Бейсенбі, 2 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақпараттық сауатсыздық пен діни радикализм

Түзеу мекемесінен шыққан азаматтардың қайта радикалдану және қайта қылмысқа бейімделу себептері

02.07.2026
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі кезеңде ақпараттық қауіпсіздік пен діни қауіпсіздік мәселелері ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Интернеттің қарқынды дамуы, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің кеңінен таралуы радикалды идеологиялардың таралуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Әсіресе бұрын сотталған және түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтар арасында ақпараттық сауаттылықтың төмендігі мен діни білімнің жеткіліксіздігі оларды экстремистік және террористік ұйымдардың ықпалына бейім етеді.

Түзеу мекемелерінің негізгі мақсаты – сотталған азаматты қоғамға қайта бейімдеу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қылмыстық мінез-құлықтан арылту. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл міндет барлық жағдайда толық деңгейде орындала бермейді. Кейбір жағдайларда түзеу мекемесінің өзінде радикалды идеялардың таралуына қолайлы орта қалыптасып, бұл кейінгі кезеңде азаматтың қайта қылмыс жасауына немесе экстремистік көзқарастарды қабылдауына әсер етуі мүмкін.

Діни сауатсыздық – радикалданудың негізгі алғышартының бірі

Түзеу мекемесіне түскен азаматтардың едәуір бөлігінің діни сауаттылығы төмен немесе мүлде жоқ. Мұндай азаматтар дін туралы білімді ресми діни институттардан емес, айналасындағы адамдардан немесе әлеуметтік желілерден алады. Осы жағдайды радикалды көзқарастағы адамдар тиімді пайдаланып, өздерінің идеологиялық ұстанымдарын таратуға әрекет етеді.

Мекеме ішінде радикалды идеологияны ұстанатын кейбір сотталғандар діни мәселелерге қызығушылық танытқан азаматтармен қарым-қатынас орнатып, оларды біртіндеп өз көзқарастарына бейімдейді. Нәтижесінде бұрын экстремизм немесе терроризмге ешқандай қатысы болмаған азаматтардың өзі уақыт өте келе радикалды идеяларды қолдай бастайды.

Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Ислам даму банкінің президентімен кездесті

02.07.2026
ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің жарты жылдық есебі қорытындыланды

ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің жарты жылдық есебі қорытындыланды

02.07.2026

Бұл жерде мәселе тек діни білімнің жоқтығында емес. Ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілетінің төмендігі, құқықтық мәдениеттің әлсіздігі және психологиялық осалдық та радикалдану процесін жеделдететін факторлардың бірі.

Оңалту жұмыстарының тиімділігі және кездесетін қиындықтар

Түзеу мекемелерінде сотталғандармен психологтар, теологтар, әлеуметтік қызметкерлер және медиаторлар жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыстардың мақсаты – азаматтың құқықтық және рухани көзқарасын өзгертіп, қоғамға бейімдеу.

Алайда тәжірибеде оңалту жұмыстарының нәтижесі көбіне орташа деңгейде қалып отыр.

Бірнеше рет сотталған азаматтар мекеменің ішкі тәртібін, қылмыстық-атқару заңнамасының кейбір нормаларын зерттеп, оларды өз түсінігі бойынша қабылдайды. Кейбір жағдайларда мемлекеттік органдардың әрекеттеріне күмәнмен қарап, заң талаптарын әділетсіз деп есептей бастайды. Осындай көзқарас мемлекеттік институттарға деген сенімсіздіктің қалыптасуына алып келеді.

Нәтижесінде мекеменің ішкі тәртібін бұзу, қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбау, басқа сотталғандарды қарсылыққа шақыру сияқты жағымсыз құбылыстар кездеседі. Осындай ортада радикалды топтардың идеологиясы «әділетті балама» ретінде қабылданып, олардың ықпалы күшейе түседі.

Бұл бүгінгі күні түзеу мекемелеріндегі өзекті проблемалардың бірі болып саналады.

Қандай сотталғандар радикалды идеологияның ықпалына көбірек ұшырайды?

Практикалық тәжірибеге сүйене отырып, әсіресе қатаң режимдегі және бірнеше рет сотталған азаматтарды шартты түрде екі негізгі санатқа бөлуге болады.

Бірінші санат – экстремизмге қатысы жоқ баптар бойынша сотталғандар.

