Бейсенбі, 16 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа Конституция – жаңа құқықтық кезең

06.07.2026
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
65
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

2026 жылғы 1 шілде – еліміздің конституциялық даму тарихындағы жаңа белес. Осы күннен бастап елімізде республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Бұл – жекелеген баптардың өзгеруі ғана емес, мемлекеттік билік жүйесінің жаңаша ұйымдастырылуы, құқықтық құндылықтардың қайта айқындалуы және ұлттық мемлекеттіліктің жаңа кезеңге аяқ басуы.

Тарихшы ретінде бұл оқиғаны еліміздің конституциялық эволюциясының заңды жалғасы деп бағалаймын. Тәуелсіз Қазақ елі осы уақытқа дейін екі Конституциямен өмір сүрді. 1993 жылғы Конституция егемендіктің алғашқы құқықтық негізін қалыптастырса, 1995 жылғы Конституция мемлекеттік институттардың орнығуына, экономикалық реформалардың жүргізілуіне және халықаралық құқық субъектісі ретінде елдің нығаюына қызмет етті.

Ал 2026 жылғы Конституция – мүлде жаңа тарихи жағдайда қабылданған Ата заң. Ол цифрлық дәуірдің, геосаяси өзгерістердің, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықтың жаңа талаптарына жауап береді. Жаңа Конституцияның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі –тарихи сабақтастықтың конституциялық деңгейде бекітілуі.

Преамбулада алғаш рет: «Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып»; «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап»; «Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып» деген   тұжырымдардың енгізілуі жай ғана мәтіндік өзгеріс емес. Бұл – мемлекеттің тарихи негіздерін құқықтық тұрғыдан мойындау. Бұл – қазақ мемлекеттілігінің тарихы Қазақ хандығынан ғана емес, одан да терең дәуірлерден бастау алатынын, ал қазіргі еліміз сол тарихи эволюцияның заңды жалғасы екенін конституциялық деңгейде бекіту.

«Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

15.07.2026
Қатар елшілігіне барып көңіл айтты

Қатар елшілігіне барып көңіл айтты

15.07.2026

Қазақ халқы үшін құқық ұғымы ешқашан сырттан келген құбылыс болған емес. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» – өз дәуіріндегі қоғамдық қатынастарды реттеген құқықтық жүйелер болды. Кейін Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекетті құқық үстемдігіне негіздеуді көздеді. Тәуелсіздікпен бірге бұл идеялар жаңа мазмұнға ие болды. Сондықтан бүгінгі Конституцияны тек жаңа заң ретінде емес, қазақтың құқықтық ойының тарихи эволюциялық жалғасы ретінде қарастыруға болады.

Заңгер ретінде назар аударатын тағы бір маңызды мәселе – жаңа Конституцияда құқықтық мемлекет қағидаттарының күшеюі. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер нақтыланған; заңдардың тікелей қолданылуы мен құқық үстемдігі күшейтілген; мемлекеттік билік институттарының жаңа моделі қалыптастырылған; азаматтардың сот арқылы қорғалуына қатысты нормалар жетілдірілген; білім, ғылым, инновация, тарихи-мәдени мұра және адам капиталы мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары ретінде конституциялық деңгейде бекітілген.

Әсіресе, «Заң мен Тәртіп» қағидатының Конституция мәтінінде көрініс табуы құқықтық мемлекет құрудың жаңа сапалық деңгейін білдіреді. Өйткені құқықтық мемлекет – заңдардың көптігімен емес, олардың бәріне бірдей қолданылуымен өлшенеді. Конституция қабылдау – маңызды оқиға. Алайда одан да маңыздысы – оның қағидаттарын өмірде жүзеге асыру.

Егер Конституцияда бекітілген құқықтар іс жүзінде қорғалса, мемлекеттік органдар заң алдында жауапты болса, ал азаматтар құқықтық мәдениетті жоғары деңгейде ұстанса, онда Ата заң өзінің басты миссиясын орындайды. Тарих бізге бір маңызды сабақ береді: берік мемлекет қарумен емес, әділетпен өмір сүреді. Ал құқық бізге тағы бір ақиқатты көрсетеді: әділеттің бастауы – Конституция. Сондықтан жаңа Конституцияның күшіне енуі – тек заңнамалық өзгеріс емес. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің, жаңа құқықтық мәдениеттің және ұлттық жауапкершіліктің басталуы.

АТУ университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құқықтық мәдениетті нығайтуға, тарихи сананы қалыптастыруға және конституциялық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан зерделеуге бағытталған бастамаларды қолдайды. Себебі тарихын құрметтеген ұлт қана құқық үстемдігіне негізделген қуатты мемлекет құра алады.

Самал САҒНАЙҚЫЗЫ,

АТУ ӘГП кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.

Құралай ЖҰМАБАЕВА,

АТУ ӘГП кафедрасының профессор ассистенті, з.ғ.к.

Таңбалар: Ата заңжаңа Конституция
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әділ қоғамның құқықтық негізі
Видео

Әділ қоғамның құқықтық негізі

08.07.2026
Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді
Жаңалықтар

Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді

01.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елордамызға “Астана” атауы қайтарылады

Президент: Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Білімсіз “діндар” – дін бұзар…

    28
  • Ең ұзын студент диплом алды

    20
  • Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

    17
  • Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі

    17
  • 1,7 миллионнан астам адам концерт тамашалады

    16

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

«Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

15.07.2026
Кешіккен тәубе
Видео

Кешіккен тәубе

15.07.2026
Қатар елшілігіне барып көңіл айтты
Жаңалықтар

Қатар елшілігіне барып көңіл айтты

15.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00