Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

25.05.2026
- Сұхбат, Таңдаулы
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұсылман қауымның ұлық мерекесі – қасиетті Құрбан айттың басталуына да санаулы күн қалды. Бұл мейрамның құндылығы – тек құрбан шалып, қан шығарудан ғана тұрмайтыны белгілі. Құлшылықтан бөлек, оның қоғамды ұйыстырушы қасиеті де мол. Ағайынның татулығы, жамағаттың бірлігі, жұрттың жұмылуы – бәрі де мерекенің аясынан көрініс табады. Бұл туралы Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» аға маманы Бақберген Сәрсенбайұлынан кеңірек сұрап білген едік.

– Құрбан айт көпшілікке діни мереке ретінде белгілі. Бірақ оның қоғамдағы әлеуметтік және адами құндылықтарды ілгерілетудегі маңызы туралы не айтар едіңіз?

– Құрбан айтты тек құлшылық пен діни рәсімдер шеңберінде ғана қарастыру жеткіліксіз. Оның қоғамдағы орны әлдеқайда кең. Бұл мереке адамдарды бір-біріне жақындататын, арадағы реніштерді жоятын, мейірімділік пен жанашырлықты күшейтетін ерекше күндердің бірі.

Қазіргі қоғамда адамдар қарбалас тіршілікпен жүріп, кейде туыстық қатынастар әлсіреп, көршілік байланыстар саябырсып бара жатқанын байқаймыз. Ал Құрбан айт осындай рухани арақашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Адамдар бір-бірінің үйіне барып, хал сұрасып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін айтады. Осы қарапайым әрекеттердің өзі адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты күшейтеді.

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

25.05.2026
Соңғы алты дирхам…

Соңғы алты дирхам…

24.05.2026

Мұндай мерекелер қоғамның эмоционалдық денсаулығына да әсер етеді. Себебі адам өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінеді, жалғыз емес екенін түсінеді.

– Құрбан айттағы құрбандық шалу рәсімінің әлеуметтік мәні қандай?

– Көпшілік құрбандық шалу дегенде тек мал сою рәсімін көз алдына елестетеді. Алайда оның астарында үлкен әлеуметтік мән жатыр. Құрбандыққа шалынған малдың еті туыстарға, көршілерге, жағдайы төмен отбасыларға таратылады. Бұл – қоғамдағы өзара қамқорлық мәдениетін қалыптастыратын амалдардың бірі. Өйткені көмек көрсету әрдайым үлкен қаржылай мүмкіндікке байланысты емес. Кейде адамдардың бір-бірін еске алуының өзі үлкен қолдау болады.

Құрбан айт адамдарға «мен ғана емес, менің айналамдағылар да маңызды» деген ойды сіңіреді. Қазіргі қоғамда жеке мүдде алдыңғы қатарға шығып бара жатқан кезде, мұндай құндылықтардың маңызы ерекше.

– Кейбіреулер діни мерекелердің рухани пайдасына үстіртін қарайды. Бұған көзқарасыңыз қандай?

– Қазіргі заманда мұндай мерекелердің қажеттілігі керісінше арта түсті деп ойлаймын. Себебі технология дамыған сайын адамдардың байланысы көбіне виртуалды кеңістікке ауысып барады. Әлеуметтік желілерде мыңдаған адаммен байланыста болғанымызбен, шынайы араласу азайып кетуі мүмкін.

Құрбан айт – адамдарды бетпе-бет кездесуге, үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қатынасты жаңғыртуға шақыратын мереке. Бұрын қазақ халқында «араласпаса, ағайын да жат болады» деген сөз болған. Мұның астарында үлкен мағына жатыр. Адамдар бір дастарқан басына жиналғанда, арада әңгіме өрбиді, көңіл жақындайды. Осындай сәттер қоғамдағы сенімді күшейтеді.

– Осы орайда қоғамдағы бірлікке әсері де үлкен ғой?

– Бірлік деген ұғым тек ұранмен немесе ресми жиындармен қалыптаспайды. Ол күнделікті қарым-қатынастан басталады. Құрбан айт кезінде адамдар әлеуметтік жағдайына қарамай бір-бірін құттықтайды. Бай мен кедей, жас пен қарт, басшы мен қарапайым азамат бір мерекенің аясында ортақ қуанышқа ортақтасады.

Мұндай ортақ құндылықтар қоғамдағы жіктелуді азайтып, адамдардың ортақ мүддесін сезіндіреді. Ортақ қуаныш – бірліктің ең маңызды факторларының бірі.

Кейде қоғамдағы алауыздық пен түсініспеушіліктердің себебі адамдардың бір-бірінен алыстауында жататыны рас. Ал Құрбан айт қайта қауышуға себеп болады.

– Бұл мереке адамдар арасындағы сүйіспеншілікті қалай арттырады?

– Бұл туралы жоғарыда айтып өттім. Сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, кішігірім әрекеттерден басталады. Бір адамның халін сұрау, құттықтау, сыйлық апару немесе көмек көрсету – бәрі де мейірімнің көрінісі.

Құрбан айтта адамдар ренжіскен жандармен татуласуға тырысады. Кейде жылдар бойы араласпай кеткен туыстар осы мереке кезінде қайта табысып жатады. Бұл жерде психологиялық фактор да бар. Мерекелік атмосфера адамның көңіл күйін жұмсартады, жақсы ниетке жетелейді.Қоғамда адамдар бір-біріне жылулық танытқан сайын сенім қалыптасады. Ал сенім бар жерде сүйіспеншілік те, тұрақтылық та болады.

– Осы орайда жастар тәрбиесі туралы да әңгіме қозғай кетсек?

– Балалар мен жастар үлкендердің әрекетіне қарап өседі. Егер бала Құрбан айт кезінде ата-анасының көршіге көмектесіп жатқанын, туыстардың басын қосқанын, үлкендерді құрметтеп жүргенін көрсе, мұның бәрі оның санасында құндылық ретінде қалыптасады.

Қазір жастар арасында даралану, «бәрін өзім үшін» деген түсінік жиі айтылып жүр. Ал Құрбан айт керісінше – ортақтықты, қамқорлықты, жауапкершілікті үйретеді. Бұл тек діни емес, қоғамдық тәрбие құралы деп те айтуға болады.

– Әңгімеміздің соңында оқырманға қандай ой айтасыз?

– Құрбан айт – тек діни рәсімдер орындалатын күн ғана емес. Бұл – адамдардың бір-біріне уақыт бөліп, көңіл бөліп, ізгілік жасауына мүмкіндік беретін мереке. Кейде қоғамға үлкен реформалардан бұрын қарапайым мейірім жетіспей жатады. Бір-біріне жанашырлық танытатын, қуанышты бөлісе алатын қоғам ғана берік болады.

Сондықтан Құрбан айттың басты мәнін тек құрбан шалудан емес, адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен татулықты арттырудан іздеген дұрыс. Өйткені берекелі қоғам – бір-біріне жақын адамдардан құралады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: діни мерекеқұрбан айтқұрбан шалу
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Можно ли принимать сухур на Ораза айт?
Сұрақ-жауап

Екі айт мерекесінің ерекшелігі қандай?

24.05.2026
Что вы знаете о Курбан айте?
Ислам

Құрбан айт – мейірім мен бауырмалдық мерекесі

24.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    591
  • Өте маңызды өсиет

    277
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    155

Соңғы жарияланымдар

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды
Жаңалықтар

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

25.05.2026
Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы
Сұхбат

Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

25.05.2026
Соңғы алты дирхам…
Ғибратты әңгімелер

Соңғы алты дирхам…

24.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00