Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылмандар туралы үздік 10 фильм

13.03.2019
- Қоғам
0
3.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам тарихы, әсіресе, Пайғамбарлар тарихы мен ардақты елші Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі және сахабалардың басқан ізі әлемдік кино саласында да тың тақырыпқа айналған десек артық емес. Сонымен қатар, мұсылман үмметінің мінез-құлқы, қоғамға, жер-жаһанға тигізер пайдасы да кино тілінде сөйлеп келеді. Бүгін біз назарларыңызға бейбіт келісімді ұнататын, әділетті болуды мұрат санайтын мұсылмандардың ізгі қасиеті барынша ашып көрсетілген 10 фильмді ұсынбақпыз.

 Жолдау (1976)

Сириялық режиссер Мұстафа Аккадтың бұл туындысында араб жазирасында ислам дінінің пайда болуы, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлық кезеңі баяндалады. Басты рөлдерді Голливуд жұлдыздары Энтони Куинн мен Ирен Папас сомдайтын фильмде Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) және әйгілі төрт халифаның бейнесі кадрдан тыс қалған. Алғашында ислам ғұламаларымен кеңескен режиссер М.Аккад Егеипеттегі Әл-Азхар мамандарының келісімін алғанымен, меккелік Әлемдік Мұсылмандар Лигасы Пайғамбар (с.а.у.) және төрт шадиярдың бейнесінің көрсетілуіне рұқсат бермейді. Бір жыл уақытын сарп еткен түсірілім тобы жарты жыл Мароккода және алты ай Ливияда жұмыс істеген. Фильмде ислам діні жайылы бастаған шақтағы қилы кезең, мұсылмандардың Мәдина қаласына хижрет жасауы, кейін Меккені алуы және әйгілі Бәдір мен Ұхұд шайқастары өте әсерлі көрсетілген. Шығыны – $10 миллион, табысы – $15 миллион.

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Шөл даланың арыстаны (Лев пустыни, 1980)

Бұл фильмде Ливияның әйгілі революционері Омар Мұхтардың өмірі суреттелген. Аталмыш кинотуындының режиссері әрі продюсері – Мұстафа Аккад болса, басты рөлдерді де Энтони Куинн мен Ирен Папас сомдаған. Ливия халқының Италия отаршылдарынан құтылу сәттері бейнеленген фильмде бас кейіпкер Омар Мұхтар мақсатына жету жолында өзінің сеніміне және адамгершілігіне зәредей зиян тигізбеуге тырысып бағады.

Робин Гуд (1991)

Мұсылмандардың ізгі қасиеті ағылшындардың әйгілі «Робин Гуды» арқылы да кинематография саласында насихатталған. Кевин Костнер басты рөлді сомдайтын фильмде Азим атты араб бейнесін Морган Фриман жоғары деңгейде алып шыққан. Мейірімділік, қайырымдылық және шынайылық секілді мұсылмандарға тән қасиет көркем фильмде орынды көрсетілген.

Малкольм Икс (1992)

АҚШ-тың белгілі кинорежиссері Спайк Лидің бұл фильмі көрерменді қара нәсілді азаматтардың басқалармен теңдігі үшін күрескен қайраткер Малкольмнің өмірімен таныстырады. Оның ислам дінін терең түсінгеннің арқасында түрменің өзінен таза шығып, нәсілшілдікке, сатқындыққа, заңның оңды-солды бұзылуына және жемқорлыққа қарсы күресуі әлі күнге өзекті мәселе болып отыр. Сондай-ақ, кейіпкердің қилы тағдырындағы ізгі жолы кім-кімді болмасын сүйсіндіреді.

