Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зекетті кім төлеу қажет?

15.03.2019
- Ислам
0
776
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зе­кет­тің бел­гі­лі бір адам­ға па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар­дың орын­да­луы тиіс.

1. Мұ­сыл­ман бо­луы

Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты зе­кет ғи­ба­да­тын­да да бе­ру­ші адам­ның ақыл-есі дұ­рыс, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, азат мұ­сыл­ман бо­луы шарт. Мұ­сыл­ман мем­ле­ке­тін­де өмір сү­ре­тін бас­қа дін­ді ұстанушылар­ға жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге зе­кет бе­ру па­рыз емес.

Ха­на­фи мәз­һа­бы­нан тыс бас­қа мәз­һаб­тар­да ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге де зе­кет бе­ру па­рыз. Олар­дың мал­да­ры­ның зе­ке­тін уә­лиле­рі[1] бе­ре­ді.

«Нұр Мүбарак» университетінің алғашқы қарлығаштары

«Нұр Мүбарак» университетінің алғашқы қарлығаштары

07.07.2025
Пайғамбарларға иман келтіру

Пайғамбарларға иман келтіру

05.07.2025

2. Ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін не­ме­се одан да көп байлық­қа ие бо­лу

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­тер мен қа­рыз­дар­дан тыс, ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін бай­лық­қа ие бо­луы ке­рек. Ни­сап де­ге­ні­міз – зе­кет­ті па­рыз ете­тін белгі­лі бай­лық мөл­ше­рі.

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың  түр­ле­рі мен зе­кет  бе­ру­ді па­рыз ете­тін ни­сап кө­ле­мі

Ал­тын­да: жиыр­ма ди­нар, яғ­ни, 85 грамм
Кү­міс­те: екі жүз дир­һам, яғ­ни, 595 грамм
Түйеде: бес
Сиыр­да: отыз
Қой мен еш­кі­де: қы­рық
Сауда зат­та­рын­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са.
Ақ­ша­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са
Бау-бақ­ша жә­не егіс өнім­де­рі

Күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қажет­тер­ге не­лер жа­та­ды?
1.  Тұ­ра­тын үйі, үй жи­һаз­да­ры мен ас­пап­та­ры;
2.  Ғы­лым адам­да­ры­ның кі­тап­та­ры мен өнер адам­да­ры­ның ас­пап­та­ры;
3.  Өзі жә­не әйелі, ба­ла­ла­ры­на же­те­тен бір ай­лық (бас­қа бір риуаят­та бір жыл­дық) азық-тү­лік­те­рі;
4.  Өзі жә­не от­ба­сы­ның кие­тін киім­де­рі;
5.  Дә­рі-дәр­мек­тер. Ді­ні­міз­де ден­сау­лық­ты сақ­тау па­рыз са­нал­ған­дық­тан от­ба­сыға күтімге мін­дет­ті адам­дар­ға қа­жет­ті дә­рі-дәр­мек, ем­ха­на қар­жы­ла­ры не­гіз­гі қа­жет­тіліктерге са­на­лып, олар­дан зе­кет алын­байды.
6.  Егіс­тікпен ша­руашы­лық­пен айна­лы­са­тын адам­дар­дың трак­тор, ком­байн сияқ­ты құ­рал­да­ры мен ас­пап­та­ры­нан зе­кет алын­байды. Бі­рақ бұл құ­рал­дар­мен бас­қа­лар­ға жұ­мыс іс­теп, ақ­ша та­ба­тын бол­са, тап­қан ақ­ша­дан зе­кет алы­на­ды.

3. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді­лі­гі

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді бо­луы олар­ды күн­де­лік­ті өмір­де қа­же­ті­міз­ге қол­да­ну мақсатымен емес, иесі­не кі­ріс кір­гі­зу мақ­са­ты­мен қолға ұс­та­луы. Мы­сал­ға, сауда зат­та­ры­ның сауда жа­сау ар­қы­лы, мал-жа­нуар­лар­дың төл­деу ар­қы­лы, егіс, бау-бақ­ша­ның же­міс бе­ру ар­қы­лы иесі­не кі­ріс кір­гі­зуі сияқ­ты. Ал­тын, кү­міс, ақ­ша, әше­кей бұйым­дар­мен сауда жа­сап, кі­ріс кір­гі­зуі мақ­сат етіл­ме­се де, олар­дан зе­кет бе­ру па­рыз. Яғ­ни, олар­дың өсім­ді бо­луы шарт емес.

4. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа бір жыл толуы

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа ай санауы­мен бір жыл то­луы ке­рек. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) хади­сін­де: «Бір жыл тол­май байлыққа зе­кет бе­ріл­мейді»[2], – дейді. Бір жыл – зе­кеті берілетін дүние, мал­да­рдың кө­бейіп, өсе­тін уақы­ты.

Жыл то­лу мә­се­ле­сін­де Имам Әбу Ха­ни­фа­ның көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлық екі­ге бө­лі­не­ді.

а) Ал­тын, кү­міс, бар­лық ақ­ша түр­ле­рі жә­не жыл­дың кө­бін­де қыр­да жайыла­тын мал­дар мен сауда зат­та­ры.

ә) Бар­лық егіс­тік, бау-бақ­ша өнім­де­рі мен қаз­ба бай­лық­тар.

Бі­рін­ші бө­лім­де­гі зе­кет берілетін заттар мен дүние-мүлік, малдардың зе­ке­ті бе­рі­лу үшін то­лық бір жыл то­луы шарт. Өйтке­ні, мал­дар­дың төл­деп, сауда зат­та­ры­ның кі­ріс кір­гі­зе­тін уақы­ты кем дегенде бір жыл. Ал екін­ші бө­лім­де­гі зе­кеті  берілетін дүниелердің зе­ке­ті бе­рі­луі үшін бір жыл толуы шарт емес. Өйтке­ні, егіс пен бау-бақ­ша­дан бір­не­ше айда өнім алу­ға бо­ла­ды. Сол сияқ­ты қазба бай­лық­ты бір жыл­да бір­не­ше рет алу­ға бо­ла­тын­дық­тан, бұ­лар­ға ни­сап мөл­ше­рі мен бір жыл то­лу шар­ты қо­сыл­майды. Ал Әбу Юсуп пен Мұ­хам­мед­тің бұл мә­се­ле­де­гі көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, ша­ма­мен бір тон­на­ға жет­пей­тін жә­не қол­да бір жыл сақ­тауға шы­да­май­тын егіс өнім­де­рі мен жеміс-жи­дек­тер­ден зе­кет алын­байды.

Зе­кет па­рыз бо­лу үшін Ха­на­фи мәз­һа­бын­да ни­сап кө­ле­мі жыл­дың ба­сын­да әрі жыл­дың ая­ғын­да то­лық бо­луы шарт. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­са, бір жыл тол­ған­нан кейін 50 грам­ға азайса, бұл адам­ға зе­кет бе­ру па­рыз емес. Бі­рақ жыл­дың ортасында азайып, жыл­дың ая­ғын­да ни­сап кө­ле­мі­не қайта жет­се, зе­кет бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, ал­ты ай­дан кейін 50 грам­ға азайса, бі­рақ жыл­дың ая­ғын­да 120 грам­ға шық­са, жыл­дың ба­сын­да­ғы 100 грамның не­ме­се жыл­дың ор­та­сын­да­ғы 50 грамның зе­ке­ті бе­ріл­мей, жыл­дың ая­ғын­да­ғы 120 грамның зе­ке­ті бе­рі­ле­ді.

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық, мал-дәу­лет бір жыл тол­ған­нан кейін кө­бейіп өс­се, кө­бей­ген бө­лі­мі­нің зеке­ті дәл сол жы­лы бе­ріл­мейді. Кө­бей­ген бө­лі­мі­нің зе­ке­ті ке­ле­сі жы­лы дәл сол уа­қыт­та бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, бір адам­ның қо­лын­да өт­кен жыл­ғы Ра­ма­зан айы­ның он бе­сін­де 100 мың тең­ге бол­са, бұл кө­лем биыл­ғы жы­лы Ра­ма­зан айы­ның он бе­сі­не дейін 140 мың тең­ге­ге кө­бейіп, Ра­ма­зан айының жиыр­ма­сын­да 160 мың­ға жет­се, 140 мың тең­ге­нің ға­на зе­ке­ті сол жы­лы бе­рі­ле­ді.