Бұл топқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің экстремизм мен терроризмге қатысы жоқ баптары бойынша сотталған азаматтар жатады. Мысалы, алаяқтық, ұрлық, есірткі айналымы, бопсалау, адам өлтіру және басқа да ауыр қылмыстар үшін сотталғандар.

Бастапқыда олардың радикалды діни ұйымдарға ешқандай қатысы болмағанымен, бірнеше рет қылмыс жасаған адамдардың құқық бұзушылыққа бейімділігі жоғары болады. Осындай азаматтар мекемеде радикалды көзқарастағы адамдардың ықпалына түсіп, уақыт өте келе Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеологиясына қызығушылық танытуы мүмкін.

Яғни радикалдану олардың алғашқы қылмысының себебі емес, кейінгі кезеңде қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде көрінеді.

Екінші санат – экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандар.

Екінші топқа экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыстар бойынша сотталған азаматтар жатады. Бұлардың арасында терроризмді насихаттау, экстремистік қызметті қаржыландыру, діни алауыздық қоздыру, террористік әрекеттерге қатысу немесе қарулы дайындықтан өту сияқты баптар бойынша жауапқа тартылған адамдар бар.

Олардың бір бөлігі бостандықта жүрген кезінде радикалды насихатпен айналысқан болса, дәл сондай әрекеттерді түзету мекемесінің ішінде де жалғастыру қаупі жоғары.

Сондықтан мұндай азаматтармен жүргізілетін дерадикализация жұмыстары ерекше тәсілді қажет етеді.

Өкінішке қарай, көптеген мекемелерде діни оңалту жұмыстары көбіне жеке кездесулермен ғана шектеледі. Теологтардың негізгі міндеті – жеке әңгімелесу арқылы сотталған адамның діни көзқарасын анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Мұндай тәсіл белгілі бір нәтижелер бергенімен, барлық сотталғанға бірдей тұрақты ықпал ете алмайды.

Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті имамдары мен теологтарын жүйелі түрде тарта отырып, тұрақты діни-ағартушылық сабақтарды ұйымдастырудың маңызы зор. Дәстүрлі ислам құндылықтарын ғылыми негізде түсіндіру радикалды идеологияның алдын алуда тиімді құралдардың бірі бола алады.

Қызметкерлердің діни сауаттылығын арттырудың маңызы

Тағы бір маңызды мәселе – түзеу мекемесі қызметкерлерінің діни сауаттылығы.

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің негізгі міндеті қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету болғанымен, қазіргі жағдайда радикалдану белгілерін ерте анықтау да ерекше маңызға ие.

Егер қызметкерлер дәстүрлі ислам мен деструктивті діни ағымдардың айырмашылығын жеткілікті деңгейде ажырата алмаса, теологиялық оңалтуды қажет ететін сотталғандарды дер кезінде анықтау қиындайды.

Бұл өз кезегінде радикалды идеялардың жасырын таралуына мүмкіндік береді.

Сондықтан ҚАЖ қызметкерлеріне арналған тұрақты діни сауаттылық курстары, экстремизм психологиясы бойынша семинарлар және тәжірибелік оқыту бағдарламаларын енгізу қажет.

Бостандыққа шыққаннан кейінгі қауіп: Жазасын өтеп шыққан азамат қоғамға қайта оралған соң, оның қолында интернет кеңістігіне еркін қол жеткізу мүмкіндігі болады.

Егер оның ақпараттық сауаттылығы жеткіліксіз болса және діни білімді ресми дереккөздерден емес, әлеуметтік желілерден іздей бастаса, радикалдану процесі қайта жалғасуы ықтимал.

Практикада бұрын сотталған азаматтардың Telegram желісіндегі жабық топтарға қосылып, халықаралық террористік ұйымдардың идеологтарынан діни мәселелер бойынша дәрістер алған жағдайлары кездеседі.

Ондай материалдардың ішінде дәстүрлі исламға қайшы келетін, қоғамды «имандылар» және «кәпірлер» деп бөлуге негізделген радикалды әдебиеттер таратылады. Мұндай түсініктер Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын, ұлттық заңнамасын және дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетін және ханафи мәзһабы мен матуриди сенім мектебіне негізделген дәстүрлі ислам құндылықтарын терістеу әрекеттері байқалады.

