Жексенбі, 23 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Анаға қызмет – пайғамбарлар дәстүрі

27.04.2020
- Қоғам
0
433
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әкесіз жетім – жарты жетім,
шешесіз жетім – анық жетім

Ананың ақ сүтін ақтау міндеті сонау Адам ата заманының жалғасып келеді. Алла Тағала ананы сыйлау мен құрметтеуді тек Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мен оның үмбетіне бұйырған жоқ:

«Біз адамзатқа әке-шешесіне жақсылық істеуін әмір еттік…» (Ахқаф: 15).

Баланың мойнындағы бұл міндет алқашқы кездегі пайғамбарлар үшін де парыз болған. Мысалы, «Далилу әс-Саилин» кітабында ананың баласы үшін жасаған дұғасына қатысты мынадай әңгіме келеді:

Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

19.08.2026
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

13.08.2026

Бір күні Мұса пайғамбар Алла Тағаладан:

– Уа, Раббым! Маған жәннаттағы менің досымды көрсетші,–деп өтінеді.

Оған Алла Тағаладан:

– Ей, Мұса! Мына жолдан бірінші болып кім өтсе, сол сенің жәннаттағы досың болады,–деп уахи келген екен.

Біраз уақыттан соң жолдың бойымен бір адам өтеді. Мұса пайғамбар: «Бұл адам жәннатта пайғамбарлармен бірге болатындай қандай ізгі амал жасаған екен?» – деген оймен әлгі кісінің артынан ереді.

Бір кезде әлгі адам үйге кіреді. Мұса пайғамбар сығалап әлгі үйді қараса, үйде қария кемпір бар екен. Әлгі  кісі бір уыс етті қуырып, кейін кемпірдің қасына отырып, етті оның аузына салады, оған су береді. Кейін далаға шығады.

Мұса пайғамбар сыртқа шыққан әлгі адамнан:

– Алланың атымен! Бұл кейуана кім?–деп сұрайды. Бұл кісі өзінің алдында Мұса пайғамбардың тұрғанын білмейді. Себебі, Мұсаны бұрын көрмеген еді. Мұсаның қойған сұрағына ол:

– Бұл қария – менің анам,–деді.

Мұса пайғамбар:

– Ол сен үшін Аллаға қандай дұға қылады? –деп сұрайды.

Әлгі адам:

– Расында анам мен үшін үнемі бір ғана дұға жасайды,–деп жауап береді.

Мұса пайғамбар:

– Ол қандай дұға?–дейді.

Әлгі адам:

– Анашым мен үшін: Ей, Алла! Менің ұлымды жәннатта Имранның ұлы Мұсамен бірге қылғайсың! деп сұрайды,–деді.

Сонда Мұса пайғамбар оған:

– Олай болса саған қуанышты хабарым бар. Алла сенің анаңның дұғасын қабыл етті! Имранның ұлы Мұса – мен боламын,–деп айтыпты. Осылайша Алла Тағала әлгі кейуананың баласы үшін жасаған дұғасын қабыл алып, оның ұлын жәннатта Мұса пайғамбардың көршісі қылған екен.

Әрине, бұл ғажайып жағдай ананың дұғасымен орындалды. Бұл қисса түсіне білген адам үшін үлкен ғибрат. Қазақ: «Әкесіз жетім – жарты жетім, шешесіз жетім – анық жетім», – деп бала өміріндегі ананың орнын дәл көрсеткен.

Абдулла ибн Омар ибн Хаттаб (Алла ол екеуіне разы болсын) қажылық маусымында арқасына қарт кемпірді мінгізіп, Қағбаны тауап етіп жүрген адамды көреді.

Мұны көрген ол:

– Арқаңа міңгізіп алған адам кім?–деп сұрайды.

Әлгі адам:

– Бұл менің анам.  Көрдің бе, ей, Ибн Омар! Мен оның ақысын өтеп жатырмын?–дейді.

Сондағы Ибн Омардың жауабы:

– Аллаға ант етейін! Сен қанша тыраштансаң да, анаңның сені босанар алдындағы бір толғағына да жетпейді, –деген екен.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) саңлақ сахабалары әрдайым өз ата-аналарына үлкен құрметпен қараған. Ибн Аббас (р.а): «Мен Аллаға жақындататын, ананы сыйлаудан артық амалды көргенім жоқ», – дейді. Ғалымның бұл сөзінен шығатын қорытынды – Аллаға жақын болайын деген адам анасын сыйласын, оған құрмет көрсетсін. Бүгінде өкінішке орай біз кейбір жағдайларда баланың ата-анасына қарсы сөйлеп, оларды ренжітіп жатқан жастарды көреміз. Бұған белгілі жағдайда өзіміз де кінәліміз.

Бала кезінде тәрбиеге дұрыс көңіл бөлмейміз. Мектепке жіберуге асығып, барлық жауапкершілікті бала бақшадағы тәрбиешіге, мектептегі мүғалімге артамыз. Бос уақытта қолдарына гаджет беріп, еркіне қоямыз. Шаңырақта отбасылық құндылықтарды, діл мен дәстүр тиісінше айтылмайды. Оларды «озық мәдениет» деп қазақ менталитетіне келе бермейтін «түрлі құндылық» атауларына қызықтырып өсіреміз. Осының барлығы өз септігін тигізіп жас ұрпақ ата-анасына «сен» деп сенкілдеп, құрметтен алшақ өседі.

Өткенде желіні шулатып, парасатты азаматтардың жағасын ұстатқан жастардың жат қылығы осының бір дәлелі ғана. Естеріңізде болса еліміздің әнұранының әуенін бұзып «челлендж» деп атап, сол арқылы өздерін танытпақшы болған жастардың әрекеті осыған дәлел. Ең сорақысы сол – олар өздерінің бұл әрекетін өресі көрмеулері. Рәмізді мақа ету түкке тұрмайды, олар үшін бұл намыс емес. Келешектте мұндай жасөспірім ата-ана алдындағы қасиетті борышты түсіне қоймасы анық. Біз ана мен атаға құрмет қылу дәстүрі ертедегі пайғамбарлардан бастау алғанын естен шығармай кейінгі ұрпаққа сабақтастықпен жеткізуіміз тиіс.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫИслам діні
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақтарға Ханафи мәзһабын ұстану міндет пе?
Сұрақ-жауап

Діннің қоғамға тигізер қандай әсерлері бар?

05.08.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі

09.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жақыны қайтыс болғанда Пайғамбар өзін қалай ұстаған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Исламда жала жабу туралы не айтылған?

    Исламда жала жабу туралы не айтылған?

    218
  • Қожанасыр туралы халықаралық фильмнің түсірілімі аяқталады

    217
  • Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды

    210
  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    20
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    16

Соңғы жарияланымдар

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды
Сұхбат

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026
Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды
Жаңалықтар

Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды

22.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00