Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алаш аманатын арқалаған радио

01.07.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
46
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен жылы тыңдарман қауымның рухани әлеміне жаңаша леп әкелген ақпарат құралы – «Alqa» радиосы эфирге жол тартты. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Алаш арыстарының аманатын арқалаған бұл радио – ұлттық құндылықтарды насихаттап, рухани мұраны жаңғыртуды басты мұрат еткен. Танымдық әрі тәрбиелік мазмұнға бай хабарларымен танылған медиа-ресурстың құрылғанына жуырда бір жыл толды. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында біз радио редакциясына арнайы бас сұғып, жұмысымен танысып қайтқан едік.

Радионың негізін қалаушы әрі бас редакторы Серік Сейітманның айтуынша, былтыр 4 маусым күні салтанатты түрде тұсауы кесілген соң, 10 маусымда таңғы сағат 06:00-де Мемлекеттік Әнұранымызбен алғашқы эфирі басталған.

– Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы мәслихаттан жаңа радио ашу рұқсатын алып, қаражат бөлінген соң, менің осы саладағы тәжірибем ескеріліп, қызметке шақырды, – деген ол радионың бастапқы атауы «Таңба» болғанын, алайда кейін өзінің ұсынысымен «Alqa» деп ауыстырылғанын айтты.

– Осы жұмысқа кіріскен кезде қолымызда әкімдіктің рұқсаты мен мәслихат бөлген қаражат қана бар еді. Содан студияны жасақтаудан бастап, заманауи техника мен құрал-жабдықпен қамту, білікті мамандарды тартып, кәсіби ұжым қалыптастыру секілді сан салалы істі ұйымдастырып, тыңнан түрен салуға тура келді. Алғашқыда құжат жүзінде бекітілген атауы «Таңба» екен. Бірақ бұл атаудың радиоға жүктеліп отырған міндет пен тақырыптар ауқымын қамти алмайтынын ескеріп, «Alqa» деп ауыстыруды ұсындым. Өзім осы кезде Алаш әдебиетіне қатысты диссертациялық жұмысымды тиянақтап жатқан едім. Сол себепті Алаш тарихынан аз-кем хабарымыз бар болатын. Тура бір ғасыр бұрын, яғни 1924 жылы Мағжан Жұмабаев бастаған қазақтың ақын-жазушылары «Алқа» әдеби ұйымын құрған. Аты – әдеби ұйым болғанымен, заты – ұлтты сақтауды көздеген орта еді. Біз де ұлтымыздың жоғын жоқтап, мемлекетіміздің мүддесін көздеген ұжым болайық, Алаш идеясын жаңғыртайық деген ниетпен жұмысымызды бастап кеттік. Араға 18 күн салып, 28 маусым – БАҚ қызметкерлері күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының баспасөзге түгел атсалысып, бұл салаға ағартушылық сипат бергеніне және аға буынның осынау сара жолын лайықты жалғастыру қажет екеніне айрықша тоқталғанын айта кеткім келеді, – дейді С.Сейітман.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Расында Алаш идеясын мақсат тұтқан ақпарат құралының аты да, заты да мемлекеттік маңызға ие екендігі оның өткен бір жылдық жұмысынан айқын көрінеді. Бас редактордың айтуынша, «Alqa» радиосы діни экстремизм мен терроризмге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында өмірге келген. Бірақ бұл жұмысты тек діни уағыз-насихат айтумен емес, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, ата дініміз бен ана тілімізді, тарихымыз бен төлтума мәдениетімізді насихаттайтын рухани-танымдық бағдарламалар арқылы іске асыру алға қойылған.

– Атауымызды «Alqa» деп Алаштан алдық. Енді радиомызда қандай мәселе көтеріп, эфирмізге нендей бағдарламалар саламыз деген сұрақ туындағанда ойыма бірден Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз келді. Егер осы міндет сол кісіге жүктелсе, қалай жасар еді деп ойладым. Сөйтіп Өзағаңның көтерген салаларына бір-бір бағдарлама ашып, радио эфиріне шығаруға бел байладық. Осылайша «Өнер алқасы», «Жыршы-термешілер алқасы», «Толағай», «Шеберлер алқасы», «Ата-аналар алқасы», «Сахнагерлер алқасы», «Бас алқа», «Алқаби», «Иман алқасы», «Абай руханияты», «Миропонимание» секілді студиялық бағдарламалар өмірге келіп, олардың аудио-бейне нұсқалары күн құрғатпай интернет радио эфиріне және YouTube арнамызға жүктеліп жатыр. Бұларды өз саласының білгір мамандары жүргізеді. Имидждік роликтерімізді де ай сайын толықтырып отыруды жүйеге қойдық. Тарихтағы белгілі тұлғаларымыздың есті сөздері мен Мемлекет басшысының Жолдауларындағы, Ұлттық құрылтай мен өзге де жиындарда сөйлеген рухани-ағартушылық бағыттағы сөздері де назарымыздан тыс қалмай, дикторларымызға оқытылып, көркем түрде әрленіп, эфирге шығарылып келеді, – дейді ол.

Осы орайда айта кетер жайт, «Alqa» – әзірге интернет-радио ретінде жұмыс істеп тұр. Alqaradio.kz сайтына кіріп, радионың түймесін басу арқылы эфирде беріліп жатқан хабарларды тыңдауға болады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде парақшалары жұмыс істейді.

