Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кедейлік қорқынышты ма?

05.10.2021
- Қоғам
0
555
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кедей, пақыр, мұқтаж болуды кім қаласын?! Тағдырдың тауқыметімен оған душар болған, ауру-сырқау, кемтар мүгедек, еңбек істеуге қабілетсіз, өз күшімен табыс табуға шамасыз, басқаның көмегіне мұқтаж болғандар мен тапқан табыстары жанұясына, өзін асырауға, күнкөріс жасауға жетпейтін, баспанасыз жандар, жолда қалғандар шарасыздан осы топқа енеді. Бұл кедей-пақырлардың материалдық көмекке зәру болған бірінші тобы.

Ал, кедейліктің екінші тобына рухани жан-дүние кедейлігі жатады. Бұған Құдай қанша байлық берсе де, оған қанағат етпейтін, махаббат ниеттері дүниеге шексіз ауып байланған, оны пайдалы істерге жұмсауға, қайырымдылық жасауға қимайтын, кедей болып қалам ба деп қорқатын пенделер жатады.

Қазақ: «Байлықтың да бір жоқтығы бар, аштықтың да бір тоқтығы бар», «Байлық – қолдың кірі», «Байдың малы бір жұттық» десе, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсені бес нәрседен бұрын пайдаланып қалыңдар. Қартаймастан бұрын жастық шағыңды пайдалан. Өлместен бұрын өміріңді пайдалан. Кедейленбестен бұрын байлығыңды пайдалан. Ауырмастан бұрын денсаулығыңды пайдалан. Жұмыстан бұрын бос уақытыңды пайдаланып қал», – деген.

Кемеңгер ойшыл дана Абай: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе де баян жоқ екені рас. Жамандық та қайдан байланып қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?!» – деуі кедейлік те, байлық та баянды емес екенін анық айтып тұрғандай. Онда кедейлікке де шыдамдылық, сабырлық сақтап, барына қанағат ететіндер үшін оның да түбі бір жақсылыққа, кеңшілікке кенелері анық. Байлықты қолыңда тұрғанда екі дүниеде өзіңе сауап болатын қайырлы ізгі амал істерге жұмсап үлгермесең, оның да баяны мәңгілік емес.

Бітімгер – бейбітшілік елшісі

Бітімгер – бейбітшілік елшісі

23.06.2025
Аспан неге көгілдір?

Аспан неге көгілдір?

23.06.2025

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қанағат етушілер шындығында аш-жалаңаш болса да байлық иесі болады. Ал қанағатсыз адам шексіз байлық иесі болса да нағыз пақыр сол», – деген.

Кедейлік те, байлық та пенделерге берілген Алланың бір сынағы, одан сүрінбей өтсең, мәңгілік бақытқа қол жеткізе аласың. Пәни жалғандағы дүниеге қажеттілік: ас-су, баспана, киер киімге зәру мұқтаждарды, мүскіндерге, жолда қалғандарға,  құлдыққа түсіп, зорлық-зомбылық көргендерге қай дінде, қай қоғамда болсын көмектесіп қайырымдылық жасау – адамдық міндетіміз. Ал мұсылман дініндегі жүрегінде иманы бар пенделер үшін бұл – парыз. Ол ардақты Пайғамбарымыздың сүнеті.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған мұқтаж әлсіз кедейлерді тауып әкеліңдер. Шындығында Алла Тағала сендерге беріп жатқан жәрдемі мен ризығы іштеріңдегі әлсіз мұқтаж жандардың құрметі үшін берілуде», – дегені ақыл иелері үшін ой саларлық өнеге.

Ислам дініндегі бес парыздың бірі – зекет, садақалар да осы мұқтаж жандарға тиесілі. Бір рауаятта: Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ислам дінінің құрметі үшін кім не сұраса да ешкімнің месесін қайтармайтын еді. Бірде өзіне келіп жолыққан бір кісіге екі таудың арасына сыймайтын пәленбай мың қойды алдына салып айдатып жібереді. Ол еліне оралғанда қауымына: «Уа, жарандар! Ислам дінін қабылдаңдар! Расында Мұхаммед кедейленіп қаламын-ау деп қорықпайтын мәрт жан екен», – деп жар салады».

