Жексенбі, 22 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тұрақты қоғамның негізі – діни толеранттылық пен дінаралық келісім

01.02.2025
- Мемлекет және дін
0
101
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жаһандағы 200-ге жуық мемлекеттің әрқайсысында ахуал да, үрдіс те, саясат та біркелкі емес – құбылмалы.

Жақында Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған сұхбатта белгілі жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы  ағамыз қазақ әдебиетінің болашағы, әдеби қауым, әдеби туындылардағы кейбір мәселелер, жас қаламгерлер, шығарма жазу және көне сөздерді пайдалану туралы тамаша әңгімелеген екен.

Әдебиетке байланысты жазушының өрбіткен көптеген ой-толғамдарының арасында еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатына жанама қатысы бар маңызды дүниелердің көтерілгенін байқадық.

Мысалы, ағамыз «Гуманизмнің шекпеніне әділдіктен таймау, ешкімге қиянат қылмау, адамдарға жақсылық жасау, тіршілік атаулыға мейіріммен қарау секілді барлық игі қасиет сыйып кетеді. Мұндай гуманизм дінде де бар ғой дерсің. Діндегі гуманизмге шек келтірмеймін. Бірақ сенімі ортақ еместі мұсылмандар «кәпір» санайды, ал мұсылмандарды өзге діндегілер жақтырмайды. Осы жерден әр діндегі гуманизм жайлы айту қиындап кететіндіктен, тереңдемей-ақ қояйық» деген пікірін жеткізді.

Дін көшбасшыларының VIII съезі: Бейбітшілік пен келісімнің жаңа белесі

21.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025

Рас, кейде еліміз де, шет те адамды діни немесе басқа да нанымы үшін, дін ұстанғаны немесе одан бас тартқаны үшін жеккөруге немесе күш қолдануға шақыратындар бар.

Бірақ мұндай қауіпті идеяларды жақтаушылардың саны өте аз және ондай көзқарастарды тарататындар халықаралық және отандық заңнамамен қудаланады. Сөз жоқ, ақсақалдың меңзегені солар болса керек.

Ал негізінен, отандық мұсылмандарымыз, әлемдік мұсылман қауымдастығы, көрнекті ойшылдарымыздың және ислам ғұламаларының еңбектері, Қазақстан аумағында мұсылмандықты насихаттаушы Мүфтияттың діни қызметкерлері кейбір адамдарды мұсылман емес деп санаса да, олармен қатынасуда әрдайым әділ болуға, тілімен де, ісімен де зиян келтірмеуге, жақсылық жасап, кешірімді болуға шақырады. Жалпы, адамды сеніміне қарамастан, жоғары бағалауды үндейді.

Оның бір айғағы ретінде «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз ешуақытта жалған болмас» дей келе, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп және Хақ жолы осы деп әділетті» деп насихаттаған, нағыз гуманист болған Абай атамыздың даналығын еске алуға болады.

Бұл жерде Тәңірдің дінін осылайша тәпсірлеген Құнанбай қажының баласы, қазақтың ұлы кемеңгері гуманизмді де, діндегі гуманизм құндылықтарын да ұштастыра білгенін көреміз.

Ал дінаралық қатынастарға келетін болсақ, жаһандағы 200-ге жуық мемлекеттің әрқайсысында ахуал да, үрдіс те, саясат та біркелкі емес – құбылмалы.

Дегенмен Қазақстанда тіркелген 4 000 діни бірлестікті қамтитын 18 конфессияның сенушілері және басқа да нанымдағы еліміздің азаматтары өзара шынайы түрде тату-тәтті өмір сүруде.

Қазақстандағы ең үлкен екінші діннің өкілдері – 3 миллионнан астам православ отандастарымыз өзге сенімдегі адамдарды, соның ішінде мұсылмандарды да ерекше құрметтейді.

Ал православ шіркеуімен қатар Родина ауылында мешіт салған, оның қажеттіліктерін өтеп, имамға ай сайын жалақы төлеп отырған Қазақстанның Еңбек Ері, өзін католикпін дейтін Иван Сауэрдің үлгілі игі істері  – дінаралық сыйластықтың нақты көрінісі.

Бұл жөнінде жазушы сұхбатында келесідей құнды ойымен бөліседі: «Мәдениеттіліктің бірінші белгісі – адамды сыйлау, ұлтына, дініне, тіліне қарамай жеке тұлға ретінде құрметтей білу. Екінші белгі – ұлтыңды құрметтегенің секілді басқа этностарды да, оның құндылығын да сыйлау».

Осылайша, адамзатқа ортақ құндылықтар мен игі қасиеттер дінде де, гуманизмде де бар екенін түсінеміз.

Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты діндердегі гуманизм идеяларына, гуманизмнің құндылықтарына негізделгені де адамзаттың табиғи болмысынан, халқымыздың дүниетанымынан туындаса керек.

Біздің ел үшін діни толеранттылық пен дінаралық келісім өте маңызды мызғымас қағидаттар. Оларды берік ұстануымыз әрқайсымыздың адамдық та, азаматтық да қасиетті борышымыз.

Біз сөз бостандығын және плюрализмді іс жүзінде бағалай отыра, жер, тіл, ұлт және дін секілді өте нәзік мәселелерге келгенімізде жасампаздыққа ерекше мән беруіміз қажет. Ол жайында былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарын түсіндіру аясында Мемлекеттік хатшы бірнеше рет кеңінен  айтқан еді.

Осыған байланысты, сүбелі сұхбат үшін қадірлі Төлен ақсақалымызға алғыс білдіріп, зор денсаулық тілейміз!

Ержан БАЙБОЛ,

Мемлекеттік басқару магистрі

Таңбалар: басты тақырыпдінаралық келісімТолеранттылық
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік
Видео

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік

17.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шәкәрім мұрасы Түркияда жарық көрді

Шәкәрім мұрасы Түркияда жарық көрді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Орталық Азия – тұтас құрлықтың жүрегі
Сұрақ-жауап

Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Орталық Азия – тұтас құрлықтың жүрегі

21.06.2025
Қазақ халқы қандай ырым-тыйымға сенген?
Сұхбат

Қазақ халқы қандай ырым-тыйымға сенген?

21.06.2025
Ислам

Зікір және оның пайдасы

21.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00