Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Садақа ретінде қандай нәрсені беру керек?

24.09.2020
- Сұрақ-жауап
0
335
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Берген садақа қандай болуы тиіс?

Жауап: Садақа берген уақытта адам беретін затының ішіндегі ең жақсысын, сапалысын әрі бағалысын береді. Садақа етіп затының арасынан мерзімі өткен немесе сапасы төмен затты беру дұрыс емес. Қимас әрі қатты ұнататын нәрселерін беру – қайырлы амал. Бұған мына аят дәлел болмақ:

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла оны толық біледі» (Әли Имран: 92). Демек Құранда сөз еткен «жақсылыққа» жету үшін өз жағдайына байланысты мүмкіндігінше ең жақсысын садақа ету қажет.

Мысалы, Әбу Талһа садақа бергенде қолында бар малының ең жақсысын әрі тәуірін беруде алдына жан салмаған жомарт жандардың бірі еді. Оның ең жақсы көрген дүниесі – Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің құбыла тарапында орналасқан Бәйруха деп аталатын құрма бақшасы еді. Бұл бақша Мәдина шаһарындағы үлкен құрма бағы болатын. Пайғамбар (с.ғ.с.) да осы бақшаға жиі келіп, демалып су ішіп кететін.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Әбу Талха «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» деген «Әли Имран» сүресінің 92-ші аяты аян болған кезде, Пайғамбардың (с.ғ.с.) жанына барып:

– Уа, Алланың Елшісі!  Ұлы Алла «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар», – деп бұйырған екен. Менің ең сүйген мүлкім Бәйруха ғой. Соны Алла жолында садақа етемін. Сол үшін Алла тарапынан берілетін сауаптар ақыреттік азығым болса деймін. Уа, Алланың Елшісі, мұны өзіңе бердім. Алланың қалаған жеріне қолдан, – деп өзі жақсы көретін бақшасын ықыласпен Алла жолына арнайды.

Пайғамбар (с.ғ.с.) оған риза болып: «Жарайсың! Бұл нағыз пайда келтіретін бақ. Расында да пайда келтіретін бақ. Бау-бақшаны туған-туыстарыңа жұмсауыңды дұрыс көремін», – деп кеңес берді. Бұдан соң Әбу Талха бақшаны жақын бауырларының балаларына бөліп береді. (Бұһари)

Жүрегі жұмсақ әрі жомарт Әбу Талха садақа ретінде өзіне керексіз болған дүниені берген жоқ. Керісінше ең жақсы көретін бағын қайырымдылық үшін тарту етті. Ағайын арасын нығайтып, өзінен кейінгі мұсылмандар үшін үлгі бола білді.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫқайырымдылықПайғамбарсадақа
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында форум өтті
Жаңалықтар

«Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында форум өтті

21.04.2026
Қостанай: 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Жаңалықтар

Қостанай: 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

16.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123472 бөлісті
    Бөлісу 49389 Твитерге 30868
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00