Расында кедей адамдар алғашқыда дүниеге қол жеткізу үшін кәлимаға тілдерін келтірсе, көп ұзамай Исламның, мына дүние мен оның бар құндылығынан да артық екенін түсініп, оны қатты жақсы көріп кетеді деген. Жомарттық кедейлерді мұқтаждықтан құтқарумен қатар дінімізге де пайда келтіретінін осыдан аңғаруға болады. Халқымыз: «Өмір үйретеді, үйреңбесең күйретеді», – демей ме. Кедейлік – кемістік емес. Бірақ та, бірін екіншісіне жеткізіп, үнемдей білу маңызды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үнемшіл болса, ол кедейленбейді» – десе, қазақта: «Дүние көпке емес, епке тоқтайды», «Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады», «Қоя жесең, қой қалады, тия жесең, тай қалады, қоймай жесең, нең қалады?», «Теңіз тамшыдан құралады» деп насихаттайтыны осыдан. Талаптанып, еңбектеніп, үнемдеп үйренсек, үйретсек, басқаға қол жайып кедейленіп қалудан аман болар едік.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақа ешуақытта мал, мүлікті кеміткен емес. Алла Тағала өзгелерге кешіріммен қараған құлының абыройын асқақтатады. Сондай-ақ, Алла үшін кішіпейіл болған әрбір адамның дәрежесін өсіреді», – деген екен.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерге жеті түрлі пәле келмей тұрып сауапты істерді орындап алыңдар. Сендерге бәрін ұмыттыратын кедейліктен, не болмаса азғырушы байлықтан, не болмаса қапыда қалдыратын аурудан, не болмаса халіңді, қуатыңды кетіретін қаусаған кәріліктен, не болмаса кенеттен келген ажалдан, не болмаса зұлымдықтың ішіндегі ең сорақысы дажалдан, не болмаса дүниенің бәрінен де ауыр әрі ащысы ахиреттен басқаны күте аласыңдар ма?» – депті.

Мына бір мысал кедейліктен қорқатындар үшін ғибрат аларлық: Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның шыдамды, сабырлы, еңбекқорлығын сынамаққа бір құмырсқаны құтыға салып, бір жылғы тамағы – бір бидайды жанына қойып, «бір жыл құтыда боласың» депті. Құмырсқа құтының аузы жабылмай-ақ бидайды сүйретіп, айналып жүгіре бастапты.

Бір жыл уақыты да өтіп, Сүлеймен пайғамбар құтыны ашып қараса, құмырсқа жарты бидайды көтеріп сол айналып жүгірген қалпы екен. Сүлеймен патша: «Ақымақ құмырсқа, мына жүгірісің не, шаршамайсың ба? Дәнді де жеп бітірмепсің?» – десе, құмырсқа: «Нәпсіқұмар адамзаттың патшасы, дүниемен айналысып жүріп мені ұмытып кетсең, аштан өлмеймін бе, үнемдей білу жоқшылыққа, ашаршылыққа апармайды. Сақтықта қорлық жоқ. Ал жүгіріп қозғалу, еңбектену – өмір сүру, тіршілік жасау негізі. Ал бидайды қозғап желдетпесең, ол да шіріп кететінін білмейсің бе?» – депті. Сүлеймен патша құмырсқа жауабына тәнті бопты.

Ұшқан құс, жүгірген аң, құрт-құмырсқаның тілін білген, жын-шайтандарды өзіне қызмет жасатқан, дүниенің байлығын иемденген Сүлеймен пайғамбар тек өз еңбегімен тапқан ақшаға алған тамақпен ғана қоректенеді. Асып-тасымай, Алланың көрсеткен тура жолымен өмір сүрген ол қарапайымдылық, жомарттылықтың өнегесін қалдырып, бұл жалған дүниеден өте шықты бар байлығын қалдырып.

Жалған дүние жым-жылыс ештеңе де болмағандай. Ойлан, бауырым!..

Малғаждар ЖЫЛҚЫШЫБАЙҰЛЫ

Таңбалар: ақыретБайлықдүниекедейлік
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Дүниеге қызықпаудың сыры 

20.03.2025
Ал сіз әлемге не бердіңіз?
Қоғам

Ал сіз әлемге не бердіңіз?

20.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Олимпиада чемпионы дінге бет бұрғандықтан қысымға ұшыраған

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

ҚМДБ жастар секторы «Jas Keñes Sıylığı» шарасына қатысты
Жаңалықтар

ҚМДБ жастар секторы «Jas Keñes Sıylığı» шарасына қатысты

23.06.2025
«Әбу Ханифа» медресе-колледжінің түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды
Жаңалықтар

«Әбу Ханифа» медресе-колледжінің түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды

23.06.2025
«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді
Жаңалықтар

«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді

23.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00