Жұма, 24 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

24.04.2026
- Сұхбат
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай отырысында өңірлердің геральдикалық таңбаларындағы мазмұн мен пішін жүйесіздігін жойып, бір ізге келтіру туралы нақты тапсырма берді. «Аймақтардың және қалалардың таңбасын бірыңғай үлгіге келтіру керек деп санаймын. Қазір олардың көбінің мазмұны мен пішіні әркелкі. Соған байланысты қоғамда жиі сын да айтылады. Бұл салаға мұқият талдау жасап, ортақ ұстанымдар әзірлеу қажет», деді ол. Біз геральдист ғалым Айдын Рысбекұлын әңгімеге тартып, Президлент тапсырмасының орындалу барысын сұрап білген едік.

– Айдын мырза, біз көтеріп отырған геральдика саласындағы жүйесіздікке «рәміз» бен «нышан» сөздерінің заңдағы қолданысы себеп болып отырған сыңайлы. Осы ұғымдардың ара-жігін айырып берсеңіз.

– Ғылыми тұрғыдан «нышан» мен «рәміз» ұғымдары сырттай ұқсас болғанымен, олардың категориялық мәртебесі мен қызметі түбегейлі бөлек. «Нышан» – көбіне әдеби-эстетикалық кеңістікте қолданылатын, еркін интерпретацияға ашық, контекстке тәуелді белгі. Ол жүйеге бағынбайды әрі мағынасы тұрақсыз. Ал «рәміз» – геральдика және семиотика аясында қатаң анықталған, құрылымдық орны бар, әлеуметтік тұрғыдан бекітілген, құқықтық мәнге ие таңба. Демек, «нышан» – бейнелі категория, ал «рәміз» – ғылыми категория.

Геральдикада белгі кездейсоқ таңдалмайды: ол тарихи дәстүрмен, құқықтық нормамен, мәдени кодпен бекітіледі. Мұндай жүйеде әр элементтің орны, қызметі мен мағынасы нақты регламенттелген. Сондықтан «нышан» сияқты көмескі, еркін ұғымды қолдану геральдиканың басты қағидасы – нақтылық пен жүйелілікті бұзады. Керісінше, «геральдикалық рәміз» термині таңбаның институционалдық мәртебесін, семантикалық жүктемесін және жүйедегі орнын дәл көрсетеді.

Орамалдың қызметіне зияны тиген кезі жоқ

Орамалдың қызметіне зияны тиген кезі жоқ

12.04.2026
Қазақстандағы діни және мәдени қауымдастықтарды біріктіру стратегиясы

Қазақстандағы діни және мәдени қауымдастықтарды біріктіру стратегиясы

04.04.2026

Президент тапсырмасында нақты әрі бұлжымас талап қойылды: аймақтық таңбалардың мазмұны мен пішіні жүйесіздік пен еркін түсіндіруге жол бермей, қатаң түрде біріздендіріліп, бірыңғай әдістеме негізінде бекітілуге тиіс. Бұл – формалды ұсыныс емес, мемлекеттік саясаттың тұтастығын қамтамасыз ететін міндетті норма.

– Осы орайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, «нышан» сөзінің бәрі «рәмізге» ауыстырылғанын білеміз. Дегенмен оның ішінде «өңірлік нышан» деген ұғым да жүр. Бұл нені білдіреді?

– Оны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл комитеті жанындағы Республикалық терминология комиссиясы бекіткен. Бұл шешімнің геральдикада ғылыми негіз ретінде ұсынылуы қисынсыз. Алдымен терминология комиссиясының емес, сараптамалық кеңестің талқылауынан өтуі керек еді. Соның салдарынан мәселені талқылау барысында «рәміз» сөзіне ғана біржақты назар аударылып, оның әртүрлі құқықтық мәртебелерге ие болуы ескерілмеген.

Атап айтқанда, рәміз ұғымы мемлекеттік, өңірлік, ведомстволық және әскери деңгейлерде қолданылады және олардың әрқайсысы дербес құқықтық анықтамаға ие. Осы тұрғыдан алғанда, мәселе рәміз сөзінің өзінде емес, оның құқықтық мәртебесін айқындауда жатыр. Егер талдау атауға емес, «мемлекеттік рәміз», «өңірлік рәміз», «ведомстволық рәміз» және «әскери рәміз» деген құқықтық санаттарға басымдық бере отырып жүргізілсе, олардың ара-жігі нақты ажыратылады әрі ешқайсысы бір-бірінің мәртебесін төмендетпейді. Бұл жағдайда ұғымдық та, құқықтық та қайшылық туындамайды. Осыған байланысты, өңірлердің ресми белгілерін атауда «өңірлік рәміз» терминін қолдануға қойылған шектеулерді құқықтық, ғылыми тұрғыдан негізсіз әрі аталған мәселені Үкімет деңгейінде қайта қарауды орынды деп санаймын.

Осы орайда Республикалық терминология комиссиясы консультативтік-кеңесші құрылым ретінде құқықтық нормалар белгілеу құзыретін иеленбейді. Ол заң қабылдамайды, міндетті ережелер бекітпейді, оның кез келген шешімі ұсынымдық деңгейден аспайды.

– Енді Президент тапсырмасы қалай орындалуы керек?

– Ол тапсырма өздігінен құқықтық нормаға немесе ғылыми ақиқатқа айналмайды. Оның мазмұны мемлекеттік аппарат арқылы нақты шешімдерге трансформацияланады. Бұл үдерістеатқарушы билік өкілдері – орындаушы буын ғана, олар ғылыми тұжырым жасамайды, тілдік немесе теориялық жүйе қалыптастырмайды. Осы шектеуді елемеу – әкімшілік аппаратты ғылыми және құқықтық шекарадан тыс әрекет етуге итермелеу.

