Дүйсенбі, 22 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қайролла КӨШҚАЛИ ТЕГІ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

22.06.2026
- Сұхбат, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мешіттердің жанында діни әдебиеттерді сату, әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы материалдарды жариялау мен шетелден діни кітаптарды әкелу мәселелері қоғамда талқыланады. Заңды қызмет пен заң талаптарын бұзудың ара-жігі қайда? Қазақстанда бүгінде қандай талаптар қолданылады және оларды сақтамаған жағдайда қандай жауапкершілік көзделген? Осы және өзге де сауалдарға Kazislam.kz порталына берген сұхбатында Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқали тегі жауап берді.

– Қазақстан заңнамасында діни әдебиетті таратуға қандай нақты талаптар қойылған?

– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 9-бабына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде (мешіт, шіркеу және т.б.), діни білім беру ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда ғана таратуға жол беріледі.

Сондай-ақ діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі.

Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид

Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид

22.06.2026
Уважение к Священному Корану в Исламе

Құранның шапағаты (болған оқиға)

22.06.2026

Осы талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

– Мешіт жанында орнатылған пластикалық бутиктер заңды ма?

– Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды тарату заңнамада нақты реттелген. Бұған дейін айтылғандай, мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органның келісімі қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты үй-жайлар туралы талаптар белгіленген. Арнайы тұрақты үй-жай деп ғибадат үйлерінен тыс орналасқан, капиталды тұрақты құрылыс немесе оның жеке бөлігі болып табылатын, сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық және сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етілген нысан түсініледі.

Осы талаптарға сәйкес діни әдебиеттерді тарату тек тұрақты, белгіленген инфрақұрылымы бар ғимараттарда жүзеге асырылуға тиіс. Ал уақытша сипаттағы немесе жеңіл конструкциядан (пластикалық бутиктерден) тұратын нысандар бұл критерийлерге сәйкес келмейді.

Сондықтан мұндай пластикалық бутиктерді мешіт жанында діни әдебиет тарату мақсатында пайдалану қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді.

– Әлеуметтік желіде немесе мессенджерлерде діни мазмұндағы материалды бөлісу заң бойынша «тарату» болып есептеле ме?

– Заңнамада діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату тек қағаз кітаптарды сату немесе үлестірумен шектелмейді. Құқық қолдану тәжірибесінде интернет желісі, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және электрондық сауда алаңдары арқылы діни материалдарды көпшілікке ұсыну да тарату нысаны ретінде қарастырылады.

Мысалы, азаматтардың Instagram, YouTube және өзге де әлеуметтік желілер арқылы діни сипаттағы материалдарды жариялағаны, сондай-ақ OLX сияқты маркетплейстарда діни әдебиеттерді сатқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайлар бар.

– Қарапайым азаматтар деструктивті діни әдебиетті қалай ажырата алады?

– Бір қарағанда діни әдебиеттің мазмұнын бағалау әрдайым оңай емес. Сондықтан азаматтарға ең алдымен материалдың қайдан шыққанына, авторына, баспасына және ресми сараптамадан өткен-өтпегеніне назар аудару ұсынылады.

Егер материалда қоғамға қарсы идеялар насихатталса, өзге дін өкілдеріне төзбеушілік білдірілсе, заң талаптарын елемеуге шақырулар кездессе немесе күмәнді діни ұйымдардың қызметі дәріптелсе, оған сақтықпен қараған жөн.

Дегенмен қандай да бір әдебиетті өз бетінше «деструктивті» деп тану дұрыс емес. Мұндай қорытындыны тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде жасауға болады. Сондықтан күмән туындаған жағдайда мамандардың түсіндірмесіне жүгінген жөн.

– Қандай жағдайда діни әдебиетті тарату әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ұласады?

– Заңнамаға сәйкес діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату белгіленген тәртіппен жүзеге асырылмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айтып өттік.

Алайда құқық бұзушылықтың сипаты материалдың мазмұнына байланысты өзгеруі мүмкін. Егер таратылатын материалдарда діни алауыздықты қоздыру, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін діни белгілері бойынша кемсіту, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау белгілері болса, онда мәселе әкімшілік құқық бұзушылық шеңберінен шығып, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Қылмыстық кодекстің 174-бабы және өзге де тиісті баптары қолданылуы ықтимал.

Сондықтан діни әдебиетті тарату кезінде тек оны тарату тәртібін ғана емес, сондай-ақ материалдардың мазмұнының заңнамаға сәйкестігін де ескеру маңызды.

– Шет елден діни әдебиетті кіргізу заңнамамен реттелген бе?

– Иә, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес, діни мазмұндағы әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарды ел аумағына әкелу тәртібі заңмен нақты реттелген.

Аталған нормаға сәйкес әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, ел аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.

Осы талаптардың сақталмауы жағдайында азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған фактілер де кездеседі, әсіресе жеке тұлғалар тарапынан діни әдебиетті белгіленген мөлшерден артық алып кіру жағдайларында.

Сонымен қатар қазіргі уақытта заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда. Атап айтқанда, діни әдебиетті таратуға рұқсаты бар арнайы тұрақты үй-жайлар арқылы қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлерге шетелден діни әдебиеттерді әкелу мүмкіндігін беру ұсынылуда. Әрине, бұл діни сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылатын болады.

Одан бөлек, ұсынылып отырған өзгерістер шеңберінде рұқсат алған жеке кәсіпкерлерге өз қызметін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әлеуметтік желілерде ресми парақшаларын жүргізуге мүмкіндік беру мәселесі де қарастырылып жатыр.

Қосымша айта кету қажет, жыл басынан бері Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасында дін саласында 11 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 4 жағдайда ескерту беріліп, 7 әкімшілік айыппұл салынды.

Аталған көрсеткіштер дін саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселесінің өзектілігін көрсетеді және азаматтар мен ұйымдардың діни қызметті жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауының маңыздылығын айқындайды.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен – Е.ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпдіни әдебиеттерДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Келте шешім кесапаты
Видео

Келте шешім кесапаты

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид

Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    112
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    82
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    60
  • Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

    44
  • Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

    42

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды топтардың жастар психологиясына әсері

22.06.2026
Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид
Ислам

Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид

22.06.2026
Қайролла КӨШҚАЛИ ТЕГІ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген
Сұхбат

Қайролла КӨШҚАЛИ ТЕГІ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

22.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00