Сейсенбі, 8 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адамдар не үшін өмір сүреді?

05.11.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
Фото: time.com

Фото: time.com

91
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамзат өркениеті қалыптасқалы бері моральдық философияның басты мәселесі «Не үшін өмір сүру қажет?» деген сауалға жауап іздеу болды. Дәл осы сұрақтың өзгешелеу түрі – «Қалай дұрыс өмір сүру керек?» деген сұрақ та ежелден осы таңға дейін ұлы ойшылдарға тыным бермей келеді. Шын мәнінде, бұл «өмірдің мәні» туралы таныммен ұштасып тұр. Сондықтан да болар, тарихта аты қалған көп тұлға «Егер не үшін өмір сүру керектігінің жауабы табылса, онда тек айқын нәрсені ғана қабылдап, дұрыс өмір сүруге болады» деп сеніп өтті.

Сонымен, адамдар не үшін өмір сүреді?

Біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларда осы сауалға орай тұжырымдалған жауаптардың бірі «тек ләззат үшін ғана өмір сүру, барынша ләззат алуға ұмтылып, кез келген қайғы-қасіреттен аулақ болу керек» деген ілім болды. Бұл «гедонизм» (грек тілінен «хедоне» – «ләззат») деп аталатын ілім өте өміршең болып, әртүрлі формада бірнеше рет жаңғырды. Гедонизмнің күші – барлық тіршілік иелерінің, соның ішінде адамның мінез-құлқына әсер ететін биологиялық заңдылықтарға сүйену, әлсіздігі – осы бағыттан басқа, ол адам бойынан қандай да бір нұрлы қасиетті яки ештеңені көрмейді.

Гедонизмге қанаттасатын эудемонизм (грек. «эудаимониа» – «бақыт») –  өмірдің мәні ләззат жиынтығы, қиыншылық жиынтығынан асқандағы күй – бақыт екені туралы ілім. Эудемонизмның гедонизмнен айырмашылығы – кез келген ләззат түрін дұрыс деп санамады. Соңында азапқа әкелетіндер «жаман ләззат» ретінде саналды: олар адамды бақытқа жеткізбей, керісінше одан алыстатады. Осылайша, эудемонизм адам іс-әрекеттерінің кешіктірілген және жанама салдары арқылы олардың күрделі мағынасын ескерді.

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025

Ежелгі Үндістан өз менінен бас тарту арқылы өзін-өзі жетілдірудің мінсіз түрін ойлап тапты. Буддистік қағидасына сәйкес, өмірдің мәні – өз қалауларынан біртіндеп босау арқылы кемелдікке ұмтылу, өйткені осы қалаулар азаптың және адамның мінсіз емес іс-әрекетінің негізі болып табылады, оны басқа адамдар мен тірі-тіршіліктен оқшаулайды.

Өз кезегінде, христиан және мұсылман этикасы өмірдің жалғыз мәні мен негіздемесі – Құдайдың разылығы мен бұйрықтарын ұстану, діни қағидаларға сәйкес әділ, ақадал және тақуалықпен өмір сүру арқылы ақыретіңді қамдау деп есептеді. Иудаизм дінінің басты ілімі Бес кітапта тұжырымдалған дұрыс мінез-құлықтың негізгі этикалық нормалары (Мұсаның 10 өсиеті) кейінірек христиан моральне еніп, мұсылман этикасымен қабылданды. Көптеген басқа діни жүйелер сияқты, христиандық және мұсылмандық мораль қарапайым, тіпті білімсіз адамдарға да түсінікті оңай үйренетін өсиеттер мен нұсқаулар жүйесінен, сондай-ақ барлық нәрсені сенімге алғысы келмейтіндерге осы моральдық ережелердің мағынасын түсіндіруге арналған көптеген күрделі теологиялық түсіндірмелерден де тұрады.

Біраз уақыт өте елеулі де пайдалы нәтижені ғана жоғары құндылық ретінде тануға негізделген этикадағы жаңа бағыт – утилитаризм пайда болды. Утилитаризмнің бір түрі ретінде, революциялық мақсатты – іс-әрекеттерді бағалаудың жоғары өлшемі ретінде санаған, атап айтқанда коммунистік, революциялық этика танылды. Нәтижесінде, тіпті жаппай кісі өлтіру кейбір жағдайларда игілік деп саналды, өйткені олардың революция ісіне пайдасы жағын ғана көрді. Орыс философы Юлий Шрейдер әділ атап өткендей, утилитаризм жалпы этиканы бұзды, өйткені біріншіден, абсолютті қағидаларды емес жағдайлық бейімделуді жоғары қояды, екіншіден, тек белгілі бір адамдар мен адамдар тобы ғана ненің пайдалы, ненің пайдасыз екендігін бағалауға құқылы болып тағайындалады. Басқалары мұндай бағалаумен келіспейді.

Осылайша, қоғам дамып келеді. Адамзат осы даму сатыларынан басқа әлі жаңа ілімдерге иек арта алмады. Әзірше, бұған дейін жүріп өткен ілімдердің синтезін тұтуда.

Тарих жалғасуда…

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ,

мәдениеттанушы, философ

Таңбалар: Абылайхан ҚалназаровӨмір
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Аспан неге көгілдір?
Қоғам

Аспан неге көгілдір?

23.06.2025
Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы
Мемлекет және дін

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы

12.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Имамға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді

Имамға "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады
Жаңалықтар

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025
Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды
Жаңалықтар

Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды

07.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00