Сейсенбі, 6 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Йаң Жыбо: «Ұлттар достығы мен дінаралық түсіністіктің озық үрдісі қалыптасқан»

13.07.2015
- Сұхбат
0
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің маңызы қандай деп ойлайсыз?

– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне делегат ретінде қатысқаныма өте қуаныштымын. Аталмыш съез ғаламдық мәселелерді талқылаудың келелі кеңесіне айналды. Жаһанда болып жатқан күрделі діни мәселелерді талқылаудың ашық алаңына, диалог пен келісімнің ұйтқысына айналып отыр деп есептеймін. Бұл жерде Сіздердің Президенттеріңіз Н.Назарбаевтың салихалы бастамасының маңызын айырықша сезініп отырмыз. Осы ретте өз міндеттемелерін сәтті атқарған съездің мәні мен маңызы алдағы уақытта арта түседі деп сенемін.

– Қытайдағы ислам діні жайында айтып берсеңіз…

– Қытайдағы ислам дінінің 1300 жылдық тарихы бар. Сан қилы тарих тарғалаңында Қытайда таралған ислам діні бүгінде 23 миллион ұстанушысы бар ел ішіндегі маңызды діннің санатына өтті.

Атаның ақылы – адасудан сақтайды

Атаның ақылы – адасудан сақтайды

25.09.2026
Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?

Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?

22.09.2026

– Қытайда  қанша ұлт өкілі өздерін мұсылман санайды?

– Қытай Халық Республикасы – 56 ұлттың өкілі өмір сүретін көпұлтты мемлекет. Соның ішінде 10 ұлттың өкілі мұсылмандар сапында.

– Ислам білімінің ошағы болған мешіт-медреселер жеткілікті ме?

– Елімізде 350 мыңнан астам мешіт бар. 10 ислам институты жұмыс істейді.

– Елдеріңізде дінаралық диалог пен діни төзімділік мәселесі қалай?

– Ислам діні Қытайдағы басқа діндермен бейбіт диалог аясында өмір сүріп келеді. Біздің елімізде де ислам, будда діндерін қамтыған бес үлкен дін қатар өмір сүреді. Дінаралық татулық пен діндер арасында диалог мәселесі де қалыптасқан. Сенімі түрлі адамдар  жарасымды өмір сүріп келеді.

– Бірнеше күннен бері елордамызда қонақ болдыңыз. “Сырт көз – сыншы” дегендей, не байқадыңыз?

– Қазақ елі де көпұлтты, көпконфессиялы мемелекет екен. Ал, қазақстандықтар болса, ерекше ынтымақты. Ұлттар достығы мен дінаралық түсіністіктің озық үрдісі қалыптасқан. Діндер арасында диалог та үйлесімді жолға қойылыпты. Астанадан көп елдерге  үйренуге татитын озық тәжірибелерді байқадым.

– Қытай мұсылмандары қасиетті Рамазан айын қалай өткізеді?

– Әлем мұсылмандары сияқты Қытай мұсылмандары да қасиетті рамазан айына деген рухани һәм материалдық дайындықтарын бастап кеткен. Бауырларымыз рамазан айын қарсы алуға ерекше ынталы. Көптеген мұсылман бауырларымыз ауыз бекітеді. Әр күні кеште мешіттерде жамағатпен тарауих намазы оқылады. Айт мерекесі де өте салтанатты тойланады.

– Қытайда ислам дінін ұстанатын 10 ұлт бар екенін айта кеттіңіз. Ондағы мұсылмандар өмірінде дін мен дәстүр қалай қабысқан?

– Еліміздегі ислам дінін өмір салтына айналдырған 10 ұлттың діни мерекелерді өткізуінің өзіндік ерекшеліктері жоқ емес. Олардың айт мерекелерін тойлауы негізінен ұқсас болғанымен, ұлттық дәстүрлеріне сай, өзгеше рәсімдері, түрлі дастархан мәдениеті, ас мәзірі, бөлек формалары да кездеседі. Сәресі мен ауызашар мәдениеті де ұлттық ерекшеліктерге икемделген. Ет, сүт, көкөністер мен жеміс-жидектер Қытай мұсылмандарының дәстүрлі сәресі мен ауызашар дастархандарының сәні дегенмен де, ұлттық ерекшелікке ие айт мәдениеті қалыптасқан дер едім.

– Сөз соңында Қазақстан мұсылмандарына не айтасыз?

– Рамазан айымен сіздерді құттықтаймын! Қытай мұсылмандары атынан қазақстандық бауырларыма ыстық ықыласпен сәлем жолдаймын! Екі ел арасындағы мұсылмандардың бауырластығы мәңгілік болатынына сенімім кәміл!

–  Уақыт бөліп, салиқалы сұхбат бергеніңіз үшін Алла разы болсын!

 Сұхбаттасқан Оразбек САПАРХАН

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Елімізге Оман сұлтаны мемлекеттік сапармен келді
Жаңалықтар

Елімізге Оман сұлтаны мемлекеттік сапармен келді

06.10.2026
Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтіп жатыр
Жаңалықтар

Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтіп жатыр

06.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қадір түнінде қандай амал істеген абзал?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мүфтият Исматулла Мақсұмға қатысты мәлімдеме жасады

    33
  • Діни сауаттылық – экстремизмге қарсы иммунитеттің негізі

    31
  • Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық

    22
  • Исламда білім алу жайында не айтылған?

    19
  • Жастар ел болашағына сеніммен қарайды

    19

Соңғы жарияланымдар

Елімізге Оман сұлтаны мемлекеттік сапармен келді
Жаңалықтар

Елімізге Оман сұлтаны мемлекеттік сапармен келді

06.10.2026
Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтіп жатыр
Жаңалықтар

Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтіп жатыр

06.10.2026
Мұсылман бауырың үшін дұға етуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Ата-ананың дұғасында хикмет бар ма?

05.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00