Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айбек АСҚАРБЕКҰЛЫ: «Атырау өңірінде діни ахуал түзеліп келеді»

22.04.2015
- Сұхбат
0
91
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Айбек Асқарбекұлы,  өзіңіз жетекшілік ететін орталық туралы ел арасында жағымды пікірлер қалыптасқанын білеміз.  Дегенмен орталықтың қоғамдық қызметіне тағы бір  тоқталып өтсеңіз…

– Әрине, кешегі Кеңестік кезеңді айтпай-ақ қоялық, қазіргі таңда біздің дін-исламның хақ дін екендігіне ешкім шүбә келтірмейді. Өкінішке қарай, өмірде ізгілікпен қоса имансыздықты былай қойғанда, діни сауатсыздық деңгейінің төмендігі  жастардың дәстүрлі емес діни ағымдарға еріп, ел тыныштығын шайқалтатындай келеңсіз жағдайларға себеп болып жатқаны – шындық. Оны ақпарат құралдарынан көріп-біліп отырмыз. Бұл ретте халықтың діни сауатсыздығын алға тартып, елдің жағасынан алу дұрыс емес. Ақпарат ғасырындағы дінсіздіктің негізгі себептері сауатқа келіп тірелмесе керек. Ол – бергі мәселе. Мәселе, кеңестік одақ саясаты қалыптаған  құлдық санада жатқан секілді. Кеңестік саясат сан ғасырлық тарихы бар ислам дінін «апиынға» теңеп, халықтың мұсылмандық дүниетанымына балта шапты. Және бұл ғасырға жуық уақыт халықтық тәрбиенің көзіне айналды. Бұдан ұлт түгел ислам дініне теріс көзқараста болды деген ұғым шықпайды. Діни тұрғыда еліміздің тәуелсіздікті осындай түсінікпен қарсы алғаны рас. Сөз бостандығын алып, сананы отарсыздандыру, яғни, жоғарыда айтқан үрей мен қорқыныштан арылып, асыл дінімен қауышқалы тұрған кезеңде, еліміздің сырттан келген ағымдарға еріп, есесін жіберіп алғаны жаныңды қынжылтады.

Осы ретте еліміздің қауіпсіздігін ойлаған ел ағалары дін ісіне айырықша көңіл бөле бастады. Біздің орталықтың жұмысы – сол бағыттағы жұмыстардың бір парасы деуге болады. Біздің мақсатымыз,  атап айтқанда  Атырау тұрғындарын  деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпараттармен құлағдар ету, діни сауаттылықты арттыра отырып, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі рухани-имандылық және діни құндылықтарды насихаттау. Сонымен қатар, біз ақпараттық-кеңесшілік, құқықтық, психологиялық-әлеуметтік қызмет көрсетіп, халықтың дін мәселесіне қатысты сұрақтарды шешуді алдымызға міндет етіп қойғанбыз.  Біз осы бағытта 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеміз.

– Ел ісіне етене араласып, осы салада нәтижеге жету үшін мықты мамандар мен қаржы керек екені сөзсіз. Бұл ретте әкімдік тарапынан игі бастамаларыңыз қолдау тапты ма?

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

13.07.2025
Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

12.07.2025

– Дұрыс айтасыз. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» 2009 жылы құрылды. Алайда, құрылған жылы іске  бірден белсене кірісіп кете алмадық. Бір жағынан дін саласы мамандарының тапшылығы, екінші жағынан ойға алған ісімізді жүзеге асыруда қол байлаған қаржылық жетіспеушіліктен жұмысымыз  нәтижелі болды деп айта алмаймын. Осыны ескерген  облыс әкімшілігі 2013 жылдан бастап Атырауға діни тұрғысынан арнайы білімі бар мамандарды тарта бастады. Дәлірек айтсақ, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қолдауымен, облыстық Дін істері басқармасының ұсынысымен, шет елдік шейх Мұхаммед Хашим Жамаллудин, елімізге белгілі, білікті  теолог-дінтанушылар Ерсін Әміре, Ерғали Алпысбаев, Қанат Жұмағұл, Өсімхан Тілеуов сынды білікті мамандарды шақырды.

