2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Жұма, 25 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

01.07.2025
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
134
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде әлемдегі діни экстремизм және терроризм қаупі әрбір мемлекет үшін өте өткір мәселе. Арандатушылар, арбаушылар әдістері мен тактикаларын жетілдіріп, негізгі нысан ретінде жастарды, діни білім деңгейі төмен және әлеуметтік жағынан осал топтарды таңдауда. Әсіресе, олар үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер негізгі алаңға айналуда.

Арбау әдістері өте күрделі болуы мүмкін: діни мазмұнында әділдікті, теңдікті, таза сенім жолындағы күресті насихаттау арқылы топқа тартып, кейін зорлық-зомбылыққа, алауыздыққа және теріс діни қағидатқа жетелейді. Сондықтан әрбіріміз діни арбаушыларды уақытында тауып, олардың әдістеріне қарсы тұрып, алдын ала сақтанудың жолдарын білуіміз қажет.

Арбаушыларды танудың әдістері:

  • діни мазмұнында алауыздыққа, зорлыққа, төзбеушілікке бастайтын әдістер кездессе, негізгі қағидаттардан ауытқып, «шынайы мұсылман деген – тек біз», «дәл енді әділдіктің уақыты келді» деген сынды үндеулер пайда болуы;
  • шет мемлекеттердегі топқа, соғысқа аттануға, жиһадқа шақыру – әдетте бұл әдіс діни фанатизмге негізделеді;
  • материалдық пайда, жайлы өмір, әділдік пен теңдік уәделері арқылы топқа тарту – арбаушы материалдық жетістік береді деген сылтау айтып, алаңдатушы топқа әкелуге тырысқан кезде;
  • жеке кездесулерге, топқа кіруге мәжбүрлеу, құпиялықты сақтау деген сылтау айту – топқа кіруді құпиялап, басқаларға айтпа деген әдіс;
  • діни әдебиет мазмұнында зорлық-зомбылыққа, алауыздыққа негізделген қағидаттардың кездесуі – мазмұнында экстремизмді насихаттау кездессе;
  • сенімге кіріп, әрбір сұхбаттасушының әлсіз тұсын тауып, сонымен ойнау – арбаушының психологиялық әдістерді пайдалануы;

Қорғану жолдары:

«Бұл да бір күні өтеді…»

«Бұл да бір күні өтеді…»

24.09.2026
«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

24.09.2026
  • Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде діни мазмұндағы күдікті топқа жазылып, сұхбатқа түсуден аулақ болуы қажет;
  • Егер сізге белгісіз топтар алаңдатушы мазмұнда хабарлама жіберсе, оларды қабылдамай, дереу блоктау;
  • Арбау әдістері жайлы білімді арттыру – ата-ана, ұстаз, психолог және теологтардың кездесулерінде тақырыпты қозғап, алдын ала әдістерді үйрену;
  • Егер діни мазмұнында экстремизмді насихаттайтын топқа енді деген күдігің пайда болса, дереу құзіретті органдарға (құқық қорғау органына, Дін істері басқармасы) хабарлап, көмек сұрау;
  • Арбау қаупі жайлы туыстар, достар және әріптестер арасында мәліметтерді бөлісіп, алдын ала сақтық шараларын үйрету;
  • Ағарту жұмыстарын өткізу арқылы діни сауатты арттыру, әрбір жеткіншекті теріс топтардың жетегінде кетуден сақтау;

Болашағымыздың кепілі – рухани тыныштық, ұлттық бірлік және дінаралық келісім. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде кездесетін теріс топтардың жетегінде кетпеу үшін әрбіріміз білімді, парасатты және сақ болуы қажет. Арбау әдістеріне қарсы тұрып, ұлттық және діни құндылықтарымызды сақтау арқылы ғана экстремизм қаупінен қорғана аламыз. Сол себептен де әрбір отбасы, әрбір ұстаз, әрбір діни қызметкер және әрбір мемлекетшіл азамат рухани құндылықтарды сақтау жолындағы жұмыстарда белсенді болуы қажет. Қазақ халқының тарихындағы әдет-ғұрыптары, дәстүрлі діни қағидаттары және адамгершілік қағидаттары – халқымыздың рухани негізі. Сондықтан да олардың сақталуына, кейінгі ұрпаққа таза қалпында жетуіне атсалысу – әрқайсымыздың борышымыз болуы қажет.

Діни экстремизмге қарсы тұрып, алауыздыққа жол бермегенде ғана мемлекеттің тұрақтылығы, халқының тыныштығы, ұлттық бірлігінің беріктігі сақталады. Рухани білімді арттырып, парасатты таңдаулы жолға бағыттау арқылы ғана зорлық-зомбылыққа негізделген теріс әдістерге тойтарыс бере аламыз. Әрбіріміз ұлттық және діни құндылықтарды қорғаушы, тыныштықты сақтау жолындағы ізгі бастаманың белсенді қатысушы болуымыз қажет. Сонда ғана халқымыздың келешегі баянды, мемлекетіміз гүлдене береді.

Нұрсұлтан ӘЗБЕРГЕНОВ,

Республикалық АТТ мүшесі, теолог

Таңбалар: деструктивті діни ағымдарэкстремизм
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Террористік қылмыс жасағандарға үкім шықты
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасағандарға үкім шықты

03.09.2026
Президент: “Үш зұлым күшпен” күрес жалғаса береді
Жаңалықтар

Президент: “Үш зұлым күшпен” күрес жалғаса береді

02.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажылықта 8 өзбекстандық қаза тапты

Қажылықта 8 өзбекстандық қаза тапты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

    49
  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    44
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    25
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    24
  • Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

    24

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Құбылаға қарап намаз оқу міндет пе?

24.09.2026
Шейх Заид үлкен мешіті орталығының Бас директорымен кездесті
Жаңалықтар

Шейх Заид үлкен мешіті орталығының Бас директорымен кездесті

24.09.2026
25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар

25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні

24.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00