Жексенбі, 18 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Йасин» сүресі – Құранның жүрегі» деген хадис бар ма?

07.09.2017
- Ислам
0
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ол 83 аяттан тұратын Меккеде түскен, Құрандағы реті бойынша 36-сүре. Атауын араб тіліндегі «Йа»-«Син» деген екі әріптен алады. Оны араб тілінде «әл-хуруф әл-муқаттаға» деп атайды. Оның нақты мағынасын бір Алла ғана біледі. «Йа-син» сүресі – мұсылмандар арасында ең көп оқылатын сүрелердің бірі. Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) осы сүренің артықшылығы және оқылуын өсиет  еткендігіне қатысты бірқатар хадистері бар. Сол хадистердің бір қатарында осы сөз тіркесі қолданылған. Мысалы, Термезидің хадис жинағында: «Әр нәрсенің жүрегі болады. Өз кезегінде Құранның жүрегі – «Йа-син». Кімде кім оны оқыса, Алла Тағала оған Құранды он рет оқығандай сауап береді» деген хадис бар (Термези, Фәдәил әл-Қуран, 7; Дарими, Фәдәил әл-Қуран, 21).

Тағы бір хадисте: «Йа-син» – Құранның жүрегі. Алла мен ақырет күнін қалап «Йа-синді» оқыған адамның өткен күнәлары кешіріледі. Оны жан тапсырғандар үшін оқыңдар!» делінген (Әбу Дәуіт, Жәнәиз 20; Ибн Мәжә, Жәнәиз, 4)

Бұл сүреде Алланы ұлықтау, қиямет қайым және өлгеннен соң қайта тірілу секілді сенім негіздеріне қатысты өте маңызды мәселелер қамтылған. Әйгілі тәпсірші Фахруддин әр-Рази осы сүрені оқудың артықшылығы жайлы: «Йа-син» сүресінде өлгеннен соң қайта тірілу, қиямет қайымдағы жағдайлар, бұрынғы өткен халықтардың басына келген жағдайлары, тағдырдың бар екендігі, адамның артықшылығы Алла Тағалаға сүйену арқылы жүзеге асатындығы, Алланың жалғыз, дара екендігі, қияметтің белгілері т.б. секілді маңызды мәселелер қамтылған. Осы ерекшеліктерді бойында  қамтыған «Йа-син» сүресін оқу діннің негізгі мәселелеріне қатысты адамға ескерту жасап, қияметте тап болатын нәрселердің бәрін адамның есіне салады» деген (Ф. Әр-Рази. Мәфәтих әл-ғойб). Имам Ғазали: «Йа-синді» Құранның жүрегі деп атаудың себебі мынада: «Құранның негізін иман мәселесі құрайды. Ал иманның дұрыс болуы өлгеннен соң қайта тірілуге илануға байланысты. Өз кезегінде ол мәселе «Йа-син» сүресінде ең көркем түрде баяндалған. Міне сондықтан да ол тәннің саулығына арқау саналатын жүрекке ұқсатылған» деген екен (Али Арслан. Бүйүк Құран тефсири. Арслан баспасы. 13/398-400).

«Фатиха» сүресі қалайша өте ықшамды болғанына қарамастан, аса маңызды тақырыптарды қамтығандықтан «Умму әл-Китаб» (Кітаптың анасы/негізі) деп аталса, сол секілді, «Ясин» сүресі де «Құранның жүрегі» деп аталған. Бұлай деп аталуының себебі осы сүреде қамтылған мәселелердің маңыздылығына орай адам рухына  ерекше серпін беріп, қозғалысқа келтіруіне қатысты. Иә, шын мәнінде, Құрандағы осы ақиқаттардың өзін ой елегінен өткізіп, жүрегімен түсінген жан жүрекке қажетті иман азығын алады. Өз кезегінде ол мінез-құлқы мен жүріс-тұрысынан көрініс табады.

Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

16.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым

Отбасы татулығы – Алланың берген нығметі

13.10.2026

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Таңбалар: Алау ӘділбаевАлла ТағалаҚұранМеккеПайғамбарФатихахадис
Бөлісу38Твитерге24Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Меккеден алған өмірлік сабақ

17.10.2026
Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

10.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Хазіреті Омардың әділдігі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

    Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

    66
  • Діни алауыздық тудыратын экстремистік идеологияның түрлері қандай?

    47
  • Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

    44
  • Меккеден алған өмірлік сабақ

    35
  • Шапалақтың ғибраты

    34

Соңғы жарияланымдар

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Меккеден алған өмірлік сабақ

17.10.2026
О совершении намаза на восходе солнца
Сұрақ-жауап

Намаз уақыттарын білу үшін қандай кесте дұрыс?

17.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00