– «Еңбек түбі – береке» демекші,  орталық  Атырау өңіріндегі діни ахуалдың жақсарып, мәдени-рухани кеңістігін кеңейтуге үлес қосып келеді.   Осы ретте жастарды жат  ағымнан сақтауда қандай іс-шаралар өткізілуде?

– Қоғам алдындағы қызметіміз –  жат ағымға ерушілердің санын тоқтату,  қолдан келгенше алдын – алу, тосқауыл болу.  Әрине, ол ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру , білікті теолог  мамандардың діни білімдерін пайдалана отырып, жергілікті мешіттерде үгіт-насихат жұмыстары арқылы жүргізіледі.  Мәселен, 2013  жылы   түрлі үлгіде  шамамен  45іс-шара өткізілсе,  өткен жылы  атқарылған іс-шаралардың ауқымы екі есеге артты. Сәйкесінше, қатысушы адамдардың саны да артты. Атап айтсақ, әр түрлі форматтағы 200-ден астаміс-шаралар (семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, курстар, жыр мүшәйралары, қайырымдылық шаралары және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде дәрістер) өткізілді. Оған  22 мыңға жуық облыс тұрғындары қатысты. Соның ішінде аудандарда өткен «Дін және мемлекет», «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты шараларды ерекше атап айтуға болады.

– Жалпы, облыста әлі де болса теолог мамандар жеткіліксіз екені белгілі. Осы мәселені шешудің қандай да бір жолын қарастырдыңыздар ма?

– Өзіңіз айтқандай, облысымыз әлі де болса діни білімі бар теолог мамандарға зәру. Осыған байланысты діни білім алуға ниеттенген жандарға арналған білім беру курсын ұйымдастыру – күн тәртібінде тұрған жұмыстардың бірі. Біз көтерген  оның алғашқы бастамасы да нәтижесіз емес. 2 айлық курста білім алған 30 адамға арнайы сертификаттар табыс етілді. Қазіргі уақытта олардың көбісі мешіттің жұмысына араласып, имамдарға көмекшілік қызметін атқаруда. Ал, енді дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып жүрген мамандардың діни біліктілігін арттыру мақсатында қалалық, аудандық ішкі саясат қызметкерлері, қала және аудандардағы «Дінтану негіздері» пәнінің  мұғалімдеріне 45 оқыту семинары, дәрістер ұйымдастырылып,  оған 500- ге жуық маман қатысты.

– Орталықтың жұмысына қайта  ойыссақ.  Жапа шеккендерге нақты көмек қалай жүргізледі? 

– Дәстүрлі емес діни ағымдардан жапа шеккен жандарға кеңес бере отырып, рухани оңалту – біздің басты жұмыстарымыздың бірінен саналады. Бұл ретте қауырт желі (сенім телефоны) бойынша хабарласқан  адамдарға кеңес береміз. Ал, кеңсемізге арнайы келген жандарға  және теологиялық, психологиялық, құқықтық және қаржылық жағдайлармен хабарласқан тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мұның ішінде көбіне сәләфилік ағымға  ерушілер немесе балалары аталған ағымнан зардап шеккен ата-аналар  көп.  Кейде ата-анасы жат ағымның жетегінде кеткен баласын кеңсемізге әкеле алмаған жағдайларда түнгі намаздан қайтқан уақытта үйлеріне барып діни түсінік беру жұмыстарын жүргізетін кездеріміз болады.

Ал, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігіндегі ақпараттық-насихат ісін «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасының «Иман нұры» атты рухани, діни-танымдық телебағдарламасы, сонымен қатар «Жұмадағы тілдесу» радио- бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Кездесуге  орталық теологтарымен қатар, елімізге белгілі теолог-дінтанушыларды, Атырау өңіріне арнайы шақыртумен келген шетелдік шейхты шақырып, аптасына бір рет берілетін тікелей эфирде сұхбат жүргізіп келеміз.

