Бейсенбі, 10 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаназаға қатысты кейбір мәселелер

13.08.2021
- Қоғам
0
1.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Жан бар жерде қаза бар» демекші, өлім хақ. Осы ретте жаназа рәсімдерінің жөн-жоралғысын шариғат тәртібімен жасап, ақтық сапарына аттандыру маңызды. Мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазын оқу, жерлеу рәсімдері. Кей өңірлерде мәйіттің қызметінен бұрын мал сою, халыққа ас беру сияқты амалдарға ерекше мән беріліп, мәйіт оң жақта жатып қалады. Көптеген мұсылман елдерінде мәйіт шығарылғаннан кейін ас беріледі. Дұрысы – осы.

Бұрынғы көненің көзін көріп жүрген үлкен кісілеріміз төсек тартып жатқан кезінде молданы шақыртып, «иманымды үйірсін» деп жататын. Мұндай кезде Құран оқылып,«Ләә иләһә иллаЛла» кәлимасын айтқызады. Егер өздігінен айта алмаса, құлағының түбіне бірнеше рет қайталанады. Себебі мұсылманның соңғы сөзі «Ләә иләһә иллаЛла» болса, дүниеден жақсы өткенінің бір ишарасы.

Жаны шыққаны анық белгілі болғаннан кейін көзі жұмылады, себебі шыққан жанға адамның көзі түскендіктен, ашық қалады. Жағы байланып, аяқ-қолдары түзетіледі. Жаназа намазы оқылғанға дейін оң жаққа қойылады. Екі адам қолдарына арнайы медициналық қолғап киіп, мәйіттің ішкі дәретін алдырады.

Осы жерде айта кету керек, кейбір адамдар бұрынғылардың қолғапты шүберектен жасағандығын алға тартып, қазір де солай ету керек деп жатады. Бұл – қате пікір. Себебі бұрынғы уақытта арнайы медициналық қолғаптар болған жоқ. Барымен амалдауға тура келді. Ал қазір бұл әрі ыңғайлы, әрі тазалық тұрғысынан да – ең тиімдісі. Біріншіден, мәйіт таза жуылады, екіншіден, жуған адам да жиіркенбейді, үшіншіден, неше түрлі аурулардың таралуының алдын алады.

Ана сүті туралы хикая

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
Ислам және жол ережесі

Ислам және жол ережесі

02.07.2025

Тағы бір ескерте кетер жайт, кейбір адамдар сол мәйіт жуған бөлмеге көрпе салып, қабіршілерге тамақ береді. Мұндай бөлмені хлормен тазалап жуып, есік-терезесін ашып, екі-үш күн жел қақтыру керек. Онда ас ішуге болмайды.

Кейбірінің мәйітті жуған лас шүберекпен науқас адамды немесе малды сипайтынын да естіп жатамыз. Мұндай әрекеттер тазалыққа, мұсылманшылыққа да жат нәрсе. Ондайдан абай болғанымыз абзал. Мәйітті жуындыруға пайдаланған қолғап, шүберектер өртеледі.

Мәйіттің іші кеуіп көтерілмес үшін үстіне ауыр зат қоюға болады. Киімі шешіліп, асты-үстіне жұқа төсеніш төселіп, шығаратын күні толық жуылғанша сол бөлмеде мәйіттің оң жағы құбылаға келетіндей етіліп, жүзі құбылаға бұрылып жатқызылады. Кейін мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсіміне дайындалады.

Мәйітке жылау мәселесіне келсек, пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл жөнінде: «Менің көздерім жылайды, жүрегім қайғырады, бірақ тілім Алланы, тағдырды жазғырмайды», – деген екен.

Әрине, жақыныңның қазасы қабырғаңды қайыстырады. Бірақ мұсылманшылық әдептерін сақтап, мәйіттің жағын ойлаған дұрыс. Себебі хадисте орынсыз сөздермен жоқтаудың кесірінен мәйіттің зиян шегетіндігі айтылады. Әсіресе, мәйітті алып бара жатқанда әйел адамдардың артынан жүгіріп, айқайлап, дауыс көтеруі жөн емес. Оның орнына Алла алдынан жарылқасын, жақсылығын көбейтсін деген ниетте іштей дұға-тілекте болу қайырлы болмақ.

Ғабит МАТКАРИМОВ,

Ақтөбе облысы

Таңбалар: жаназажерлеу рәсімі
Бөлісу40Твитерге25Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Бесінші тәкбірім «өлік» болып жүрген тірілер үшін

12.04.2025
Кісі қайтқанда «Иманды болсын» деп айту дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Кісі қайтқанда «Иманды болсын» деп айту дұрыс па?

29.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Талибан бақылауға алған уәлаят орталығы 10-ға жетті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Әбу Ханифаның шариғи дәлелдерді алудағы  әдісі қандай?

10.07.2025
Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады
Жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады

10.07.2025
Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00