Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ана тілін білмейтін адам жұмаққа кірмей ме?

19.06.2020
- Сұрақ-жауап
0
757
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ана тілін білмеген адам жұмаққа кіре алмай ма?

Жауап: Жалпы, ислам дінінде фиқһ мамандарының қоғамдық қатынасты реттеуге қатысты ережелер бекітуіне (ижтиһад) рұқсат етілген. Қоғамда туындаған мәселені оң реттеу үшін фуқаһалар (заңгерлер) өз ой-тұжырымдарын ортаға сала алады. Ал, ғибадат пен ақыреттегі ахуалға қатысты мәселелердің үкімдерінің басым көпшілігі Құран және сүннетте қарастырылып қойғандықтан, мутәкаллимдер ақыретке қатысты діни үкімдерге талдау және түсіндірме жасаумен ғана шектеледі.

Сіз көтеріп отырған мәселеге қатысты ислам дінінде нақты пәтуа берілмеген. Анығында, ислам діні әсіреұлтшыл болуды құптамайды. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімнің «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Уа, Адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттарға, руларға бөлдік. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шексіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы», – деп, күллі адамзат баласының бір-біріне туыс екенін (қандық тұрғыда) ескертеді.

Парасат падишасы – Мұхаммед (с.ғ.с.) да өзінің хадис-шаріптерінде: «Нәсілшілдікті қоздырған бізден емес...» (Мүсілім, Имарат/57) және «Басыңызға құлағы тесік хабашстандық қап-қара құл имам болып тағайындалып, ол Алланың Құранымен басшылық жасаса, оған мойынсұныңыз» (Ибн Мажа, Жиһад) деп, мұсылман қауымын асқын ұстанымдағы ұлтшыл болмауға шақырған.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Ал егер, кімде-кім: «Ана тілін білмеген жұмаққа кіре алмайды» десе, ол кісі қателеседі. Себебі, Құран Кәрім мен сүннетте һәм ғұламалардың көзқарастарында ондай нақты дерек айтылмаған. Десе де, Алла Тағала Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 4-аятында: «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана» деп, Алланың елшілері мен нәбилері жіберілген қауымның тілінде насихат жасағанын айтып өтеді.

Жалпы, араб тілін үйрену оңай емес болғандықтан, ислам діні таралған алғашқы дәуірлерде өзге ұлт өкілдері Хақ діннің құндылығын толық түсіне бермеген. Осы себептен де, ислам діні таралған өлкелерден шыққан дін ғұламалары исламды өз тілдерінде түсіндіруді қолға алған.

Мысалы, түркілер тұңғыш құрған ислам мемлекетіндегі* ғұламалар жергілікті халықтың тілінде уағыз-насихат айта бастаған. Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. ғұламалардың трактаттары осы мазмұнда жазылған еді. Соңында бұл әдіс өз жемісін беріп, Мәураннахр мен Түркістан тұрғындары Хақ дінді қабылдады.

Дінімізде әсіреұлтшылдық құпталмағанмен, ұлттық ерекшеліктерді шегінен асырмай ұлықтауға болады. Айталық, Алла Елшісі: «Мен екі құрбандықтың ұлымын**» (Бұхари, Мәнақиб: 23), деп өз бабаларының жанқияр ерліктерін үмбетіне үлгі-өнеге еткен. Олай болса, белгілі бір аймақта өмір сүріп жатқан үмбетті біріктіретін факторлардың бірі – сондағы ұлттың тарихы немесе тілі болса, онда сол құндылықтардың негізінде топтасу – дінге кереғар емес.

Бірақ, қалай болғанда да, ұлтшылдықтың шегінен шықпау қажет. Өйткені, Хақ Елшісі (с.ғ.с.) «Қоштасу құтпасында: «Бәріміз Адам атаның ұрпағымыз, ал Адам топырақтан жаратылған. Алла назарында құрметке лайық жан – Одан ең көп қорқатын адам. Арабтың араб емеске үстемдігі жоқ. Адамдар бір-бірінен тақуа дәрежесіне қарай үстем бола алады», – деп пенденің бір-бірінен артықшылығы діндарлықта екенін еске салады.

Мұхан ИСАХАН

* Қарақан мемлекеті.

** Бабасы Ибраһим пайғамбар мен атасы Мутәліптің өз ұлдарын құрбан етпекші болғанын меңзеп отыр.

Таңбалар: адамжұмақҚұранМұқан Исахансүресұрақ-жауап
Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Жатар алдында қандай сүре, дұғаларды оқыған абзал?

25.11.2025
Жұмақ есігінде не жазылған?
Ғибратты әңгімелер

Жұмақ есігінде не жазылған?

23.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дәббуси - Хилаф ілімінің құрушысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123368 бөлісті
    Бөлісу 49347 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00