Діни экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, еліміздің ұстанып отырған Ханафи мазһабы, Матуриди ақидасын кеңінен тарату мақсатында «maturidi.kz», «hanafi.kz» ғаламтор сайттары іске қосылды. Тұрғындарды, жастарды дәстүрлі емес діни ағым идеяларынан сақтандыруға, дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Өмірзая» атты 5 сериялы бейнефильм мен «Дін және білім» атты деректі фильм түсірілді.

– Соңғы кездері Атырау облысында «діни жағдай ушығып тұр» деген қоғамдық түсінік орын алды.  Бұл ақпарат  қаншалықты шындыққа жанасады?

– Рас, бұл ақпарат негізсіз емес. Еліміздің басқа аймақтарына қарағанда Атырау облысындағы діни ахуалдың күрделілігі көптің назарын аударып отыр. Айдың күннің аманында көз алдымызда келеңсіз жағдайлардың болғаны да жасырын емес. Дегенмен, қазіргі уақытта көтеріліп отырған мәселені шешу мақсатында көп күш жұмсалуда. Соның нәтижесінде өңірдегі діни ахуалдың бірте-бірте түзеліп келе жатқаны байқалады. Мәселе толық шешілді деуге тағы болмайды.

Жат ағымның айтқанына ерген баласынан айырылып, шырылдап жүрген ата-аналар есігімізді қағып, көмек күтіп жүргенін күнделікті көріп отырғанда, толассыз күрестің қажеттілігін көресің. Бұрын халқымыз «ел іші – алтын  кеніш» дейтін еді. Қазір сол елдің ішіне реніш енгендей.      

– Себебі неде?

– Бірде біздің орталыққа  шаңырағында қыздарын қияға қондырып, ал жар дегенде жалғыз ұлы жат ағымның жетегіне кетіп, баласынан айырылған ана көмек сұрай келді. Көз жасы көл болған ананың қасіретін көзбен көру қандай ауыр десеңізші? Ата-ананың ұзақ жылдар бойғы ұлын үйлендіріп, келін түсірсем деген аяқасты болған арман, жан шерін тыңдау қайдан оңай болсын? Еңіреп жылап, бар сырын ақтарған ана ұлының дәстүрлі емес діни ағымға еріп, туған жанұясына қамқор болуған қол үзгенін айтып, шырылдады.  Ана мен ұлдың арасына араша түсіп, отағасына тоқтау салар келін қайда? Оның қатыгездігі ұлдан да өткен, жарын тоғыз ай толғатып дүниеге әкелген ананы бұрышқа қойып, тепкілеп сабаған. Келінінен таяқ жеген қорғансыз анасын баласы қорғап шыға алмай, әйелін жақтаған.

Ананың ұлын шақыртып тілдескенімізде, ақжаулықты ананың бар кінәсі – олар ұстанған дінді қолдамауында екен. Мұсылманның арманы жұмақ болса, сол жұмақ ананың аяғының астында жататынын айтып, ақыл-кеңесімізді бердік. Өкінішке қарай, мұндай мәселемен есігімізді қағатын аналардың көп кездесетіні көңілге мұң ұялатады.

– Жалпы, елдегі діни ахуалға қандай баға беруге болады? 

– Еліміздегі діни ахуал өткен жылдарға қарағанда жақсарып келеді деп ойлаймын. Себебі дін мәселесімен жалғыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғана айналысып жатқан жоқ. Бұл салаға мемлекеттік дәрежеде қолдау көрсетілуде. Нәтижелі болады деп есептеймін және соған сенемін.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ,

E-islam.kz

 

Таңбалар: Қанат Жұмағұл
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Жұма намазы

07.11.2024
Ғибратты әңгімелер

«Өмірімде естімеген, теңдесі жоқ сөз естідім»

03.07.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ережеп, Шағбан, Рамазан айлары неліктен қасиетті саналады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00