Халықаралық қарттар күніне орай ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық қоры» жалғызбасты қарт аналарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы аналарға және ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұяларға қолдау көрсетті.
Қайырымдылық шарасы аясында аналарға қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.
Үлкенге құрмет көрсету, мұқтаж жанға қолдау білдіру – ізгі қоғамның белгісі. Қор өкілдері ардақты аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына амандық пен береке тіледі.








