Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Олимпиада чемпионы дінге бет бұрғандықтан қысымға ұшыраған

05.10.2021
- Жаңалықтар
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Спортшылардың дінге бет бұруы қандай келеңсіздіктерге әкеліп соғуда. Қазақстан ғана емес, Азияда бірінші рет жасөспірімдер арасында байдарка және каноэде есуден 3 жыл бұрын олимпидада алтын медаль алған қызылордалық Диас Бахраддин қазір қолдаусыз қалдым дейді. Чемпионның сөзінше, медаль алып келгенде сол кезде облысты басқарып тұрған Қырымбек Көшербаев берген үйді шенділер қайтарып алған.

Диастың сөзінше, бапкерлер тарапы өзінің намаз оқып, дінге бет бұрғанына қарсылық білдіріп жаттығуына мүмкіндік бермегенін айтты.

Бұл сол кезде 16 жаста болған Диас Бахраддиннің өміріндегі ең бақытты сәт. 2018 жылы Аргентинада өткен үшінші жазғы олимпидада ескек есуден жеңіс тұғырынан көрініп, көк туды көкте желбіреткен Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион атанған кезі. Байдарка жеңімпазын Қызылорда облысының басшылары да төбелеріне көтере күтіп, тіпті пәтер сыйлаған екен. Алайда уақыт өте бұл құрметтің бірі де қалмады деп қынжылады чемпион. Өйткені Диасқа сол кезде берілген үйді осыдан 7 ай бұрын өзі оқыған оқу орнының басшылығы алып қойыпты. Тіпті жаттығуына қысым күшейіп, ақыр соңы колледжден шығарып жібергенін айтады.

“Менің тренерлерім сол намазыма қарсы болды. Намаз оқысаң спорттан шық. Болмаса үйіңде оқы деген сондай қысымдар болды. Мен жаттығуға барғанда қайығымды алып қойған кездер болды. Тіпті сборға апармаған кездер болды. Қысым қатты болды”, – дейді Буэнос-Айрес-2018 чемпионы Диас Бахраддин.

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

25.05.2026
Ақмола облысында «Жалынды Jastar CAMP 2026» лагері өтті

Ақмола облысында «Жалынды Jastar CAMP 2026» лагері өтті

24.05.2026

Диастың айтуынша, олимпидадан кейін сәждеге бас қойған оның карьерасында қиындықтар басталған. Тіпті осы кезде де өз қалтамнан ақша шығарып жаттығуымды жалғастыра бердім дейді. Алайда өзі айтқан аяқтан шалу әрекеттеріне ақыр соңы шыдай алмаған спортшы Түркістан облысының құрамасына ауысуға бел буыпты. Ал колледж басшылығы қызметтік баспана Диастың басқа облысқа кетуіне байланысты алынды деп отыр. 2 курс студентін оқудан шығаруға оның үлгерімінің нашарлығы себеп болды дейді.

Жалантөс Бахадүр атындағы мамандандырылған колледж директорының орынбасары Бауыржан Есмағанбетов Диастың арнайы заң аясында оқудан шығарылғанын айтты.

“Егер спортшы өзінің жаттығуын тоқтатса немесе академиялық үлгермесе, жаттығуды жіберіп алса, оқушылар қатарынан шығарылсын деген заң бар. Сол заңмен оқушылар қатарынан шығарылды”, – дейді ол.

Ал жаттықтырушылар спортшының намазына қатысты қысым болмады және жаттығуына да барлық жағдай жасағанын жеткізді.

Бірақ қазір Түркістанда жаттығып жатқан Диас Бахраддин мұнда да жағдайдың мәз емес екенін айтады. Арманы асқақ жас спортшы егер Қазақстаннан қолдау болмаса, спорттық мансабымды Түркияда жалғастырамын деп шешіпті.

Таңбалар: дінҚазақстаннамаз
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы
Сұрақ-жауап

Имам жамағат намазын созып оқығаны дұрыс па?

18.05.2026
Ислам

Отанды сүю – иманнан

08.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жұма намазына келгенде көлікті жолға қалдыру күнә ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    595
  • Өте маңызды өсиет

    277
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    155

Соңғы жарияланымдар

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды
Жаңалықтар

Павлодар: «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды

25.05.2026
Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы
Сұхбат

Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

25.05.2026
Соңғы алты дирхам…
Ғибратты әңгімелер

Соңғы алты дирхам…

24.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00