Осындай көзқарастардың қалыптасуы адамның экстремистік немесе террористік әрекеттерге бейімделу қаупін арттырады.

Демек, бұл мәселе тек діни сауатсыздықтың ғана емес, ақпараттық сауатсыздықтың және мемлекеттік институттарға сенімнің әлсіреуінің салдары болып табылады.

Шешу жолдары: Аталған проблемаларды шешу үшін кешенді әрі жүйелі тәсіл қажет.

Біріншіден, түзету мекемелерінде діни оңалту жұмыстарын тұрақты форматқа көшіру қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті теологтары мен имамдарының қатысуымен жоспарлы діни-ағартушылық сабақтар өткізіліп, дәстүрлі исламның құндылықтары ғылыми негізде түсіндірілгені жөн.

Екіншіден, ақпараттық сауаттылықты дамыту бағдарламаларын енгізу маңызды. Сотталған азаматтарға интернеттегі жалған діни ақпаратты анықтау, ақпарат көздерін тексеру және радикалды үгіт-насихаттың белгілерін ажырату дағдылары үйретілуі тиіс.

Үшіншіден, ҚАЖ қызметкерлерінің діни және ақпараттық құзыреттілігін арттыру қажет. Радикалданудың алғашқы белгілерін анықтау бойынша арнайы оқу курстары ұйымдастырылуы тиімді.

Төртіншіден, босатылған азаматтарды постпенитенциарлық сүйемелдеу жүйесін күшейту қажет. Теологтардың, психологтардың, пробация қызметінің, жұмыспен қамту орталықтарының және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы азаматтың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.

Бесіншіден, құзыретті мемлекеттік органдардың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, азаматтық қоғам институттарының, білім беру ұйымдарының және құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын күшейту қажет. Радикализмнің алдын алу бір ғана мемлекеттік органның міндеті емес, барлық мүдделі институттардың үйлесімді жұмысын талап ететін кешенді мәселе.

Қорытынды: Түзеу мекемелеріндегі радикалдану мәселесі – тек қылмыстық атқару жүйесінің ғана емес, жалпы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықтың маңызды бағыты. Діни және ақпараттық сауатсыздық, құқықтық мәдениеттің төмендігі, мемлекеттік институттарға сенімнің әлсіреуі және интернет кеңістігіндегі бақылаусыз радикалды ақпараттардың таралуы бұл процесті күшейтетін негізгі факторлар саналады.

Сондықтан радикализмнің алдын алу жазасын өтеу кезеңінен басталып, азамат бостандыққа шыққаннан кейін де жалғасуға тиіс. Бұл бағытта Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, құқық қорғау органдары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, теологтар, психологтар, пробация қызметі және азаматтық қоғам өкілдері өзара үйлесімді әрі жүйелі жұмыс жүргізген жағдайда ғана оң нәтиже күтуге болады.

Кешенді, ғылыми негізделген және үздіксіз жүргізілетін дерадикализация мен ақпараттық-ағартушылық жұмыстар бұрын сотталған азаматтардың қайта радикалдануының алдын алып қана қоймай, олардың қоғамға бейімделуіне, заңға құрметпен қарауына және елдің қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосады.

Дінмұхаммед ТОЙҒЫЛЫ,

«AQNIET» АНОО» ҚҚ

 Ақмола облысы бойынша

жетекшісі, теолог-консультант

Таңбалар: басты тақырыпдіни радикализмДіни сауатсыздық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген
Сұхбат

Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

22.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Бір уыс топырақ

    Бір уыс топырақ

    64
  • Әмір Темірдің Арыстанбаб пен Ясауиге кесенелер салуы және басқа да жайлар туралы

    49
  • Нәпіл намаздардың пайдасы бар ма?

    31
  • Толеранттылық – гендерлік теңдік үлгісі

    25
  • Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ: Озат ұлт боламыз десек, кітап оқуға құштарлықты арттыруымыз керек

    22

Соңғы жарияланымдар

Ислам даму банкінің президентімен кездесті
Жаңалықтар

Ислам даму банкінің президентімен кездесті

02.07.2026
Ақпараттық сауатсыздық пен діни радикализм
Ағымдар ақиқаты

Ақпараттық сауатсыздық пен діни радикализм

02.07.2026
ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің жарты жылдық есебі қорытындыланды
Жаңалықтар

ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің жарты жылдық есебі қорытындыланды

02.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00