Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрбан шалу не үшін уәжіп?

03.06.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
94
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам дініне қатысты мәтіндерде (аяттар, хадистер) «құрбан» сөзімен мағыналас не болмаса балама ретінде «ұдһия», «һәдй», «ақиқа», «нәһр», «зәбһ», «нүсүк», «мәнсәк» секілді ұғымдар да қолданылады. Мәселен, хадис кітаптарында Адам атаның екі баласы (Қабыл мен Әбілдің) ұсынған құрбандығы бірінде – жануар, екіншісінде егін болғаны тілге тиек етіледі. Демек құрбандықты жануарлар арқылы да, егін арқылы да орындауға боладытынына көз жеткіземіз. Бұған қоса яһудилердің Пайғамбарымыздан «құрбан мұғжизасын» талап еткені жайлы түскен мына бір аятты да ескергеніміз жөн: «Расында, Алла бізге аспаннан бір алау жіберіп, жағып-өртеп жоқ қылып жіберетін құрбандықпен келтірмейінше ешқайсы пайғамбарға иман етпеуімізді бұйырған…» («Әли Имран» сүресі, 183-аят).

Имам Құртұби де «құрбан» мен «құрбандық» ұғымдарына: «Нусук – садақа және салиһалы амал ретінде пендені Алла Тағалаға жақындата түсетін амал» («Әһкәм әл-Құран», IV том, 189-бет) деп анықтама берген. Осы орайда хазіреті Ибраһим мен Исмайылдың (оларға Алланың сәлемі болсын) қиссасына да тоқталып, хазреті Ибраһимның ұлы Исмайылды құрбандыққа шалар кезде, оның орнына жәннаттан бір қошқар жіберілгенін де ұмыт қалдырмауымыз керек («Саффат» сүресі, 102-106 аяттар). Сондайақ кез келген құрбан шалу, мейлі ол айт мейрамында шалынатын құрбан болсын, мейлі бала туғанда сойылатын ақиқа т.б болсын, тек Алла Тағаланың разылығын көздеп, Алланың сауабын үміт етіп жасалуы тиіс. Себебі Құран Кәрімде Алла Тағала былай бұйырған: «Намазым, құрбандығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббысы болған Алла үшін! Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен – мұсылмандардың алғашқысымын», – деп айт» («Әнғам» сүресі, 162-163 аяттар).

Құрбан шалуға қатысты Ханафи және басқа да мәзһабтар әртүрлі қағидаларды ұстанады. Имам Шафиғи, Ханбали және Мәлики мәзһабының өкілдері Әшһәб және Ибн Шағбанның көзқарасы бойынша, құрбандықтың ең абзалы – түйе, сиыр және қой шалу (Қарафи, «Әз-Заһира», IV том, 144-бет). Шафиғилердің құрбан шалуда ұстанатын негізгі қағидасы – малдың ең ірі, жетілген және семізін таңдау. Яғни алдымен түйе, сосын ірі қара, сосын қой. Қой ешкіден артық саналады. Себебі шафиғилердің көзқарасы бойынша, қой – ешкіден абзал әрі оның еті ешкініне қарағанда дәмді әрі тәтті (Мауәрди, «Әл-Иқна», 184-бет; Бәғауи, «Әт-Тәһзиб», VIII том, 39- бет). Ханбали мазһабының ережесі бойынша, қой ешкіден абзал, тіпті арық қойдың өзі семіз ешкіден артық (Мәрдауи, «Әл Инсаф», IV том, 73-бет).

Ханафилардың пікірінше, құрбандықтың ең абзалы әрі қадірлісі – еті барынша көп және дәмді болғаны. Мысалы, бір қой мен сиырдың жетіден бір бөлігі еті және бағасы жағынан бірдей болса, абзалы қой саналады. Сиырдың жетіден бір бөлігі бір қойдың етінен артық болса, абзалы – сиырдың еті. Ханафилерде бұл тұрғыда төмендегі қағида негізге алынған: «Бір қой мен сиырдың жетіде бірі ет пен бағада бірдей болса, еті жақсырағы абзал. Ал екеуі ет пен баға тұрғысынан бірдей болмаса, еті көбірек 8 IMAN | МАУСЫМ 2024 АЙТАРЫМ БАР болғаны абзал саналады» (Ибн Абидин, «РаддулМұхтар», IX том, 466-бет). Ал кей көзқарастар бойынша, сиырдың еті қойдыкіне қарағанда дәмді әрі тәтті болғандықтан, құрбандыққа сиыр шалған абзал (Қазихан, «Әл-Хәнийя», III том, 349-бет).