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін мал­ға бір жыл то­луы ке­рек де­дік, бі­рақ па­қыр ке­дей-кеп­шік­тер­дің жағдайын ой­лап, бір жыл тол­май да зе­кет бе­ре бе­ру­ге бо­ла­ды. Бі­рақ бір жыл­да екі рет зе­кет беріл­мейді.

5. Қа­рыз бол­мауы

Адам­дар­ға бол­ған қа­рыз­дың бар­лық тү­рі – зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы­на бө­гет жа­сайды. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­ды де­лік. Бі­рақ бұл адам­ның бас­қа бі­реуге 20 грамм кө­ле­мін­де қа­ры­зы бол­са, бұл адам­ға зе­кет па­рыз емес. Өйтке­ні, қа­рыз­дан тыс қал­ған мал­дың мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не (85 гм ша­ма­сын­да­ғы ал­тын­ның құ­ны) жет­пейді.

Ал­дың­ғы бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін беріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз­ға жа­та ма?

Бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін бе­ріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз бо­лып са­на­ла­ды жә­не мін­дет­ті түр­де өте­луі тиіс. Өтел­ген­нен кейін қал­ған ақ­ша­ның құ­ны ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жат­са ға­на сол жыл үшін зе­кет бе­рі­ле­ді.[3]

Қа­рыз иесі бо­рыш­ты­ның қа­ры­зын кеш­кен жағ­дайда…

Қа­рыз иесі қа­ры­зын бо­рыш­ты­дан кеш­кен жағ­дайда, ке­шіл­ген қа­рыз­ды қос­қан­да бар­лық ақшасының мөл­ше­рі ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жат­са, зе­кет бе­ру па­рыз. Қа­рыз иесі қа­ры­зын кеш­кен күн­ге бір жыл тол­ған­нан кейін зе­кет бе­ре­ді.

Құр­бан­дық, пі­тір са­да­қа, кәф­фа­рат, қа­жы­лық сияқ­ты мұ­сыл­ман­ның мой­нын­да­ғы қа­рыз­дар зе­кет­те­гі ни­сап мөл­ше­рі­не әсе­рін ти­гі­зе ме?

Атал­мыш қа­рыз­дар Аллаһ пен құл­да­ры­ның ара­сын­да бол­ған­дық­тан, зе­кет­тің ни­сап мөл­ше­рі­не әсе­рін ти­гіз­бейді. Мы­сал­ға, біреудің байлы­ғы ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп тұр­са, бі­рақ мой­нын­да аталмыш қа­рыз­да­ры бол­са, жә­не бұл қа­рыз­дар­ды өте­ген жағ­дайда, қал­ған ақ­ша­сы ни­сап мөлшері­не жет­пей қал­са да зе­кет бе­ру па­рыз бо­лып қа­ла бе­ре­ді.

6. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа то­лық ие бо­лу

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық­қа зе­кет бе­ру­ші адам то­лық ие бо­луы ке­рек. Яғ­ни, иесі­нің иелі­гін­де жә­не қо­лын­да тұ­рып, қа­ла­ған уа­қыт­та қол­да­на ала­тын­дай мүм­кін­дік­те бо­луы ке­рек. Мы­сал­ға, бас­қа біреуге ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген затқа зе­кет бе­ріл­мейді. Өйтке­ні, ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген зат, иесі­нің иелігін­де де­сек те қа­ла­ған уақы­тын­да қол­да­на ал­майды.

Са­тып алы­нып, әлі қо­лы­на тие қойма­ған затқа зе­кет бе­рі­ле­ді. Өйтке­ні, са­тып алын­ған заттың са­тып ал­ған адам­ның қо­лы­на тию пайызы ба­сы­мы­рақ.


[1] Уәли – оларға қарауға міндетті жақындары мен туған-туыстары.
[2] Әбу Дәуід, Зекет, 5
[3] Фатауий һиндия.

Таңбалар: БайлықЗекетпарыз
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?
Ғибратты әңгімелер

Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?

17.06.2025
Қоғам

Білім алу – басты парыз

10.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тура жол дегеніміз не? Тура жолдың Алладан келетіні туралы не айтасыз?

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00