Сәрсенбі, 24 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сырға толы Рамазан

11.03.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
123
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Оразаның басталуы дегенде кейбіреуге тек тамақтан тыйылу, белгілі бір уақытқа ғана ашығу деген ой келуі мүмкін. «Күні бойы аш жүріп, түні бойы тамақ жейтіндеріңді түсіне алмадық» деп сұрақ қоятындар да бар. Осы орайда қасиетті айдың тұлғалық дамуына ықпал ететін тұсы жайында әңгіме қозғаудың реті келіп тұр.

Шариғатымыз шегелеп кеткен оразаның «тамақтан тыйылуға» қатысты бір тармағының өзі жайында жапондық ғалым Ёсинори Нагумо «Аштық пен суық ауа – ұзақ өмірдің кепілі» екенін жазады. «Аз тамақтаныңыз – ұзақ өмір сүріңіз» деген қағиданы Бенджамин де айтқан. Ең бастысы әркім өзі ораза ұстап, оның қыр-сырына қанығып, пайдасы шаш-етектен екенін сезінгені жақсы.

Денсаулыққа пайдасынан бөлек, ашығудың сырына үңіле түссек, Пифагор (б.з.д. VI ғасыр) шәкірттеріне математика, философия ғылымдарын үйретерде ақыл-ой зеректігін арттыру мақсатында 40 күндік ашығуды талап еткенін еске алудың өзі көп нәрсені аңғартады.

Зерттеулер ашығу кезіндегі ағзаның жаңаруы мен сауығу үдерісіне бастама жасайтын бауыр емес, ми екенін дәлелдеген. Ми ашығу арқылы тозған, жарамсыз жасушаларды жойып, жаңа қуаттардың қалыптасуына ықпал етеді. Дағдарыс, депрессия, көңілі толмай жүргенде ораза тұту басталып, бірақ аяқсыз қалған жұмыстарды тез бітіруге, кейінге қалдырылған шаруаларды лезде тындыруға шабыт береді. Өзім үшін сараптап қарауды үйренгелі оразаның өміршең күш-қуат беретінін сезіндім. Ой зеректігі мен шығармашылық қабілет артып, сергектік сезімі оянады.

Рамазан қорытындысы: уағыз-насихат жұмыстары

Рамазан қорытындысы: уағыз-насихат жұмыстары

02.04.2026
Рамазан қорытындысы: “Уақып” қоры бойынша атқарылған жұмыстар

Рамазан қорытындысы: “Уақып” қоры бойынша атқарылған жұмыстар

01.04.2026

Жыл сайын Рамазан айындағы ми жұмысының нәтижелері, өзгерістері туралы күнделік толтыра жүріп, әр жылды өткен жылмен салыстыра отырып, өзім үшін осы бағыттағы ой, іс-қимыл мен барлық әрекетімді саралап келемін. Оразаның ми жұмысына әсерін қадағалап, бұл кезеңнің рухани өсу, үздіксіз даму, қуат өндіру, белсенділікті арттырумен қатар, күн тәртібі мен тайм-менеджментке дағдыланып, үнемі ресурсты сақтау мен оны тез қалпына келтірудегі оң нәтижелерін сезіне бастадым. Бала күнімде жаңа жылдан бір ғажапты күткен болсам, есейген сайын Рамазан айын сағына, оның бір ғаламат күшін күтетін күйге жеткен жайым бар.

Күнделікті күйбең тірліктен бастап, жоспарлар мен іс-шаралар, тіпті мінез, көңіл күй дағдылары, бәрі-бәрі реттеліп, өз орындарына ыңғайланып, жайғастырылатынын байқаймын. Сабыр мен қанағат, ойдың ашықтығы сынды жайлылық орнай бастады.

Бұл айды тұлғалық даму мен рухани баю, мінез дағдыларын тәрбиелеу үшін ең тамаша мектеп дер едім. Уақыт та жүйеленіп, бірізділікке түсіп, зейін артқан сайын пенде оразаның тек тамақтан тыйылу емес екенін терең ұғынып, тұтас өмірінің барлық саласында жеке өмірін өз қолына алып, өзін тәрбиелеп, шыңдайтын, кемшіліктерімен жұмыс істеп, жан-жақты жетіле түсетін ғибратқа толы ай. Нәпсіңмен оңаша қалып, өз-өзіңмен ең жақын танысатын, ішкі «меніңді» түсінетін сырға толы кезең.

«Өзімді таппай жүрмін, не қалайтынымды, қайда баратынымды білмеймін» деп, алтын уақытын «мотивациялық» марафондарға арнап жүргендерге айтарым, мотивациядан гөрі тәртіптің өміршең екенін мойындататын, ғажайыпқа толы айдың терең сырын ашатын – нағыз марафон айы осы, қапы қалмаңыздар. Бұл ішкі-сыртқы әлеміңіз реттеліп, жүйеленіп, бәрі өз орнын тауып тұра қалатын тамаша уақыт.

Баршамызға ұлық ай Рамазанның қадіріне жетіп, сапалы да саналы мұсылман болуды бұйырғай.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: ауыз бекітуоразаРамазан
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазан қорытындысы: уағыз-насихат жұмыстары
Жаңалықтар

Рамазан қорытындысы: уағыз-насихат жұмыстары

02.04.2026
Рамазан қорытындысы: “Уақып” қоры бойынша атқарылған жұмыстар
Жаңалықтар

Рамазан қорытындысы: “Уақып” қоры бойынша атқарылған жұмыстар

01.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«MUNARA TV» телеарнасының филиалы ашылды

«MUNARA TV» телеарнасының филиалы ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    118
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    85
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    60
  • Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

    48
  • Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

    44

Соңғы жарияланымдар

Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

23.06.2026
«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді
Жаңалықтар

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00