Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Онлайн радикализмнің себептері

13.04.2026
- Ағымдар ақиқаты
0
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

83
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі цифрлық дәуірде интернет адамдардың ақпарат алу, пікір алмасу және қарым-қатынас құру алаңына айналып отыр. Алайда пайдасымен қатар, зиянды тұстары да бар екені жасырын емес. Атап айтқанда, онлайн кеңістікте радикалды идеялар, экстремистік және террористік ойларды насихаттайтын контенттер кең таралуда. Сырт көзге зиянсыз  көрінгенімен, ар жағында өте қауіпті топтар тұрады. Және сол топтар интернет арқылы адамның көзқарасын біржақты өзгертіп, қоғамнан оқшауланған, шектен тыс идеологияға тартуға тырысады. Әдетте мұндай манипуляцияға жастар жиі ұшырайды. Себебі олар әлеуметтік желілерде белсенді, жаңа ақпаратты тез қабылдайды және кейде оның шынайылығын тексермейді.

Қазақстанда да бұл мәселе өзекті болып отыр. Сол үшін мемлекет тарапынан интернет кеңістіктегі күмәнді әрі заңсыз контентті бақылап, халық арасынан ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жүр. Әсіресе, мектеп оқушыларына, студенттерге алдын алу шаралары ұйымдастырылып жатыр.

Қазақстанда тыйым салынған материалдарды тарату немесе экстремистік контентті насихаттау қылмыстық жауапкершілікке жатады. Соңғы деректерге қарасақ, мұндай істер жиі тіркелген. 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм және экстремизмге байланысты 17 адам сотталған. Олардың арасында әлеуметтік желі арқылы радикалды қауіпті идеяларды таратқандар да бар. Мысалы, Көкшетау тұрғыны шетелде жүріп, интернетте терроризм мен діни экстремизмді насихаттағаны үшін  9,5 жылға сотталған. Жалпы заң бойынша тек контентті тарату ғана емес, оны сақтау, репост жасау немесе әлеуметтік желілерде бөлісу де қылмыс боп саналады. Бұл шаралар қоғамды радикалды идеологиядан қорғауға бағытталған.

Онлайн радикализмнің алдын алу үшін әр адам сыни ойлау қабілетін дамытуы  қажет. Кез келген ақпаратты тексеру, күмәнді сайттар мен топтардан аулақ болу – қауіпсіздіктің басты шарттары. Ата-аналар мен ұстаздар да жастарға дұрыс бағыт беріп, интернеттегі қауіптер туралы түсіндіруге тиіс.

Хизбут-Тахрир қандай ұйым?

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма

Діни экстремизм және адам құқығы

19.05.2026

Онлайн радикализмге қарсы жұмыстар жүргізіліп жатса да, әлеуметтік желіде халықты ақпараттандыру процессі жүріп тұрса да, бұл тоқтар емес. Күнде жаңа нәрселер шығып, жасанды  интеллект арқылы неше түрлі сайттар, жабық чаттар, боттар шығарып, өз идеологиясын жан-жаққа таратып жатыр. Мұндай әрекеттердің тыйылмай тұрған бірнеше себебі бар.

  1. Ақпараттың шектен тыс көптігі

Интернетте кез келген адам ақпарат тарата алады. Бұл ақпараттың барлығы тексерілген емес. Радикалды топтар жалған әрі бұрмаланған мәліметтерді пайдалана отырып интернетті қару ретінде қолданады.

  1. Жастардың қызығушылығы мен ізденісі

Жасөспірім кезеңде адам өзіндік көзқарасын қалыптастырып, өзіне қызықты болған сұрақтарға жауап іздейді. Әрине, мұндай кезде интернет көмекке келеді. Алайда алдынан шыққан ақпараттың дұрыс я бұрыс екеніне көз жеткізбей жатып, сол жауаптарды  шындық деп қабылдайды.

  1. Әлеуметтік желілер алгоритмдері

Әлеуметтік желілер қолданушының қызығушылығына  қарай ұқсас контентті көбірек көрсетеді. Егер адам бір рет радикалды мазмұнды видео көріп және соған лайк басса, соған ұқсас материалдарды  алдына шығара береді. Нәтижесінде адам біржақты ақпараттық ортада қалып қояды.

  1. Анонимділік және бақылаудың әлсіздігі

Интернетте жасырын аккаунттар арқылы адамдарға үгіт-насихат жүргізу оңай. Радикалды топтар жалған адамның профильдерін жасап, әр түрлі тәсілдермен сенімге кіреді.  Әдетте мұндай аккаунттарды бақылау қиынға соғады. Бұл-онлайн радикализмге бастар бір қадам десек те болады.

  1. Психологиялық осалдық

Өзін жалғыз сезіну, қоғамда өз орнын таппау, әділетсіздікке тап болу сияқты жағдайлар адамды сыни ойлау жүйесінен алыстатып, қауіпті топтарға дайын жем болады.

  1. Діни сауаттың төмендігі

Дінге енді қызығушылығы артып келе жатқан адам әр жерден бір оқып, әсіресе әлеуметтік желіде дінді зерттесе көбіне жалған, діни мәтіндерді контекстен бөліп алынған ақпараттарға тап болады.  Ал бұл өз кезегінде радикализмнің кең таралуына әсер етеді.

  1. Шектен тыс эмоцияға берілу

Радикалды контент көбіне эмоцияға әсер ететін, қорқыныш пен ашу туғызатын материалдардан тұрады. Немесе керісінше, шектен тыс діни манипуляция жасау арқылы адамға жағымды әсер қалдырып, адамдардың сезімдерін пайдаланады.

Онлайн радикализм-қазіргі қоғам үшін өзекті мәселе. Оның алдын алу үшін бір жақты ғана емес, әрбір саналы ата-ана мен ұстаздар біріге жастардың медиасауаттылығын арттыру, діни және құқықтық білім беру өте маңызды. Саналы әрі сыни ойлай білетін қоғам ғана радикалды идеологиялардың таралуына тосқауыл қоя алады.

Әлия ЖАКЕЕВА,

«Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ теолог маманы

Таңбалар: діни ағымдіни радикализмонлайн радикализм
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Ағымдар ақиқаты

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
“Жиһадтың” жасырын насихаты
Видео

“Жиһадтың” жасырын насихаты

15.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Кітап және кітапхана

Кітап және кітапхана

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    1.8k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.4k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    575
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    151

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Ағымдар ақиқаты

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00