Бейсенбі, 20 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Педофилдердің көбі тұрмыстық зорлық көргендер – Психолог

22.10.2021
- Қоғам
0
296
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Статистика бойынша соңғы 6 айда Қазақстанда балаларға қарсы зорлық-зомбылық, оның ішінде педофилия деректері 8 пайызға өскен. Кәмелетке толмағандарға қатысты анықталған 503 қылмыс тіркелді. Педофилдердің әрекеті әшкере болмай, ақыры жазасыз жүргендері қаншама?! Бұған көбіне құқық қорғау органдары тарапынан жіберілген қателік немесе психологиялық көмектің әлсіздігі себеп дейді мамандар.

«Немолчи.kz» қоғамдық бірлестігі ұсынған мәліметтер бойынша, біздің елдегі педофилдердің 20 пайызы құрбандарын айналасынан іздейді екен. Жәбірленуші көбіне олардың өгей қызы, қарындасы немесе көршісі болып келеді. Яғни, жыл басынан бері тіркелген 503 қылмысты жасғандар педофил өгей әке немесе анасымен азаматтық некедегі ер адам екені анықталған.

«Немолчи.kz» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың айтуы бойынша, қазір балалар өздеріне қарсы қылмыс жасалса, қайда хабарласап, көмек сұрарын білмей жатады.

 – Бұрын бізде балалар үшін 111 сенім телефоны болды. Оған ай сайын 5-6 мыңдай қоңырау түсетін. Қасқөйден зардап шеккен балалар психологиялық көмекке мұқтаж. Бала белгілі бір сенім телефонына хабарласуы керек. Мәселен, кей дамыған елдерде жеткіншекке арнайы қайта қалпына келтіру курсы тағайындалатыны секілді біздің елге де арнайы оңтайландыратын орталықтар қажеттігі туындап отыр, – дейді маман.

Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

19.08.2026
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

13.08.2026

Жақында алматылық ер адам 15 жастағы қызын зорлаған. Жәбірленуші сұмдық жағдайды диктофонға жазып алып, қоғам қайраткерлеріне жүгінген. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.

«Немолчи»  қорының айтуы бойынша, педофил өз әрекетін жасырмаған. Ол, тіпті, қызының өзіне бала туып бергенін қалағанын да жасырмай айтып берді.

–          Қыз бес жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оны өгей әкесі де қорлады. Ол 5 жасында, содан кейін 9, 11 жасында зорлық-зомбылық көрді. 5 жасында бір өгей әкесі, содан кейін екіншісі зорлаған. Қыз өз әкесінің үйіне білім алу үшін көшіп келген. Осы уақытқа дейін ол әкесін мүлдем танымаған, – дейді “Немолчи” қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Татьяна Корол.

Ал “Искра” психологиялық орталығының директоры Ботагөз Бекежанның айтуынша, педофильдердің көбі бала кезінде ата-ана, туысқандарынан зорлық әрекеттерін көп көргендер.

– Туған балаларын қаталдықпен ұрып-соғып жазаласа, ішімдік, отбасылық жанжал баланың көз алдында өтіп жататын болса, сәби өзіне деген сенімді жоғалтады. Бұл психологиялық, рухани, физикалық, құқықтық және жыныстық ауытқушылық болып табылады. Барлығымыздың бойымызда туғаннан бастап тұлғалық мінез іргетасының алғашқы баспалдақтары қалана бастайды. Салдарынан бала айналасындағыларды зұлым ретінде көре бастайды. Үмітсіздік, тығырықтан шыға алмау, мәселенің шешімін таба алмау осындай ешкімге керексіз балалардың оңай олжаны дағдыға айналдырып алуынан шығады, – дейді психолог.

Соңғы уақытта педофилия тақырыбы дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда қызу талқыға түсіп жатыр. Осыған қатысты өлім жазасына кесу керек дегенге дейін айтылып, әртүрлі ұсыныстар түсуде.

Психолог бала зинақорлығы – бұл қалыптан тыс әрекеті бар ауру категориясына жататын негіздегі кіріс бизнесіне айналған педофилияның бір көрінісі дейді.

Зорлыққа көбіне үлкендердің қарауынсыз қалған, ойын алаңында, үй маңында жалғыз-жарым ұзық жүріп қалған балалар ұшырап жатады. Немесе интернатта, тұрмысы төмен бейберекет отбасыларындағы қараусыз балалар да қамқорлықтың жоқтығынан жыныстық зорлық құрбандары болады.

Еске салсақ, соңғы бес жылда елімізде кәмелетке толмағандарды зорлау оқиғасы екі есеге өсті. Еліміздегі полиция басқармаларының мәліметінше түзеу мекемелерінде 1500-ден астам педофил жазасын өтеуде.

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: Педофил
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді
Жаңалықтар

Діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

18.08.2022
Педофилдерге электронды бақылау білезігі тағылды
Жаңалықтар

Педофилдерге электронды бақылау білезігі тағылды

20.04.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бас мүфти мешіт жамағатымен жүздесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»

    «Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

    1.6k
  • Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

    532
  • Ақпараттық шабуылдардан қорғану үшін қандай дағдылар керек?

    520
  • Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

    518
  • Діни уағыз бен насихат айтудың айырмасы неде?

    517

Соңғы жарияланымдар

Түрлі шарттарда жасалғанына қарамастан күнә барлық адам үшін бірдей ме?
Сұрақ-жауап

Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

20.08.2026
Әлемдік қауымдастық Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылдарын айыптады
Жаңалықтар

Әлемдік қауымдастық Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылдарын айыптады

20.08.2026
Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Жаңалықтар

Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

19.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00