13 жауынгер (13 воин) (1999)

Мишель Кричтонның «Пожиратели мертвых» атты кітабының желісі бойынша түсірілген бұл фильм алғаш жарыққа шыққанда айтарлықтай табысқа жете қоймаған болатын. Алайда, жылдар өте келе ең көп қаржы тапқан кинолардың қатарында 23-орынға табан тіреген бұл туындыда туған жерінен, туған елінен қуылған ақынның өмірі баяндалады. Қуғынға ұшыраған ақынның көрген қиындығы, жолында кездескен дұшпандарының іс-әрекеті ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Әли (2001)

Майкл Манның атақты боксшы Мұхаммед Әлидің өмірі туралы фильмі ХХІ ғасырдың басында түсірілген ең танымал кинотуындылардың бірі әрі бірегейі десек артық емес. Бокс королінің спорттағы жетістігінен бөлек, саяси көзқарасы, дінге келуі, әсіресе, қара нәсілді азаматтардың дәрежесін көтеруге сіңірген еңбегі көрсетілген фильм түсірілімге кеткен шығынды толық ақтай алмаса да, көптің көңілінен шықты. Тіпті, 2002 жылы аталмыш фильмдегі Мұхаммед Әли образы үшін Уилл Смитке «Ең үздік ер бейнесі», Джон Войтқа «Екінші пландағы ең үздік ер бейнесі» номинациясы бойынша «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтары табысталса, тағы бір «Алтын глобус» жүлдесі фильмдегі үздік музыка үшін Лиза Джеррард пен Питер Буркке бұйырған болатын.

Аспан патшалығы (Царство небесное) (2005)

Түсірілім тобындағы сириялық актер Гассан Массуд пен англо-судандық Александр Сиддигтен басқа Лиам Нисон, Орландо Блум, Брендан Глисон, Ева Грин, Джереми Айронс, Эдвард Нортон и Майкл Шиндердің араб немесе мұсылман үмметіне қатысы болмауы – көрермен үшін өте қызық, ал, актерлер үшін үлкен сынақ болғаны белгілі. Фильмдегі әртүрлі діни текетірес, ұрыс-жанжалдар өзектілігін ешқашан жоймайды деп ойлаймыз.

 Бірыңғай өтірік (Совокупность лжи) (2008)

Иорданиялық медбике Айша мен төрткүл дүниеге аты мәшһүр Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо басты рөлдерді сомдаған бұл фильмде орамал мәселесі қозғалады. Өр мінезді Айша шариғат бұйырғандай жабық киініп, ислам дінін лайықты деңгейде насихаттайды.

Еріксіз фундаменталист (Фундаменталист поневоле) (2012)

     Ағылшын киносының жарық жұлдыздары Риз Ахмед, Кейт Хадсон мен Кифер Сазерленд басты рөлдерде ойнайтын саяси драмада Уолл Стритта қызмет істейтін жас пәкістандық азамат туралы баяндалады. Алаңсыз еңбек етіп жүрген оның өмірі 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған жарылыстан кейін түбегейлі басқа арнаға бұрылады. Фильм Мохсин Хамидтің кинотуындымен аттас романының желісі бойынша түсірілген. 2012 жылы жарыққа шыққан толықметражды фильмге АҚШ, Үндістан және Катар кинематографтары атсалысқан.

Арман болған балық (Рыба моей мечты) (2012)

Романтикалық драмада балық жөніндегі британ сарапшысы Макрегордың басынан өткен оқиғасы баяндалған. Макрегорды балық аулау спортының жанкүйері  миллионер Шейх жалдап, Йеменнің қызыл балығын аулағысы келетінін жеткізеді. Сөйтіп, Йеменде қызыл балық аулаудан біріншілік өтіп, соңында Шейхтың ниеті саяси бағытқа ауып кетеді. Осылайша, басты кейіпкер Макрегор саяси ойынға қалай енгенін білмей де қалады. Яғни, елдің назарын Ирактағы соғысқа және басқа да маңызды мәселелерге аудармау үшін осы біріншілік ұйымдастырылған.

Таңбалар: исламкиномұсылманфильм
Бөлісу73Твитерге46Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Сұрақ-жауап

Мұсылманның қоғамдағы орны қандай болу керек?

16.04.2026
Дінді саясиландыру қауіпті ме?
Сұрақ-жауап

Дінді саясиландыру қауіпті ме?

07.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Некенің мәніне қаншалықты мән беріп жүрміз?!

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123472 бөлісті
    Бөлісу 49389 Твитерге 30868
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00