сенемін

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мешіттің есепшісі

    Мешіттің есепшісі

    55
  • Абай – кемел мұсылман

    37
  • Тарихқа тағылым болған әділет

    23
  • Намаздың діндегі орны

    20
  • Исламда пікір айту әдебі бар ма?

    20

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық кітапхананың мамандары сирек құжаттарды қалпына келтіру бойынша тәжірибе жинақтады
Жаңалықтар

Ұлттық кітапхананың мамандары сирек құжаттарды қалпына келтіру бойынша тәжірибе жинақтады

09.08.2026
Тарихи-мәдени бағыттағы волонтерлікті дамытуға арналған «ЭтноЛагерь» жобасы жүзеге асты
Жаңалықтар

Тарихи-мәдени бағыттағы волонтерлікті дамытуға арналған «ЭтноЛагерь» жобасы жүзеге асты

09.08.2026
Сұрақ-жауап

Ислам даналыққа жетелей ме?

09.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00