XIII ғасырда Шыңғыс ханның басшылығымен түркі және моңғол тайпаларының бірігуінің нәтижесінде, Еуропаның, Анадолының және Таяу Шығыстың кейбір бөліктерін, соның ішінде Азия құрлығын жаулап алуға қол жеткізуімен Алтын Орда мемлекеті құрылды. Жошы ханның тұсында құрылған түркі-моңғол мемлекеті, яғни Алтын Орда мемлекетінің, Шыңғыс тұсындағы хандықпен бірнеше ерекше белігі бар. Ең баста да Алтын Орда ханының ішінде алғаш болып Ислам дінін қабылдауы. Ислам діні Орталық Азияға 8 ғасырда келіп, Х ғасырда Қарахан мемлекеті қабылдаса, ХІІІ ғасырда Алтын Орда мемлекеті де Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Бұған қоса алғанда, тарихта Алтын Орда мемлекетінің шеңберіне кіретін халық Ислам дінімен қатар шаман дінін де ұстанатынын көреміз. Алтын Орда мемлекетіне, бүгінгі Қожа Ахмет Яссауи жолын ұстанушы «Кубравия» сопылық таикатының «Бахарзия» тармағының ықпалы өте жоғарғы дәрежеде болған. Жошы ханның баласы Берке ханның ислам дінін қабылдауы туралы көптеген дереккөздерде әртүрлі ақпарат бар. Соның бірі Берке, хан болған жылдары мемлекеттің сыртқы саясатын да ислам шариғаты шеңберінде жүргізіп отырған. Соның бір дәлелі ретінде Аббаси мемлекетінен бірқатар атақты дін ғалымдарын әкеліп, елде исламның таралуына үлес қосты.
VIII ғасырдың екінші жартысында Еділ, Таяу Шығыс және Орта Азия аймағында ислам дінін ұстанушылардың көп болғаны байқалады. Атап айтқанда, бір ғана Итиль қаласында 10 000-нан астам мұсылман және 30-ға жуық мешіт болғаны белгілі. Қазіргі Каспий теңізінің аймағы, ислам елдерімен саяси, сауда және экономикалық қарым-қатынаста болған. Бұл аймаққа әлемнің түкпір-түкпірінен саудагерлер келіп отырған. Бүгінде «Маңғыстау 360 әулиенің мекені» деген ұран осыған айтылса керек. Көптеген дереккөздерінен ислам дінінің бұл аймақта 922 жылдары кең тарағанын орыс зерттеушісі Викторович Е.А. Халикованың идеяларына сүйене отырып, археологиялық дәлелдерге негіздейді. Шын мәнінде, 9 ғасырдың аяғында Алтай таулары мен Каспий теңізі арасына, ислам әлемінен келген саудагерлердің әсерімен ислам және оның мәдениеті кең көлемде таралғанын көреміз. Нәтижесінде, Орталық Азияда ислам дінін ұстанатын көптеген ғұламалардың шыққанын тарихтан көре аламыз. Бұл жерде айтпағымыз, исламның бұл аймаққа ерте келуі кейінірек құрылатын Алтын Орда мемлекетінде исламның таралуына ықпал етті.
Алтын Орда хандарының ішінде ең алғаш болып Берке хан ислам дінін қабылдаған. Берке ханнан алдыңғы хандардың діни ұстанымы ашықтан жарияламаған. Берке ханның ислам дінін қабылдауымен жергілікті халыққа үлкен әсер еткен. Алтын Орданың алғашқы ханы Бату ханның сенімдері туралы айтылғант әдебиеттерде авторлардың берген ақпараты Бату ханның дінді қабылдауы және ұстануына, мұсылмандардың «Төзімділік», «Бейбітшілік» және «Еркіндік» саясаты негіз болды делінген. Ислам дініндегі мұсылмандардың төзімділігі мен бейбітшіл ұстанымы, Берке ханның ислам дінін қабылдауына да, билікке келуіне де тікелей әсер етті.
Ихсан Арслан мен Тизенхаузеннің зерттеулерінде, Ибн Халдун мен Айниге сілтеме жасай отырып, Берке ханның ислам дінін қабылдауын былай түсіндіреді: «Берке исламды Нәжмиддин Кубраның шәкірті Шамседдин Бахерзи арқылы қабылдады. Бахерзи Бұхарада қаласында тұратын еді. Ол Беркеге исламды қабылдауды ұсынды. Осылайша Берке исламды қабылдады және қайта жіберген хатында оған басқа жерлерде өз қалауынша әрекет етуге еркіндік берді. Арадан уақыт өтіп, Берке онымен кездесу үшін Бұхараға барды. Бұхараға келгеннен кейін Берке хан шейхтің үйіне барып, сол жерде күтті. Үш күннен кейін Берке ханды шейхтің алдына әкелді. Берке хан шейхтің алдында исламды қабылдағанын тағы да қайталады. Берке ханмен бірге болған әмірлердің бір тобы да исламды қабылдады. Осыдан кейін шейх Берке ханға исламды тарату міндетін жүктеді. Берке хан өз халқына исламды таратты, мешіттер мен медреселер салды және ғалымдар мен ұстаздардың жүрегін жаулап, олардың досына айналды».
Берке хан тұсында аты шыққан ғұламалардың бірі әрі бірегейі болған Ибн Халдун мен Айнидің жазған әдебиеттері бүгінгі күнімізге дейін сақталып келген. Алтын Орда мемлекетіне исламның әсері саяси, экономика және басқару тұрғысынан айтарлықтай болды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, мұсылман саудагерлері Алтай тауларымен Кәспи теңізі арасында жатқан хылық арасында исламның таралуына ықпал етті және Түркістанды сауда орталығына айналдырды. Сонымен қатар дәстүрлі ислам түсінігі осы уақыттан бастап, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне, әдеті мен ғұрпына сіңіп, саналы ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдана бастаған.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі» атты симпозиумда сөйлеген сөзімен қорытындылауды жөн көрдім. «Алтын Орда феноменін мыңдаған жыл бойы Еуразия жүрегінде қалыптасқан бай интеллектуалдық кеңістіктен бөліп қарай алмаймыз. Орта ғасырларда Ұлы дала озық идеяларды ұсынған әлемдік орталықтардың біріне айналғаны мәлім. Орталық Еуразиядағы көшпелілер тіршілігінен, түркі-моңғол мұраларынан, ислам дәстүрлерінен және христиан қауымдастығына жататын халықтардың дүниетанымдық қағидаттарынан нәр алған ақыл-ойдың құнарлы топырақта қанат жаюы заңды еді. Бұл идеялар эволюциясы үздіксіз жүрген кезең еді. Әр ғасыр Ұлы даланың ақыл-ой кенін байытып, жаңа құндылықпен толықтырып отырды» деп атап көрсетті.
Исатай БЕРДАЛИЕВ,
«Qamqor-Actana» қоғамдық қорының теолог маманы,
Ислам құқық ғылымдарының PhD










