Жұма, 9 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Соңғы алты дирхам…

24.05.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
37
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күні Фатима анамыз жұбайы Әли ибн Әбу Тәліпке мұңлы жанармен қарап:

– Уа, Әли… Хасан мен Хұсейннің қарны аш. Үйде ауызға салар ештеңе қалмады. Азық әкелсеңіз жақсы болар еді… – деді.

Ол кезде Хазірет Әлидің қалтасында бар болғаны алты дирхам ғана еді. Сол азғантай ақшаны алып, үйден шығып кетті.

Көшеде келе жатып, бір-бірімен дауласып тұрған екі адамды көреді. Екеуінің жүзі ашуға булығып тұр.

Радикалдардың жалған ұраны

Радикалдардың жалған ұраны

09.10.2026
Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау

Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау

09.10.2026

Хазірет Әли олардың қасына жақындап:

– Уа, бауырлар! Неге жанжалдасып тұрсыңдар? Бұл дүние өткінші емес пе? Алланы еске алып, татулыққа ұмтылудың орнына, неге бір-бірлеріңе қас болып жатырсыңдар? – деді.

Сонда әлгі кісілердің бірі:

– Мына адамның маған алты дирхам қарызы бар. Соны бермей жүр, – деді.

Мұны естіген Әли еш кідірместен қалтасындағы соңғы алты дирхамын шығарып, әлгі адамға ұстата салды.

– Ал, енді реніштерің бітсін. Бір-бірлеріңе дұшпан болмай, тату болыңдар, – деді.

Осылайша, ол екі мұсылманның арасын жарастырды. Бірақ өзі үйіне құр қол қайтты.

Үйге кіргенде Фатима анамыз:

– Уа, Әли! Ештеңе алмадың ба? – деп сұрады. Сонда Хазірет Әли жүзіне жылы жымиып:

– Жоқ… Бірақ екі адамның арасын татуластырдым ғой, Фатима… – деді.

Бұл сөзді естіген Фатима анамыздың жүзінде нұр ойнап қоя берді. Жоқшылыққа емес, жұбайының кең жүрегіне сүйсінді.

Бірақ көп ұзамай кішкентай Хасан мен Хұсейннің:

– Ашпыз… – деп жылаған дауыстары естілді.

Бұл үн Хазірет Әлидің жүрегін тіліп өткендей болды. Ол тағы да сыртқа шықты.

Кенет алдынан жетегінде семіз түйесі бар бір адам кездесті.

– Уа, Әли! Мына түйені саған сатқым келеді. Өте арзан беремін, – деді ол.

– Бірақ менің ақшам жоқ, – деді Әли.

Әлгі адам:

– Ештеңе етпейді. Бағасы жүз елу дирхам. Кейін берерсің, – деді.

Хазірет Әли түйені алып, жолын жалғастырды.

Біршама жүргенде, алдынан тағы бір кісі шығып:

– Уа, Әли! Неткен сұлу түйе! Мұны маған үш жүз дирхамға сатшы! – деді.

Хазірет Әли таңырқап:

– Мен оны жүз елу дирхамға ғана алған едім ғой… – деді.

– Оқасы жоқ. Бұл түйе маған қатты ұнады, – деді әлгі адам.

Сөйтіп, түйе үш жүз дирхамға сатылды.

Хазірет Әли дереу азық-түлік алып, қуана үйіне қайтты. Балаларының қуанышын көріп, жүрегі жай тапты.

Кейін ол Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)-ның алдына барады.

Алла Елшісі оны көрген сәтте жымиып:

– Кел, уа, Әли! Маған мына түйенің хикаясын айтып берші, – деді.

Хазірет Әли болған жайды түгел баяндап шықты.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Уа, Әли! Сен екі адамның арасын жарастырдың. Сол үшін Алла саған Жәбірейіл арқылы түйені сатты, ал Исрафил арқылы сатып алды.

Кімде-кім адамдардың арасын түзеп, татулық орнатса, араздықты жойып, жүректерді жақындастырса – ол менен, уа, Әли! – деді.

Адамдардың арасын жарастыру – садақаның ең ұлысы. Өйткені татулық орнаған жерде береке болады, ал береке бар жерде Алланың мейірімі бірге жүреді.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: жарастырусадақаХз.Әли
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Қайырымдылық қасиетінің маңызы

26.06.2026
Зекеттің жалпы пайдалары
Сұрақ-жауап

Зекет пен садақаның айырмасы қандай?

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    407
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    362
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    267

Соңғы жарияланымдар

Радикалдардың жалған ұраны
Видео

Радикалдардың жалған ұраны

09.10.2026
Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау
Сұхбат

Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау

09.10.2026
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

09.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00