Сенбі, 1 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Расулалланың (с.ғ.с.) бақилық боларынан 3 күн бұрын айтқан өсиеті

24.03.2022
- Ислам, Қоғам
0
776
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бақилық боларынан үш күн бұрын барша мұсылмандарға былай деп өсиет қалдырған:

«Сендердің араларыңнан ешқайсыларың Алла туралы жақсы пікірде болмай өмірден озбасын» (Муслим, «Сифату л-Жәнна», 81 хадис). Бір мұсылманның бұл өміріндегі ең маңызды мәселелердің бірі, өйткені Алла Елшісі әрбір мүмінге осы шартты өлер алдында орындауды бұйырған. Ешқайсымыз қашан өлетінімізді білмейміз, демек әр сәт сайын, әр тынысымызда Аллаға сеніп, берген нығметтеріне шүкір етіп, жақсы тілек тілеуіміз керек.

Ал енді, «Алла туралы жақсы пікірде болу» дегеніміз нені білдіреді? Алла туралы жақсы пікірде болу/ойлау дегеніміз – Алланың адамға берген мол нығметіне рахмет айту, адал дегенін орындау, харам дегенінен бас тарту және бұларды сүйсініп орындау, ең бастысы Алланың бар және бір екеніне сену және Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың құлы әрі елшісі екеніне жүрекпен сену. Сонымен қатар, Алланың бізге деген қарым-қатынасынан үміттену, оптимист болу – ішкі дүниемізді сергек ұстау. Жақсы ой – Алланың бізге жақсылық жасайтынын, жақсы нәтиже беретінін ойлау және біз үшін жақсылық жасайтынынан үмітімізді үзбеу. Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) құтси хадисінде айтқандай, Раббымыз: «Мен құлым қалай ойласа, сондаймын», – деген. (Бұхари, «Таухид», 15; Муслим, «Әз-Зикир және Дуға», 2)

Жақсы ойда болу – бұл өзін-өзі нандыру, бос адасу және жалыну емес! Алла туралы жақсы ойда болу, тағдырды басқаратын иләһи құдіреттің бар екеніне, Оның шексіз мейіріміне, құдіреті мен хикметіне сену және оған иман ету дегенді білдіреді. Сонымен қатар, бұл ғаламның талапсыз емес екенін және барлық нәрсе Оның бұйрығы мен басқаруында екенін білуден келетін сенімділік, жайлылық және разы болу. Бір мүмін өмірінің әр сәтінде Аллаға деген жақсы ойын сақтауы керек, сондай-ақ ең бастысы бұл болжамын келесі жағдайларда қорғауы керек. Олар:

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026

а) қиындық пен күйзеліс жағдайларында бұл өмір – сынақ екенін ұмытпау. Бұл сынақ әлемінде әр адам біраз қиындықтармен сыналады. Қиындық пен күйзеліс болған жағдайда сабыр етіп, Алладан жәрдем тілей отырып Аллаға деген ықыласымызды сақтау міндетіміз.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) Меккеден Мәдина қаласына көшкенде, Хз. Әбу Бәкірмен бірге Сәур үңгірінде жасырынған. Мүшріктер олардың ізіне түсіп үңгірдің аузына дейін келгенде, Хз. Әбу Бәкір: «Әттең-ай, бізді ұстап алар ма екен!» – дегенде,                               Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Қайғырма! Алла бізбен бірге», – деп бұйырған. (Тәубе сүресі 40- аят)

Перғауын мен оның әскерлері Хз. Мұса мен оған иман еткендерді Қызыл теңіздің жағасына дейін арқасынан қуып келгенде: «Ой, ұсталдық!» – дейді. Мұса: «Раббым менімен бірге. Ол бізге міндетті түрде тура жолды көрсетеді» деген. (Шуғара сүресі, 62-аят). Бұған қоса, Алла Құран Кәрімде: «Әр қиындықпен бірге бір жеңілдік бар, иә, әр қиындықпен бірге бір жеңілдік бар» деп бұйырған. (Әш-Шарх сүресі, 5-6 аят).

Яғни, біртұтас болып, бірінен соң бірі келетін қиыншылықтар, бәлелер, жолымыздың болмауы және пәлекеттер сияқты жағдайларда өзімізді жалғыз, тастанды, қараусыз және дәрменсіз сезінбей, Раббымыздың бізді ешқашан жалғыз тастамайтынына және осындай сынақтар арқылы бізді тәртіпке келтіріп, сынағымыз арқылы ақыреттік дәрежемізді көтеретініне сенуіміз керек.

б) Аллаға дұға жасағанда және намаз оқығанда, Раббымыздың дұғаларымызды қабыл ететініне сеніп, сеніммен дұға етуіміз керек және бұл тұрғыда санамызды осындай түсінікке бейімдеуіміз керек.

Раббымыз: «Мен үшін дұға етіңдер, мен сендерге жауап беремін» деп бұйырған. («Мүмін» сүресі, 60-аят). Осыған қатысты Алла елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Алла дұғаларыңды қабыл ететініне сенімді болыңдар. Біліңдер, Алла немқұрайлы және (өзіне қатысты болмаған) басқасының ісімен айналысқанның дұғасын қабыл етпейді». (Тирмизи, «Дағуат», 66)

в) күнәмізге тәубе ету кезінде, Раббымыздың күнәларымызды кешіретініне сеніп, тәубе етуіміз керек. Қанша үлкен күнә жасасақ та, Алланың кешірімі мен мейірімінен үміт үзу мүмінге жараспайды. Бұл жайында Алла Құран Кәрімде былай деп бұйырады: «Айт: [Раббың айтты]: Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Күдіксіз, Ол – Кешірімді, ерекше Мейірімді». (Зумер сүресі, 53-аят)

г) өлім төсегінде, Кімнің қашан өлетінін бір Алла ғана біледі. Бірақ егер адам жағдайы тұрғысынан өлімге жақын екенін сезсе, ол Раббысы туралы жақсы ойда болып, қауышатынына дайындалуы керек. Алла Елшісі жоғарыда айтқан хадисті өлім төсегінде жатқанда айтып, сөзімен де, ісімен де Алланы жақсы көретінін көрсетті.

Соңында мынаны айта кетейік: Алла Тағалаға адал болу – ол туралы жақсы пікір қалыптастыру, ешнәрсе істемей құр қарап отыру емес.

Әрбір мұсылман өзінің қолынан келетін бар жақсылығын жасап, осыдан кейін Аллаға сеніп және Алладан жақсылығын үміт ету мен күту керек деп айтамыз. Яғни, Аллаға деген жақсы сезімдеріміз болса, үмітіміз де бар. Бізді жоқтан бар етіп жаратқан, бізге мол рызық берген Раббымыз, жақсы ойлардан айырмасын. Әмин.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

PhD Докторы

Таңбалар: иманИман келтіруИсатай Бердалиевнамазсенім
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Сұрақ-жауап

Намаздың хикметі неде?

22.07.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

05.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни радикалдану – қоғамға қауіпті құбылыс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    27
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    25
  • Діни төзімділік деген не?

    22
  • Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

    18
  • Дінтанушы: Деструктивті діни ағымдармен күресте алдын алу маңызды

    17

Соңғы жарияланымдар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00