Жұма, 23 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінтанушы: Зайырлылық – сенімге еркіндік берген мемлекет формуласы

19.02.2026
- Сұхбат, Таңдаулы
0
143
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қоғамдық пікір алаңында «зайырлы қоғам» ұғымы жиі айтылғанымен, оның мәні әрдайым бірдей түсіндіріле бермейді. Кейде зайырлылықты дінсіздікпен шатастырып, оны рухани құндылықтарға қарсы құбылыс ретінде көрсетуге ұмтылатын көзқарастар байқалады. Осы орайда біз Қарағанды облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрлыхан Қалқаманұлын әңгімеге тартып, бірер сауалымызды қойған едік.

– Нұрлыхан Қалқаманұлы, ең алдымен «зайырлылық» сөзінің мән-мағынасын ашып, түсіндіріп берсеңіз.

– Құқықтық және саяси теория тұрғысынан зайырлылық – сенімге қарсы ұстаным емес, керісінше сенім еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік модель. Ата заңымыздың 1-бабында мемлекет өзін зайырлы деп жариялайды. Бұл норма кездейсоқ таңдалған формула емес. Қазақстан – көпконфессиялы және көпэтносты ел. Мұнда ислам, православие христиандығы, католицизм, протестанттық бағыттар, иудаизм және басқа да діни қауымдастықтар бейбіт қатар өмір сүріп келеді. Егер мемлекет бір конфессияны ресми немесе басым деп таныса, қоғамдық тепе-теңдікке нұқсан келуі мүмкін еді. Сондықтан зайырлылық – тұрақтылықтың құқықтық кепілі.

Қазақстан тәжірибесінде бұл қағида нақты институционалдық тетіктер арқылы іске асып отыр. Ел астанасында өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – конфессияаралық диалогтың символына айналған. Мемлекет діни ұйымдардың еркін қызметіне құқықтық жағдай жасайды, бірақ заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті бірінші орынға қояды. Яғни сенім – еркіндік саласы, ал мемлекет – құқықтық реттеуші.

Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026

– Дүниеде бізден бөлек, зайырлылықтың басқа да қандай үлгілері бар?

– Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, зайырлылықтың әртүрлі үлгісі бар. Мәселен, Франция өзінің «лаицизм» моделінде мемлекет пен дін арасындағы қатаң шекараны ұстанады. Мемлекеттік мекемелерде діни символиканы шектеу тәжірибесі бар. Бұл модельдің мақсаты – қоғамдық кеңістіктің бейтараптығын сақтау.

Ал Түркия ХХ ғасырдың басында зайырлы реформалар арқылы мемлекеттік басқаруды діни институттардан ажыратты. Соның нәтижесінде зайырлы құқық жүйесі қалыптасты.

Тағы бір мысал – АҚШ. Онда Конституция Конгрестің ешбір дінді ресми деп жарияламауын және діни сенімге еркіндік берілуін бекітеді. Америкалық модельде мемлекет пен дін бөлінгенімен, қоғамдағы діни өмір белсенді әрі ашық. Бұл зайырлылықтың дінге қарсы емес екенін тағы дәлелдейді: мемлекет бейтарап, бірақ азаматтардың сенімі қоғамдық мәдениетте өмір сүреді.

Осы мысалдар зайырлылықтың ортақ принципін көрсетеді – мемлекет белгілі бір сенімді үстем етпейді, барлық азаматқа тең қарайды. Алайда әр елдің тарихи және мәдени ерекшелігіне қарай модельдері әртүрлі сипат алады.

Қазақстан жағдайында зайырлылық ұлттық дәстүрлермен, төзімділік мәдениетімен үйлеседі. Қазақ қоғамында тарихи тұрғыда әртүрлі сенім иелері бір кеңістікте өмір сүрген. Бүгінгі құқықтық формат сол тарихи тәжірибені институционалдық деңгейде бекітіп отыр.

– Зайырлылық моделінің қандай артықшылықтары бар?

– Басты артықшылығы – құқықтық теңдік. Азаматтың мәртебесін оның діни көзқарасы анықтамайды. Бұл принцип әсіресе жаһандану кезеңінде маңызды. Ақпарат ағымы күшейген, идеологиялық ықпал артқан заманда мемлекет сенім еркіндігін сақтай отырып, радикализм мен экстремизмнің алдын алуға міндетті. Мұнда зайырлылық баланстың құралына айналады: бір жағынан – ар-ождан еркіндігі, екінші жағынан – қоғамдық қауіпсіздік.

– Демек, зайырлы қоғам – дінсіз қоғам емес қой?

– Әлбетте, ол – сенім мен мемлекеттік басқарудың қызмет аясын ажыратып, әрқайсына өз орнын белгілейтін құқықтық жүйе. Қазақстанның да, Францияның да, Түркия мен АҚШ-тың да тәжірибесі бұл модельдің өміршең екенін көрсетеді.

Зайырлылық – руханияттан бас тарту емес, оны саясаттан қорғау. Заң үстемдігі мен сенім еркіндігі қатар өмір сүрген жерде ғана қоғам тұрақты, ал азамат өз таңдауында еркін бола алады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Е.ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: дінаралық келісімзайырлылықконфессияаралық келісім
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлылық сенімге шектеу қоймайды
Видео

Зайырлылық сенімге шектеу қоймайды

19.10.2026
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді
Сұрақ-жауап

Өзге діндегілерге жақсылық жасауға бола ма?

21.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рамазан – рақым айы

Рамазан – рақым айы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

    2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

    783
  • Йемен: Хуситтер шабуылынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

    512
  • Меккеден алған өмірлік сабақ

    364
  • Намаз уақыттарын білу үшін қандай кесте дұрыс?

    275
  • Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

    261

Соңғы жарияланымдар

Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

23.10.2026
О молитве джамаатом после намаза
Сұрақ-жауап

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность
Сұрақ-жауап

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00