Бейсенбі, 8 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тау, бұлт және желге жауапты періштелер

12.04.2019
- Қоғам
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бізге жеткен сахих хадистердегі мәліметтерден тауларға да жауапты періштелердің бар екендігін білеміз.

Бірде Айша (р.анһа) анамыз пайғамбарымыздан: «Сіз үшін Ұхұд шайқасынан да ауыр күн болды ма?» деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Қауымымның тартқызғаны маған Ұхұд соғысынан да ауыр тиді» деп сөзін одан әрі жалғастырды: «Ақабә күні де ең ауыр күндердің бірі болатын. Ибн Абди Лалейлге ақиқатты түсіндірдім. Алайда, ол қиқарлық танытты. Қамығып қайттым. «Қарн-ы Саалиб» деген жерге келгенімде басымды көтеріп аспанға қарасам, бір топ бұлт ілесіп келе жатыр екен. Бұлттың ішінде Жәбірейіл періште: «Аллаһ, қауымыңның саған айтқандарын және мойындамағандарын естіді. Саған тауларға жауапты періштені жіберуде. Қалағаныңды әмір ет» – деді. Осы арада жауапты періште: «Уа, Мұхаммед! Мен тауларға жауапты періштемін. Раббым мені саған жіберді». Ибраһим (ғ.с.) отқа тасталарда Жәбірейіл періште келіп: «Қаласаң саған жәрдем етейін»,[1] – деп үн қатқаны секілді, тауға жауапты періште: «Қаласаң Меккенің айналасындағы тауларды көтеріп әкеліп Меккеліктердің үстіне тастап жіберейін», – деді. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған келіспей: «Жоқ, мен бар болғаны олар Аллаһқа серік қоспай құлшылық ететін адамдар болса екен деп тілеймін»,[2]  – деп жауап берген еді.

Көк жүзіндегі бұлттарды жинап найзағай ойнататын Микаил періштенің көмекшісі Рағыд періштенің дәнекерлігімен көктемде табиғат құлпыра түседі. Нөсер жауыннан бойына нәр алған топырақтағы дәндер Аллаһтың аты мен жерді де, тасты да жарып шығады. Тәпсірші Бағауи «тәпсіршілердің көпшілігі Рағыд – бұлттарды жинайтын періште, күннің күркіреуі оның зікірі»,[3] – дегенді айтады. Пайғамбарымыздың көк жүзі күркіреп, найзағай ойнағанда: «Бізді қаһарыңнан сақтай гөр!»[4] немесе «Берекетті жауын тілеймін»[5] деп, бұрынғы қауымдар тап болған апаттарды еске салып, тарихтан ғибратты сабақ алуымыз керектігін үйреткен.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) найзағайдың бұлттарға жауапты періштелер арқылы іске асатындығын айтқан. Бұл топқа жататын періштелер жайында Құранда: «Жақсылық үшін бір-бірінің артынан жіберілгендер. Дауылдай ұйытқығандарға. Тартқан сайын тарқатушыларға. (Ақиқат пен жалғанды) бір-бірінен айырушыларға. Сосын иләһи уаһиды тасушыларға. Кейбірі тәубе және кешірілуді сылтау етсін, мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт»[6]; «(Аллаһтың әмірлерін алып) ұшып кеткен және (қайта орнына әкелген) сүңгігендерге (періштелерге) серт. (Алған әмірімен) қуаныш және ынтамен әрекет еткендерге серт. (Иләһи әмірлерді орындау үшін көк мұхитында) жүзгендей әрекет етушілерге серт. Осылайша бір-бірімен жарысқандай. Өздеріне жүктелген міндетті орындаушыларға серт[7]; «(Желдей) Соғып ұшырушыларға. (Бұлттай) Мол жаңбыр көтерушілерге. (Кемедей) Жеңіл жүрушілерге. Аллаһтан алған әмірлерді, Оның нығметтерін бөлуші, (түрлі қабаттардағы періштелерге) серт!»,[8] – деп жан-жақты баяндалған. Мұнда Аллаһтың жерде, ауада және суда (әлемде) қызмет етуші періштелеріне серт етілуде. Яғни әлемдегі әрбір іс сол іске жауапты періштелер арқылы жүзеге асуда. Желдің есуімен ауадағы жаңбыр тамшылары бұлтқа айналып жауын жауады. Адамдар теңізге кемемен саяхат жасайды әрі рызықтарын алады. Жаңбырды да, рызықты да таратушылар осындай жауапты періштелер болып табылады.

Діни сауаттылық – заман талабы

Діни сауаттылық – экстремизмге қарсы иммунитеттің негізі

05.10.2026
Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Сабуни, Мухтасару Тафсири ибни Кәсир, Каир, 1995, ІІІ/514

[2]    Бухари, Бәдул-халқ, 7; Муслим, Жиһад, 11

[3]    Ибраһим Жанан, Кутуб-и Ситтә, VІ/75; Лутфуллаһ Жебежи, Қурана гөре мәлак, жин, шейтан, Стамбул, 1998, 182-183

[4]    Тирмизи, Даауат, 51

[5]    Әбу Дәуд, Әдәб, 113

[6]    Мүрсәләт, 77/1-6

[7]    Назиғат, 79/1-5

[8]    Зәрият, 51/1-4

Бөлісу29Твитерге18Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Фатализм шариғатқа қайшы ма?

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    405
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    358
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    263

Соңғы жарияланымдар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі
Жаңалықтар

Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі

08.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00