Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шариғаттағы уақып ұғымы мен қазақ даласындағы Аққұла дәстүрінің сабақтастығы

12.06.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
35
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрлері ұлттың рухани болмысын, адамгершілік құндылықтарын және қоғамдағы өзара жанашырлық қағидаларын айқын көрсетеді. Солардың бірі – бүгінде көпшілік біле бермейтін, бірақ терең тәрбиелік мәнге ие «Аққұла» дәстүрі.

Ертеде егіншілікпен айналысқан қазақтар өздеріне қажетті дәнді сеуіп болғаннан кейін арнайы бір жерге тағы да бөлек дән егетін болған. Бұл алқап «Аққұла» деп аталған. Оның мағынасы – «Құдай жолында»деген ұғымды білдіреді. Өнім жиналған кезде сол аққұладан түскен астық жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға, қайыршыларға және дін жолындағы адамдарға таратылған. Осы дәстүр арқылы халқымыз несібенің Алладан екенін мойындап, оның бір бөлігін қоғам игілігіне арнауды азаматтық әрі рухани міндет санаған.

«Аққұла» дәстүрінің негізінде шүкіршілік, береке тілеу, мейірім мен жомарттық сияқты асыл қасиеттер жатыр. Қазақ халқы «Аққұласын айырма» деп, әрбір адамның табысында мұқтаж жанның да үлесі бар екенін ескерткен. Бұл -бүгінгі тілмен айтқанда әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетінің көрінісі.

Бұл дәстүр ислам дінінің құндылықтарымен де толық үндеседі. Исламда садақа беру, уақып ету, мұқтаждарға көмектесу сауапты амалдардың бірі болып саналады. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға ерекше мән берілген. Әсіресе исламдағы уақып жүйесі қоғам игілігі үшін жасалатын үздіксіз қайырымдылықтың жарқын үлгісі болып табылады.Уақып – белгілі бір мүлікті, жерді немесе қаражатты халық игілігіне арнап, оның пайдасын ұзақ уақыт бойы қоғам қажетіне жұмсау. Ислам өркениетінде мешіттер, медреселер, құдықтар, көпірлер, жолдар және басқа да әлеуметтік нысандар уақып қаражаты арқылы салынып, халыққа қызмет еткен.

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026

«Аққұла» дәстүрі мен уақып жүйесінің түпкі мақсаты бір. Екеуі де адамның қолындағы нығметті тек өз қажетіне ғана емес, қоғам игілігіне де жұмсауға үндейді. Аққұладан алынған өнімнің мұқтаж жандарға таратылуы қалай сауапты іс саналса, уақып арқылы халыққа пайдалы игі жобаларды жүзеге асыру да сондай ізгі амал болып табылады. Сондықтан «Аққұла» дәстүрін халқымыздың исламдағы қайырымдылық пен уақып мәдениетін өмір салтымен сабақтастыра білгенінің бір көрінісі деп бағалауға болады.

Қазақ халқы ежелден «барлық ризық тек өзім үшін емес» деген түсінікті ұстанған. Сондықтан егін шыққанда да, мал көбейгенде де ең алдымен Құдайысы, көрші ақысы, жолаушы сыбағасы және кедей үлесі қарастырылған. Бұл халқымыздың кеңпейілдігін, адамгершілігін және қоғамдық жауапкершілігін көрсетеді.

Бүгінгі таңда ұмыт бола бастаған «Аққұла» дәстүрінің тағылымын қайта жаңғырту – қоғамдағы қайырымдылық пен өзара жанашырлықты нығайтудың маңызды жолдарының бірі. Сонымен қатар бұл дәстүрдің мәнін исламдағы уақып мәдениетімен сабақтастыра насихаттау қоғам игілігіне қызмет ететін ізгі бастамалардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Өйткені береке бөліскенде артады, ал қайырымдылық пен уақып -қоғамның рухани және әлеуметтік дамуының маңызды тірегі.

Азамат ӘБДІКЕРІМҰЛЫ,

«Уақып» Корпоративтік қайырымдылық

қорының директоры

Таңбалар: аққұла дәстүріқайырымдылықУақып
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Діни білім алушыларды қаржылай қолдау сауап па?

13.10.2026
Қарттар күніне орай қайырымдылық жасалды
Жаңалықтар

Қарттар күніне орай қайырымдылық жасалды

02.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    63

Соңғы жарияланымдар

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00