Ғылыми қауымдастықтың рөлі – мазмұнды негіздеу, ұғымдарды дәлдеу, терминологиялық жүйені ішкі логикаға сай қалыптастыру. Ғылым дәлелсіз шешімге жол бермейді, ол әрбір терминнің семантикалық өрісін, қолданылу аясын, жүйелік байланысын талдайды. Сондықтан ғылыми қорытындысыз қабылданған кез келген термин – уақытша, тұрақсыз әрі қайшылыққа бейім құрылым. Мұндай жағдайда «шешім қабылданды» деген факт оның дұрыстығын дәлелдемейді, керісінше, ол жүйесіздіктің белгісіне айналады.

Алайда ғылыми қорытындының өзі жеткіліксіз. Ол құқықтық рәсімнен өтпейінше, міндетті нормаға айналмайды. Конституция айқындаған тәртіппен құқықтық нормалар тек заң шығару процедурасы арқылы бекітіледі. Бұл талап сақталмаған жерде кез келген «бекіту» – құқықтық мәні жоқ декларация ғана. Демек, ғылыми негізсіз әкімшілік шешім қабылдау қаншалықты қате болса, құқықтық рәсімсіз ғылыми ұсынысты міндеттеу де соншалықты негізсіз.

Осы тұрғыдан қарағанда, шенеуніктерді басым қою – ғылыми негізді ығыстыру, ал ғалымдарды абсолюттендіру – құқықтық рәсімді елемеу деген сөз. Екі жағдайда да нәтиже бірдей: жүйесіздік, тұрақсыздық, қайшылық. Президент тапсырмасын орындау тетігі осы екі шектен де алшақ болуға тиіс. Ол ғылыми дәлдік пен құқықтық рәсімнің үйлесіміне сүйенгенде ғана нәтижелі болады.

Қалыптасқан тәжірибеде байқалып отырған негізгі мәселе – ұсынымдық сипаттағы шешімдерді міндетті норма ретінде көрсету. Бұл – институционалдық шекараны бұзу. Консультативтік органның ұсынымы ғылыми талқылаудың материалы болуға тиіс, ал ол құқықтық акт деңгейіне көтерілген жағдайда, тиісті заңдық рәсіммен бекітілуі қажет. Осы тәртіп сақталмаса, терминологиялық саясат ғылыми дәлдіктен ажырап, әкімшілік ерікке тәуелді күйге түседі.

Президент тапсырмасын орындау барысында «кімді тыңдау» емес, «қандай тәртіпті сақтау» шешуші мәнге ие. Ғылыми негізсіз қабылданған әкімшілік шешім де, құқықтық рәсімсіз ұсынылған ғылыми тұжырым да толыққанды нәтиже бермейді. Тек ғылыми сараптамаға сүйенген, құқықтық рәсіммен бекітілген және әкімшілік тұрғыдан сауатты іске асырылған шешім ғана мемлекеттік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

– Сіздің ұсынысыңыз қандай?

– «Өңірлік нышан» тіркесі ғылыми талапқа сай келмейді, өйткені ол ресми бекітілген таңбаны емес, жалпылама ишараны білдіреді. Ал «өңірлік рәміз» – нақты бір аумақтың тарихи-мәдени кодын, әлеуметтік мәртебесін және айырым белгісін білдіретін жүйелі ұғым. Бұл – терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындықтың талабы.

Терминологияны одан әрі жүйелеу үшін атаулар арасындағы иерархиялық сәйкестікті сақтау қажет. Қазақ тілінде «мемлекеттік рәміз» ұғымы өзінің нақты көрінісін «елтаңба» арқылы табады. Бұл – геральдикалық дәстүрге толық сәйкес келетін, орныққан ғылыми атау. Осы үлгіні сақтай отырып, өңірлік деңгейдегі гербті «төлтаңба» деп атау – тек лингвистикалық ұсыныс емес, ғылыми заңдылыққа негізделген шешім.

«Төлтаңба» ұғымы семантикалық тұрғыдан да, құрылымдық тұрғыдан да дәл: «таңба» – геральдикалық белгі, ал «төл» – сол кеңістікке тәндікті, меншіктілікті білдіреді. Осылайша бұл термин өңірлік гербтің мәнін толық ашады әрі оны «елтаңба» ұғымымен бір жүйеге келтіреді. Нәтижесінде «елтаңба – мемлекеттік деңгей», «төлтаңба – өңірлік деңгей» деген айқын геральдикалық иерархия қалыптасады.

Егер ғылыми айналымда «нышан» сияқты жалпылама атаулар сақтала берсе, онда ұғымдық шекаралар бұлыңғырланып, геральдикалық жүйе әлсірейді. Ал «рәміз» бен «төлтаңба» сияқты нақты терминдерді енгізу – тек атау ауыстыру емес, бұл ұлттық таңбатану жүйесін ғылыми деңгейге көтеру, оны халықаралық геральдикалық стандарттармен үйлестіру.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Айдын Рысбекұлыгеральдикаелтаңба
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинар

01.02.2026
Рәміздер – рух беретін күш
Видео

Рәміздер – рух беретін күш

04.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123086 бөлісті
    Бөлісу 49234 Твитерге 30772
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    455 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5251 бөлісті
    Бөлісу 2100 Твитерге 1313
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3073 бөлісті
    Бөлісу 1229 Твитерге 768

Соңғы жарияланымдар

Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды
Мемлекет және дін

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді
Мемлекет және дін

Қазақстандағы дінаралық достық: бейбітшілік пен бірліктің үлгісі

24.04.2026
Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды
Жаңалықтар

Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

24.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00