Жұма, 9 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

05.07.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
83
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл – намаздың адам өмірін қалай өзгертетінін баяндайтын ғибратты оқиға. Одан алынған сабақ, бәлкім, бір күні ақыретте құтқарушы амалымызға айналар.

Орта жастағы бір азаматтың өмірі сырт көзге қызығарлықтай еді. Табысты кәсібі, ибалы жары, жайлы үйі, қымбат көлігі – бәрі бар болатын. Сирек кездесетін кәсіппен айналысып, мол табыс табатын. Отбасымен саяхаттап, демалып, өмірдің қызығын көріп жүрген бақытты жан еді.

Алайда дүниенің дөңгелегі бір қалыпта тұрмайды екен. Уақыт өте келе кәсібіне бәсекелестер көбейді. Жары сырқаттанып қалды. Балалары ержеткен сайын уайымы да артты. Бұрын оңай шешілетін мәселелер барған сайын күрделене түсті. Бірінен соң бірі келген қиындықтар еңсесін басып, өмірі тарылып бара жатты.

Табысы азайды. Ұлының орынсыз шығындарының кесірінен үйін сатуға мәжбүр болды. Қарыз берушілер есігін қаға бастады. Көп ұзамай өмірлік серігі де дүниеден өтті.

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026

Қараңғылық үстіне қараңғылық үйірілді…

Бұрын молшылықта жүргенде есіне түспеген бір нәрсе дәл осы ауыр күндері ойына оралды. Ол – дұға еді.

Қолынан келер басқа ештеңе қалмаған соң, бар үмітін Аллаға артып, жалбарына бастады. Бірақ өз ойынша дұғалары қабыл болмай жатқандай көрінді. Іштей қынжылып, налыды.

Бір күні өзі тұратын үйдің төменгі қабатындағы діндар көршісіне кіріп, мұңын шақты.

– Алла менің дұғаларымды қабыл етпей жатыр… – деді мұңайып.

Көршісі оған байыппен, бірақ нық үнмен:

– Алла сенің дұғаңды неге қабыл етсін? Алланың ең үлкен әмірі – намазды орындамай жүрсің ғой, – деді.

Бұл сөз оның жүрегіне найзадай қадалды.

«Рас екен… Мен неге намаз оқымай жүрмін?» деп ойлады.

Сол сәтте ол бір ақиқатты түсінді: Алла оның дұғасына жауап бермеді емес, қайта дәл осы көршісінің сөзі арқылы дұрыс жолды көрсетіп тұр екен. Бұл жол – намаз жолы еді.

Енді оның алдында екі таңдау тұрды: не осы жолмен жүріп құтылады, не қараңғылықта адасып қала береді.

Ол намазды таңдады. Сол күннен бастап бес уақыт намазын қаза қылмай оқи бастады.

Уақыт өте келе өміріндегі түйіндер біртіндеп шешіле бастады. Қиындықтар азайып, береке қайта оралды. Бір кезде сатуға мәжбүр болған үйін де Алланың қалауымен қайта сатып алды.

Әрине, өмірден өткен жары қайта оралмады…

Бірақ оның жүрегіне жоғалған тыныштық қайта келді.

Бұрынғыдай дүние қызығы болмаса да, жүрегінде бұрын-соңды болмаған бір байлық пайда болды.

Ол – Аллаға жақын болудың тыныштығы еді.

Бүгінде жасы сексенге таяған қария өз мешітінің тұрақты жамағаты. Намазға асыққан қадамы, жүзіндегі нұр мен сабыр – өмірінің ең үлкен жеңісін баяндайтындай.

Оны күн сайын мешітке бара жатқанда көрген сайын: «Бұл кісінің дүниесін құтқарған намаз, ақыретін де құтқарғай!» деп тілейсің.

Шынында да, адамның дүниесі де, ақыреті де құлшылық арқылы түзеледі.

Пенде сәждеге маңдайын қойған сайын жүрегінің жүгі жеңілдейді. Себептердің Иесі болған Алла оған күтпеген жерден шығатын жол ашып, ойламаған жерден ризық береді.

Адамның шамасы жетпеген жерде Алланың жәрдемі басталады.

Өйткені барлық себеп үнсіз қалған сәтте Себептердің Себепкері сөйлейді.

Ал Ол бір іске:

«Бол!» – десе, оның болмауы мүмкін бе?

Егер өмірімізде қисықтық көбейсе, алдымен құлшылығымызды түзеуіміз керек.

Нәпсі түзелмей, өмір түзелмейді.

Сондықтан қиындық келгенін күтпей тұрып, намазымызды түзетейік. Қараңғы түн басымызға түспей тұрып, Аллаға жақындайық.

Өйткені бұл дүниеден ешкім мәңгі қалмайды.

Бір күні бәріміз де бұл өмірмен қоштасамыз.

Ендеше, дүниелік сапарымызды абыроймен аяқтап, мәңгілік таңға иманмен аттанайық.

Ал сол жолдағы ең сенімді серігіміз – намаз.

Бәлкім, бүгін оқылған бір намаз ертеңгі құтқарушымыз болар.

Ғибрат алған жан үшін осының өзі жеткілікті.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратнамазоқиғапарыз
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Намаздағы ықылас

28.09.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Сұрақ-жауап

Намаздың дұрыс болу шарттары қандай?

23.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құрманғазы күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды

Құрманғазы күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    406
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    359
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    264

Соңғы жарияланымдар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі
Жаңалықтар

Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі

08.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00