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025

Ханафи мазһабында Құрбан шалу – уәжіп, яғни тиісті, міндет деп бекітілген. Ал имам Мәлик пен имам Шафиғидың көзқарасы бойынша, құрбан шалу – сүннет. Мәликилер мен шафиғилер Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадистеріне сүйенеді. Алғашқысы – «Кімде-кім зул-хижжа айын көрсе және де құрбан шалуды қаласа, шашы мен тырнағын алмасын» деген хадис. Бұл жердегі «құрбан шалуды қаласа» сөзі уәжіптікті білдірмейді деуде. Екіншісі – «Үш нәрсе маған парыз, ал сендерге сүннет. Олар – үтір намазы, құрбандық және дұха (сәске) намазы» деп келетін хадис. Сондықтан, құрбан шалу оларда – сүннет, бізде – уәжіп.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құрбан айтта құрбан шалуға барынша шабыттандыратын. Өзі де Құрбан айт күндері (мүмкіндігінше) екі қошқар құрбан шалатын. Бірін өзі мен отбасының, ал екіншісін мүмин мұсылмандардың атынан шалатын. Сонымен қатар Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбан шалуға жағдайы келе тұра құрбан шалмайтындарға: «Кім жағдайы бола тұра құрбан шалмаса, намаз оқитын орнымызға жақындамасын!» – деп қатаң ескерту жасаған. Осыдан келіп Ханафи мәзһабында жағдайы бар қалталы мұсылмандарға Құрбан айтта құрбан шалу – міндет (уәжіп) саналған, ал шалмау – уәжіпті тәрк ету болып саналады.

Айша (оған Алла разы болсын) анамыздан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Құрбан айт күндері адам баласының істейтін амалдарының Аллаға ең сүйкімдісі – қан ағызу (құрбан шалу). Шалған құрбаны қиямет күні мүйізімен, жүнімен және тұяқтарымен келеді (шалған кісінің алдынан шығады). Шалған құрбанының қаны жерге тамбай тұрып, Алланың құзырында өз орнын иемденеді. Ендеше, шын жүректен құрбан шалыңдар!» (Термизи).

Ғұлама Ибн Абдил-Бәрр былай деген: «Алла елшісі бүкіл өмірі барысында құрбан шалатын әрі оның құрбан шалуды бір рет болса да қалдырғаны жайлы айтылмаған. Ол қашан да құрбан шалуға ынталандыратын. Сондықтан ауқатты мұсылман оны тәрк етпеуі қажет». Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Алла ризашылығы үшін шалынған құрбандықтың әрбір қылы үшін сауап бар», – деп сүйіншіленген.

Құрбан шалу ғибадатының маңызды болуының бір себебі – адам өз нәпсісін, яғни мал-мүлікке деген махаббатын жеңіп, Алланың разылығын көздеп, Оған жақындау үшін малын пида етеді. Сондықтан Алла Тағала үшін соятын мал да бүкіл кемшіліктен ада, жақсы, кемел болғаны дұрыс. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Құрбандықтың еті, қаны Аллаға жетпейді. Дегенмен сендердің тақуалықтарың жетеді. Сендерге тура жол көрсеткен Алланы ұлықтауларың үшін (осылайша малды еріктеріңе бердік). (Уа, Мұхаммед) жақсылық істеушілерді қуант…» («Хаж» сүресі, 37-аят).

Құрбан малы қандай болу керек? Қандай мал құрбан шалуға жарамайды? Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды: кемшілігі мен ақауы айқын болған бір көзді мал, ауруы айқын болған ауру мал, ақсақтығы айқын мал және әлсіздігі айқын арық мал», – деген (Термизи, Ахмад) Осы төрт кемістік туралы көпшілік ғалымдар бірауыздан келіскенін де айта кеткен орынды. Әсіресе Ханафи ғалымдары: «Егер бір көзді малды құрбан етуге рұқсат етілмесе, онда соқыр малға тіпті рұқсат етілмейді. Егер ақсақ малға рұқсат етілмесе, онда аяқсыз малға тіптен рұқсат етілмейді», – деген пікір бідірген. Сондықтан малды аларда мұқият қараған дұрыс. Себебі Әли ибн Әбу Талиб: «Алла елшісі бізге (құрбандық малдарының) көзі мен құлағына көңіл бөлуді бұйыратын», – деп айтқан (Ибн Мәжа).

Ханафи мәзһабының ғалымдары осы мәселені нақтылап, төмендегі мал түрлері құрбандыққа жарамсыз деп бекіткен: бір (немесе екі) көзі соқыр, құрбан етілетін жерге де жете алмайтын, құлағы немесе құйрығы жоқ немесе басым бөлігі кесілген, тістерінің көбі немесе барлығы түсіп қалған, желіндерінің басы жұлынып қалған, бір немесе екі мүйізі де түбінен сынған. Қорыта айтқанда, шалынатын құрбандықтың жақсы, кемшіліксіз, үзірсіз, кемел, еті дәмді, түрі мен түсі жағымды жануарлардан таңдалуы мұстаһаб екені жайлы ғалымдар бірауыздан келіскен (Сәғди Әбу Жәйб, «Мәусуатүл-Ижма фи әл-Фиқһ әл-Ислами», I том, 115-бет).

                                                Ержан ТӨЛЕПОВ,

                     Түркістан облысының бас имамы

Таңбалар: құрбан айтқұрбан шалууәжіп
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды
Жаңалықтар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды

09.06.2025
Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды
Жаңалықтар

Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды

08.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рухани дипломатияны ілгерілету мәселелері талқыланды

Рухани дипломатияны ілгерілету мәселелері талқыланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81021 бөлісті
    Бөлісу 32408 Твитерге 20255
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    22 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2539 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Сұрақ-жауап

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025
Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды
Жаңалықтар

Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00