Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қажылық» қай кезеңнен басталады?

11.08.2019
- Сұрақ-жауап
2
Сурет islam.kz сайтынан алынды

Сурет islam.kz сайтынан алынды

502
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: “Қажылық” қай кезеңнен басталады?

Жауап:  Исрайлият* қайнар-көздерінедегі мәліметтерге сүйенер болсақ, Меккедегі қасиетті Қағбаны Алла-Тағаланың Жебірейіл бастаған періштелері тұрғызған. Олар алғаш болып Меккедегі Қағбаға қажылық ғибадатын өздері жасаған көрінеді. Кейін Адам ата мен Хауа ана жерге түсірілгенде, Мекке маңайындағы Арафат** тауында жолыққан екен. Арафатта кездескен Адам ата мен Хауа ана періштелердің жолбастауымен Меккеге аяқ басып, ол екеуі пенде атаулыдан тұңғыш болып қасиетті Қағбаны тәу етеді. Алла Тағала бұл жөнінде Құран-Кәрімде: «Негізінде адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол» (Әли-Ғимран, 96) деп баяндайды (Хамидуллаһ, 123-127 бб).

Жылдар тезіне шыдамай көнерген Қағбаға алғаш рет әзіреті Шит пайғамбар дәуірінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылады. Нұһ пайғамбардың кезіндегі топан судан соң Қағба ұзақ уақыт құм астында қалады. Бірақ, топан су қаптағанда періштелер Қағбадағы қасиетті қара тасты жеті қабат көкке көтеріп әкетіп, Топан су басылғанда, қайта әкеліп өз орнына қояды.

Адамзат тарихында Меккенің қайта культтік орынға айналуы әзіреті Ибрахим пайғамбар дәуірінде жүзеге асты. Ханиф дінінің пайғамбары Ибрахимге Алла Тағала қасиетті Қағбаны қайта тұрғызуға уаһи түсіреді. Әзіреті Ибрахим пайғамбар баласы Исмайыл екеуі еңбектеніп, қасиетті Қағбаны қайта қалпына келтіреді. Құрылысты аяқтаған соң Қағбаға тәу етіп, сонда намаз оқиды. Алла Тағала бұл хақында Құран-Кәрімде: «Ибраһимнiң (с.а.у.) орнын намаз орны етiңдер» («Бақара» сүресi, 125 аят) – деп бұйырған.

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026
Исламда сөз бостандығы бар ма?

Исламда сөз бостандығы бар ма?

21.08.2026

Сондай-ақ, осы Ибрахим пайғамбар мен оның үмбетіне қажылық рәсімдерін қалай атқару керектігі туралы нақты аяттар түскен еді. Алла Тағала ол жөнінде Құран-Кәрімде: «Сол уақытта Ыбрахим (ғ.с.) ды Кағбаның орнына: “Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста” деп, орналастырған едік. Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді. Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер. Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып, ыхрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап кылсын» (Хаж, 26-29) деп бұйырған.

Алла Тағаланың осы кәламынан кейін Ибрахим пайғамбар мен баласы Исмайыл жыл сайын белгілі мерзім ішінде Палестинадан Меккеге сапар шегіп, қасиетті Қағбаға тәу ететін. Жаббар Хақтың разылығы үшін қажылық құлшылығын жасау рәсімі осылайша таухидті (ханиф) ұстанушылар арасында дәстүр болып бекіген еді.

Мұхан Исахан

* Яһуди қауымының деректері

** Таудың «Арафат» аталуының себебі, «арафа» араб тілінде «білу» немесе «тану» деген мағынаны білдіреді. Адам ата мен Хауа ана кездескенде бір-біріне «танисың ба» деп айтқан екен

Таңбалар: қажылықМұхан Исахан
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отыз жылғы қажылық
Сұрақ-жауап

Қажылық жасау міндет пе?

16.07.2026
Қасиетті мешіт қызметшілері
Ислам

Қасиетті мешіт қызметшілері

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Иманқұл мешіті

Пікір 2

  1. Ермек жазған:
    7 жыл бұрын

    Бізге де хажға бару нәсіп болса екен…

  2. Болат бей жазған:
    7 жыл бұрын

    Қажыларымыздың ниетін Алла қабыл етсін!

Танымал тақырыптар

  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    20
  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    19
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    18
  • Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

    16
  • Перзенттің жақсы болуы марқұм әкесіне сауап па?

    16

Соңғы жарияланымдар

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды
Сұхбат

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026
Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды
Жаңалықтар

Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды

22.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00