– Шыны керек, адамдар интернет-радионы көп тыңдайды деп айту қиын. Сондықтан, біріншіден, біз қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі парақшаларымызды дамытуға көбірек көңіл аударып жатырмыз. Бастапқы мақсатымыздың бірі – «Alqa» радиосын елге танымал ету. Екіншіден, алдағы уақытта толқыннан жиілік алып, толыққанды радиоға айналдыру жоспарымыз бар. Жаңалықтар қызметін іске қосу, ақпараттық репортаждар тарату, тыңдармандармен тікелей эфирде кері байланыс орнату секілді радиоарнаны жанрлық жағынан түлету ісі де сол күндердің еншісінде деп білемін, – дейді С.Сейітман.

Ол «Alqa» радиосы ашылғалы бері тек төл өнімдерін эфирге шығарып жатқанын айтты. Бір жыл бойына 220 студиялық бағдарлама, 132 аудиокітап хабары, жүздеген имидждік ролик жарияланған. «Оймақтай ой», «Абайдан өсиет», «Алаштан аманат», «Мұхтардан мұра» секілді ірілі-ұсақты айдарлары ұлттық құндылықтарды насихаттап келеді.

Кітап демекші, бір жыл ішінде радио ұжымы «Пайғамбарлар тарихы», «Саңлақ сахабалар», «Ізгілік қалсын әр ізде» атты кітаптарды дыбыстап, аудиоға айналдырып, эфирге шығарған. Бұл өнімдердің толық нұсқасын радио сайтынан да табуға болады. Ендігі кезекте олардың орнын «Ғұмыры ғибрат ғұлама. Имам Ағзам Әбу Ханифа», «Тұлғалар өміріндегі Ислам», «Қазақ тарихының әліппесі» атты кітаптар баспақ. Олар да қазір дыбысталып, эфирге шығаруға дайын тұр.

– Кезінде әкелеріміз «Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін, Имам Ағзамның қауымынанмын» деп айтып отыратын. Әкем діндар адам емес, мен де әкемнің жолындамын. Бірақ кейін ойлап отырсақ, осылайша бала кезімізден бізді адастырмаудың негізін қалап қойған екен. Қазір қазақтың бәрі Алласын таниды, пайғамбарын мойындайды, бірақ өз мәзһабымыздан адасып кетіп жатқандар бар. Міне, осы олқылықтың орнын толтыруға үлесімізді қосу мақсатында белгілі дінтанушылар Алау Әділбаев пен Түсіпхан Имаммади жазған «Ғұмыры ғибрат ғұлама. Имам Ағзам Әбу Ханифа» кітабын арнайы таңдадық. Біз эфирге дайындап жатқан рухани-ағартушылық бағыттағы кітаптың бәрі Дін істері комитеті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң сараптама қорытындысын алғанын айта кету керек. Ал Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» еңбегін дыбыстатуымыз отандық тарихтың көптомдығын жазып жатқан мемлекет саясатымен үндес деп ойлаймыз, – дейді бас редактор.

Бүгінде радио редакциясында оншақты адам еңбек етіп жатыр. Бұған қоса, түрлі тақырыптық хабарларды жүргізуге шақырылған сала мамандары бар. Мысалы, эфирдегі имидждік роликтерді дыбыстауға даңқты дикторлар Аманжан Еңсебайұлы мен Нұрлан Өнербай секілді аға буын және Әбутәліп Әміре секілді жас буынның өкілдері тартылған. Енді олардың қатарына «Сахара сандуғашы» атанған Сауық Жақанова да қосылыпты. Бағдарламаларды Сәрсенғали Жүзбай, Әлихан Дүйсенбай, Әділ Ахмет, Темір Сыпатай, Бекдайыр Нығметұлы, Жасұлан Нұрмахамбет, Асхат Бозымбай мен Гауһар Қанатбай, Арман Нұрахметұлы, Александр Антипин секілді белгілі мамандар жүргізеді.

– Алашорданың саяси көсемі Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады» деген. Бұл – қалалық әкімдік пен мәслихаттың, салалық басқарма мен орталықтың қолдауы арқасында қол жеткізген аз ғана жетістігіміз. «Бітер істің басына – жақсы келер қасына» дейді дана халқымыз. Осы орайда «Alqa» радиосының абыройы үшін еңбегін аямаған жақсылар мен жайсаңдарға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта толқыннан жиілік алып, рухани-танымдық бағдарламаларымызды одан әрі байытып, халқымыздың бір қажетіне жарап жатсақ, мақсатымыздың орындалғаны, – деп сөзін түйіндеді бас редактор С.Сейітман.

Біз де өз тарапымыздан қазақтілді медиакеңістіктен өз орнын тапқан «Alqa» радиосының ұжымына атағы алты Алашқа жайылып, елдік істің басынан табылып, тыңдарман алғысына бөлене беруіне тілек білдірдік.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Суреттері түсірген Ерлан ОМАР

Таңбалар: «Alqa» радиосыдіни экстремизмСерік Сейітман
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Трое задержаны в Жетысу за распространение экстремистских материалов
Жаңалықтар

Діни ағым өкілдері есірткі таратумен айналысқан

24.02.2025
Жаңалықтар

ІІМ: Былтыр 131 діни радикал сотталды

13.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00