Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Азаттық айғағы, бостандық байрағы

04.06.2026
- Мемлекет және дін
0
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

62
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ел тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтап тұрған көк туымызды әрбір азамат қастерлі әрі басты мемлекеттік рәміздер қатарында екенін жақсы біледі. Бұл алдымен оның тереңде жатқан тарихымен байланысты. Ту – ел мен жер үшін күрескен жаугершілік заманнан бері елдің тәуелсіздігі мен бірлігін білдіретін басты нышан.

Елімізде мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты ережелер күшейтіліп келеді. Дизайны мен мағынасы әлемдегі көптеген мемлекеттің туынан өзгеше көк байрағымызды орынсыз ілуге, қорлауға қатаң тыйым салынады. Мемлекеттік тудың қашан, қай жерде желбірейтіні арнайы тәртіппен жүргізіліп, заңнамамен бекітілген.

Қазір Астананың басты көшелерінің бірі Мәңгілік ел даңғылы бойында туымызбен қатар өзге мемлекеттердің туы қатар ілініп тұрғанын жиі көреміз. Мәселен, осы күні көк байрағымызбен бірге Кипр елінің туы желбіреп тұр. Бір апта бұрын Ресейдің, оның алдында Түркия, Кенияның мемлекет басшылары келген еді.

«Өзге мемлекет басшылары ресми сапармен келген кезде қаланың басты көшелеріне сол елдердің мемлекеттік тула­рының ілінуі – халықаралық дипло­матиялық хаттаманың маңызды бөлігі. Бұл рәсім қонақ мемлекетке, оның еге­мендігі мен басшысына құрмет біл­діруді, қабылдаушы елдің мәртебелі қонақ­ты тең құқықты серіктес ретінде қа­был­дайтынын көрсетеді. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты, саяси, экономикалық байланыстарды нығайтуға деген ниетті білдіреді. Тулардың қатар ілінуі мемлекеттердің өзара сыйластығын бейнелейді. Жалпы, көптеген елде ресми сапарлар кезінде қонақ мемлекеттің туын мемлекеттік мекемелерде, әуежайларда, негізгі көшелерде орналастыру – қалыптасқан халықаралық тәжірибе. Кей жағдайда тулардың ілінуі екі ел арасындағы қарым-қатынастың ерекше деңгейін немесе белгілі бір саладағы серіктестікті атап көрсетуі мүмкін. Бұл халықаралық қауымдастыққа да белгілі бір дипломатиялық белгі береді», деді Геральдикалық зерттеулер орталығы дирек­торының міндетін атқарушы Әділхайыр Мырзаханов.

Халықаралық хаттама тудың жыртылмауын немесе дақ түспеуін талап етеді. Бірнеше шетел мемлекеттерінің тулары бір уақытта желбіреген кезде, тулардың өлшемі бірдей болуы керек. Ешбір ту басқасынан биік тұрмауы қажет. Шетел мемлекеттерінің туларын бір ту сабында немесе бірінің үстінде желбіретуге рұқсат етілмейді. Аза тұту кезінде ту сабының жартысына дейін түсіріледі. Ту жерге тимеуі керек. Әскери қызметкерлер құрмет көрсетуі керек. Ту залға әкелінген немесе шығарылған кезде қатысушылардың барлығы орындарынан тұрып, барлық қозғалыс пен әңгіме тоқтайды. Байраққа Мемлекеттік Әнұранға сәйкес құрмет көрсетіледі.

Как радикалы планировали теракт в «Пирамиде»

Қазақстан жастарының идеологиялық мәдениетін қалыптастырудағы дінтанудың философиялық аспектілері

20.10.2026
Рухани келісім – бірліктің берік негізі

Рухани келісім – татулық пен өзара құрметтің негізі

15.10.2026

«Әдетте қабылдаушы мемлекеттің туы құрметті орында тұрады, бірақ қонақ елдің туы да соған сай мәртебемен орналастырылады. Мәселен, тулардың тақ санын бір уақытта көтергенде немесе орналастырғанда еліміздің Мемлекеттік Туы ортасында, ал жұп санды, бірақ екеуден көп туларды көтергенде немесе орналастырғанда ортадан солға қарай орналастырылады. Ал ел аумағында қыз­метін жүзеге асыратын шетелдік ұйым­дар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекет­тердің тулары орналастырылған жағдайда еліміздің Мемлекеттік Туы міндетті түрде қоса орналастырылуы қажет», деді Ә.Мырзаханов.

Оның айтуынша, мемлекеттік рәміз­дерге қатысты қолданыстағы заңнамаларда Мемлекеттік Туды нақты сақтау мәселелері көзделмеген. Құқықтық құжаттарға сәйкес мемлекеттік рәміздер ұлттық стандартқа сәйкес болу қажет. Ал олар жыртылып, былғанып, бүлінген жағдайда, яғни көз­дел­ген техникалық талаптар бұзылған жағдайда уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жойылады немесе ауыстырылады.

«Мәселен, елордамыздағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде орналасқан еліміздегі ең үлкен Мемлекеттік Туды ауыс­тыру және оған қатысты өзге де жұмыстар сол алаң орналасқан аудан әкімдігінің құзы­ретіне жатады. Ауа райының ерекшелігіне, климаттық өзгерістерге, сондай-ақ өзге де әсер етуші сыртқы факторларға байланысты жылына 2-3 рет ауыстырылуы мүмкін. Көк туымыз үнемі таза ұсталады. Айналасындағы 111 метрлік тутұғыр мен оның механикалық көтеру жүйесі толықтай техни­калық тексеруден өтіп тұрады», деді спикер.

Мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралармен қатар қазір туды азаматтар тұрғын үйлерде, балкондарында ілуге рұқсат етілген. Жеке үйлерге ілінетін болса, ең төменгі биіктік кемінде үш метр болу қажет, түнгі уақытта жарықтандыру талап етілмейді. Сондай-ақ азаматтарға туды спорттық іс-шаралар­да пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ оны коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайды.

Гүлнар ЖОЛЖАН

Таңбалар: басты тақырыпелтаңбарәміздер күніту
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Көне жазба мұраларды сақтау бойынша тәжірибе алмасты

Көне жазба мұраларды сақтау бойынша тәжірибе алмасты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00