Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Досай КЕНЖЕТАЙ: Сенім – баршаға ортақ, таным – ұлтқа тиесілі

29.09.2017
- Сұхбат
0
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Аға, бүгін әлем Халықаралық жүрек күнін атап өткелі отыр екен… Жалпы, жүректің адамзат өміріндегі маңызы туралы не айтасыз?

– Дәл осындай атаулы күннің бар екенін енді естіп отырмын… Жүрек пен жапырақ ұқсас. Бірақ кейде жүректің жапырақ сияқты да бола алмай қалатын кездері болады. Жапырақ өзі күз келсе сарғайып, көктем келсе қайта жайылып шыға келеді. Сосын кез келген желге сыбдырлап, үп еткен самалға да жауап береді. Керек болса үзіліп түседі. Ал кейбір жүректер олай емес, дауыл соқса да селт етпейді. Біреу жылап жатыр ма, қиянат көрді ме, аш па, тоқ па.. Көрмейді, естімейді, сезбейді, елемейді, байқамайды… Ондай жүректер көрсоқыр, меңіреу, тасқа айналған деген сөз. Құранда жүрек туралы тәмсіл көп…

– Сіздің Яссауи, сопылық, ислам философиясы туралы жазбаларыңыз бар. Осыған қарап сізді сопы дей аламыз ба?

– Ол жол мен сияқты нәпсіқұлдардың жолы емес… Мен сол жолдың дұрыс жол екендігін білетін, сезетін, бірақ сол жолға түсуге ерік-жігер жинай алмай жүрген, мына дүние қызығын қимай жүрген ғалыммын, зерттеуші ғанамын…

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

13.07.2025
Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

12.07.2025

– Жалпы, қазіргі күнде шынайы, таза сопылар бар ма?

– Әрине, бар. Олар болмаса мына дүние әлдеқашан ақырзаман болар еді…

– «Исламда төрт әйел алуға рұқсат» деп жүрген кей адамдар нәпсісіне еріп, салдарынан қазір талақ мәселесі асқынып кетті… Сізде қанша әйел бар?

– Менде бір ғана әйел….Бірақ, менде де нәпсі бар. Дегенмен, мен әйеліме уәдеде тұрам, адал болам деп сөз бергенмін. Соны ұстаймын. Қимаймын, көз жасынан қорқамын. Оның үстіне менің тапқан табыс, қаражатым сол бір әйелге, оның бала-шағасына ғана жетеді. Бұлардың бәрі, шындығында, «дежурный» сөз… «Егер осы жасымда тағы бір қызға ғашық болсам, мені ешқандай шариғат ұстап тұра алмайды деп едім…
Қойыңызшы ағай демесі бар ма!» Рас ғашық болсам егер…

– Кейбір қазақ қыздарының «қара жамылып», салтымызда жоқ сипатта жүргені байқалады. Бұрынғы аналарымыз әдептен аспаған, дәстүрі мен дінін ұштастырып ұстаған еді. Бұл туралы пікіріңіз?

– Негізі, осы сұрақтан, осы проблемадан шаршадым… Мүмкін ол кезде солай ақ кимешек киген шығар, расында… Ол кезде аталарымыз да шошқа етінен кәуап жемеген еді… Бүгінгі қазақты «қара орамал» жоқ әлде «ақ орамал» құтқара ма… менің көзім жетпейді… Ешкім кепіл бола алмайды… Біз қазақ қазіргі кезде өзгеріп кеттік қой… Ендігі мәселе қазақты өткен шақ, осы шақ және болашағымен тұтас қарау арқылы тануға ұмтылуымыз шарт.

– Діндарлықты дауға айналдырып, балақты шорт кесіп, қап-қара жамылғы кию бүгінгі діни радикалды қозғалыстардан қауіп-қатер туған сәтте қаншалықты дұрыс?

– Білмедім… Негізі дін деген киіммен емес, жүрекпен өлшенеді. Құранда солай дейді. «Мен жүректеріңе қараймын…» Сосын дін – адамды Алласына апаратын жол. Сол жолдағы құлшылық сезімі ерекше жеке, дара, құпия болғаны абзал. Жалпы, Аллаға ғибадат жасау деген ләззат қой. Ал сол ләззаты өзінде, өз ішінде ғана болса шіркін… Мысалы, ерлі-зайыптылар бір-бірінен алған ләззатын әлемге жар салса не болады…

– Еліміздегі жамағат арасында діни түсінікте қайшылықтар көп кездеседі, бір-біріне құлақ аспайды… Мұның себебі не?

– Оның себебі – «Алла расында Бар және Бір» деген сөз. Егер, адамдардың ойлау, сезу, тану, білу, ұғу сияқты интеллектуалдық акцияларында ешқандай қайшылық болмаса, онда ол жерде атеистік идеология бар деген сөз.

– Неліктен үнемі діни мәселе көп көтеріледі? Одан басқа проблема жоқ па?

– Дұрыс айтасың, қазір бізде қазақ проблемасынан басқа проблема жоқ. Себебі, қазақ тірі деген сөз. Біздегі діни таным туралы мәселелердің жиілігі қазақтың діни санасының өлмегендігін көрсетеді. Өзі дін құбылысы төрт қабаттан тұрады – діни сенім, діни сана, діни тәжірибе және діни таным. Осы жердегі діни сенім ол арабқа да, парсыға да, түрікке де ортақ, ал діни таным ортақ емес, әркелкі себебі, діни танымда кеңістік пен уақыт, базис пен қондырма сияқты рөл ойнайды… Ал діни тәжірибе, ол – тарих. Діни сана, ол – қазақ…

– Сол өз қазағымыз исламды саясиландырып жіберген жоқ па?

– Ислам діні – ең бейбіт дін. Одан қорқудың керегі жоқ. Бізде қоғамдық институт исламды саясиландыра алмайды. Оған біздің құқықтық құрылымда ешқандай негіз жоқ. Ислам саясиланып кетсе, егер, оның адресі қоғамдық институт емес, ол да бүгінгі биліктен шығуы ықтимал. Ал ол кімге керек… Сыртқы күштердің де тапсырмасы болуы ықтимал..

Дайындаған Жайық НАҒЫМАШ 

Таңбалар: дінДосай КенжетайЖүрекиманислам
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам және жол ережесі
Қоғам

Ислам және жол ережесі

02.07.2025
Діннің басты талабы – білім алу
Видео

Діннің басты талабы – білім алу

26.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Елдеғұз мемлекетінің түркі-ислам тарихындағы маңызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00