Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Радикал шәкірт қайдан шығады?

16.09.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
354
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін жұмысқа келе, әріптесімнің бірі мешіт жанынан ашылған діни сауат курсында оқыған шәкірттің бірі радикалданып кеткенін жеткізген болатын. Осы орайда Мұхаммед пайғамбардың «Егер қандайда бір жамандықты көрсең, оны қолыңмен тый. Оған шамаң келмесе, онда аузыңмен айтып тыюға тырыс. Оған шамаң келмесе, онда бұл істі жүрегіңмен жек көр» деген өсиеті есіме түсіп, facebook-тегі жеке паракшама «Мешіттегі кейбір ұстаздардан білім алған шәкірттер неге радикалды көзқарасқа жақын?» деген көпшілікке сұрау салып жазба қалдырған едім.

Тақырыптың өзекті екенінің белгісі болса керек, дін саласында қызмет етіп жүрген тұлғалардың біразы пікір білдіріпті. Сала мамандарының бұндай ойлары тек фейсбукте қалып қойғанынан, сайтта тұрғанын дұрыс көріп, оқырмандарға ұсынып отырмыз.

Жазылған жазбаға дінданушы Жалғас Асхатұлы «Мұсылман қандай ұстаздан білім алса да, ақылын іске қоспай алған ілім оны соқыр еруге «тақлид» жетелейді. Нәтижесінде, алғаны, білгені ақиқат болып көрінеді де өзгемен санасуды білмей радикал болып шыққанын аңғармай қалады» деп алғаш пікір қалдырған екен.

Ал Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі Кеңшілік Тышқан жоғарыда қалдырған сұраққа көлемді жауап бере кетіпті.

Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

01.07.2025
Жат ағымдар – отбасының жауы

Жат ағымдар – отбасының жауы

18.05.2025

«Дінді ғылымсыз (жалаң) үйреткендіктен! Өйткені діни мәселелерді ғылыми деңгейде (жан-жақты) қарастыруға ұстаздың да өресі жетпеген. Ал догмалық, эмоциялық деңгейде үйретілген дін міндетті түрде радикализмге сүйрейді» деген.

Сондай-ақ Кеңшілік Тышқан радикалды көзқарастың бес түрлі шығу себебін атап өтті.

Олар,   біріншіден, радикализм ұғымына, шекарасына анықтама (жан-жақты) берілуі керек. Кейде бес уақыт намазын қаза қылмай оқитын адам басқа біреудің көзіне радикал болып көрінуі мүмкін.

Екіншіден, медресе білім бағдарламасының әдістемелік жетілуін қарау керек. Қазіргі талап, уақыт, кеңістік тұрғысынан.

Үшіншіден, адамдардың дінге келуіне уақыт тұрғысынан баға беру керек. Алғаш дінге бет бұрған кездерде, әсіресе, жастар қаттырақ болуы мүмкін.

Төртіншіден, дін мен қазіргі қоғамдық қатынастарда ұстаздың біліктілігіне талаптар болуы керек. Айтқаны дұрыс болуы мүмкін, бірақ уақыты келмеген болуы мүмкін. Сондықтан, дін саласындағы білім беруге мықты, өжет, мектепте маңдай алды болған жастарды тарту керек.

Бесіншіден, діни білім жалаң болмауы керек. Саясаттан, мәдениеттен, тарихтан, дәстүрден хабары болмаған адам радикализмге бейім болады. Сондықтан дін мен ғылым қатар жүруі тиіс.

Түркияның Кайсери қаласындағы Хасеки академиясының түлегі Роман Бұрқаш мәселеге қатысты төмендегідей пікірін білдірді.

  1. Қанша Ханафи болсын, Матруди болсын айналасындағы сәлафизмнен бәрі әсерленбей қоймайды. Тіпті ұстаздар да. Оларды сәләфизмнен әсерленген Ханафилер дейміз.
  2. Қазіргі мұсылмандық теорияда белгілі бір деңгейде радикализм бар. Құл иеленушілік, күң иеленушілік, мұртад, жиһад, рәжм, кәпірлер мемлекетін басып алғаннан соң олжа мен тұтқындарға қатысты мәселелер т. б. мәселелердегі қағидаларда белгілі бір деңгейде радикализм бар. Қазір бұл мәселелер мұсылман әлемінде теория жүзінде оқытылады. Бұлар әрине санаға әсер етпей қоймайды.

Ал, елімізге белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан көтерілген мәселенің  Алматы қаласында тенденцияға айналғанын жазған.

Қазислам порталының бас редакторы Саясат Идеятұлы «Бұл құбылыс діни білім беру жүйесіне реформа жасау керек екенін білдіретін сияқты. «Адамзатқа әуелі тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген әл-Фарабиге телініп жүрген пікірдің жаны бар. Индивидуализм, өзімшілдік өршіп тұрған қоғамда өмір сүріп бастаған балаға діни білімді тарс еткізген соң, осындай радикал көзқарастар өрши берері хақ. Сондықтан бірінші дінді дәстүр арқылы сіңіріп, сосын барып ғылым жолына түсуді мақсат еткен жасқа діни білімді оқыту керек секілді» деген ұсынысын жеткізген.

Жалпы радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуы бүгінде бір елдің ғана емес, жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің біріне айналды.

Радикализм – белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану деген мағынаны білдіреді. Зерттеушілердің пікірінше, радикализм ұстанымы қалыптасқан қоғамдық дәстүр мен үрдістерді, көзқарас пен институтты өз идеологиясына қарай өзгертуге бағытталады.  Қай дінде болсын діни радикалды идеологияның кез келген елдің қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, моральдық-рухани құндылықтарына, жалпы алғанда қоғамның бірлігі мен ынтымағына төндірер қауіпі зор.

Ислам діні – барша халықты бірлікке, ынтымаққа шақырушы бейбітшілік діні. Өкінішке қарай, әлем сахнасында ислам, мұсылман атын жамылған лаңкестік ұйымдар мен топтар ислам дінін қол шоқпарға айналдыру үрдісі әзірге тоқтар емес?!

«Құдай сақтансаң ғана сақтайды» деген ұстанымды  естен шығармаған жөн секілді.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: діни радикализмТұрар Түгелұлы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

7 сауал үшін 700 шақырым жол жүрген

04.04.2025
Радикал-рецидивистер әрекетінің жолы кесілді
Жаңалықтар

Радикал-рецидивистер әрекетінің жолы кесілді

14.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұхаммед пайғамбар исламды қалай сипаттаған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00