Сенбі, 26 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Өмірімде естімеген, теңдесі жоқ сөз естідім»

03.07.2024
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
186
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірде мүшріктердің беделді кісілерінің бірі Утба ибн Рабиға Хазіреті Пайғамбарымызға келіп:

– «Не қаласаң берейік. Бай болғың келсе дүние берейік, әмірші болғың келсе Меккеге әкім етейік, қаласаң Меккенің ең сұлу деген қызын некелейік, тілегіңді түгел орындайық. Тек райыңнан қайтсаң болғаны», – дейді.

Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз жауап ретінде «Фуссилат» сүресін оқып береді. Утба Құранның соншалықты керемет мағыналы сөздерінен кейін үн-түнсіз, басы салбырап өзін күтіп отырған достарына барып:

– «Не айтарымды білмеймін. Өмірімде естімеген, теңдесі жоқ сөз естідім. Өлең де емес, сиқыр да емес, палшылық та емес, мен білетін ешбір нәрсеге ұқсамайды. Ей, Құрайш тайпасы, мені тыңдаңдар! Оны еркіне жіберіңдер. Естігендерім адам сөзіне ұқсамайды. Ол өз дегенінде табысқа жете алмаса, арабтар Оны жөнге салар, біз де құтыламыз. Ал егер Ол табысқа жетіп жатса, ол жеңіс сіздің де жеңісіңіз болмақ!» ‑ дейді.

Атаның ақылы – адасудан сақтайды

Атаның ақылы – адасудан сақтайды

25.09.2026
Діннің басты қызметі – тұлға қалыптастыру

Діннің басты қызметі – тұлға қалыптастыру

25.09.2026

* * *

Мекке мүшріктері Хазіреті Мұхаммедті (с.ғ.с.) өлтірмек болып шешім қабылдағанда Хазіреті Омар: «Мұхаммедті (с.ғ.с.) мен-ақ өлтіремін. Елдің бірлігі үшін ешқандай ақы да алмаймын», – дейді. Бірақ, жаны жайсаң Омар «Таһа» сүресін оқығанда оның адам сөзі болуы мүмкін емес екендігін еріксіз мойындап, тілін бірден иман келтіреді.

* * *

Мүшріктердің көсемі Әбу Суфиян, Әбу Жәһил және Ахнес Құранның шексіз кереметіне өздерін қалайша алдырып қойғанын білместен түн жарымда бір-бірінен жасырынып келіп Пайғамбарымыздың Құран оқыған әуенін үш күн қатарынан тыңдаған еді. Олар Пайғамбарымызға қарсы шығушылардың көсемдері болатын. Сөйте тұра, олар неліктен Құран тыңдаған сәтте өздерін ұстай алмады?! (оқиғалар «Иман негіздері» кітабынан алынды).

* * *

Иә, Құран Кәрімнің сөзі мен мағынасының байлығы оның тек қана Жаратушыдан екендігін толықтай айғақтайды.

 «Құранды Жәбрейіл періште (ғ.с.) түсіріп, ең ұлық періштеге айналды;

Құран Кәрім Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түсіп, ол адамзаттың мырзасына айналды;

Құран кәрім Мұхамметтің (с.ғ.с.) үмметіне жіберіліп, ол ең қайырлы үмметке айналды;

Құран кәрім Рамазан айында түсіп еді, он екі айдың сұлтаны болды;

Құран кәрім Қадір түнінде түсіп еді, ол мың айдан да қайырлы болды.

Егер Құран біздің жүрегімізде орнықса, не боларын пайымдай беріңіз!» – деп  елімізге белгілі исламтанушы Қанат Жұмағұл Құран Кәрімнің ғажайып бір кітап екендігін паш ететін арабшадан аударған жазбасымен бөліскен еді.

Қасиетті Құран Кәрімнің тағы бір кереметтілігі әрбір тақырыпқа қатысты сөздер бірдей қайталанып ескертілген. Мұны да бір үлкен мұғжиза деп айтпасқа болмас.

Мысалы; Құранда дүние сөзі – 115 мәрте айтылса, ақырет сөзі де – 115 мәрте айтылған.

Ерлер туралы – 24 мәрте айтылса, әйелдер де – 24 рет қайталанған.

Періштелер – 88, шайтан да – 88.

Өмір – 145 , өлім де – 145.

Пайда – 50, зиян да – 50.

Халық – 50, Пайғамбарлар да – 50.

Ібіліс сөзі – 11 мәрте айтылса, Ібілістің жамандығынан Алладан пана тілеу туралы да –11 рет ескертілген.

Қиыншылық – 75, шүкір сөзі де – 75.

Қайырымдылық – 73, разылық білдіру – 73.

Балгерлік – 60, бүлік шығару – 60.

Зекет – 32, молшылық – 32.

Ақыл – 49, нұр – 49.

Тіл – 25, насихат – 25.

Ауыртпалық – 114, сабыр да –  114 рет айтылған. Бұданда басқа тақырыптарға қатысты кеңінен қамтылған.

Демек, қарама-қарсы қайталанатын сөздер адамдардың назарын Құранға аударып, ақыл жүгіртуге, ой толғауға бағыттайды.

«Дүниесі ҚҰРАН болғанның,

Ақыреті ЖӘННАТ болар» -депті ізгілерді бірі. Лайым солай болғай!

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Қанат Жұмағұлқұран кәріммұғжиза
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Құранның шапағаты (болған оқиға)

22.06.2026
Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?
Ғибратты әңгімелер

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

13.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Исламда мүшел жас бар ма?

Исламда мүшел жас бар ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

    72
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    27
  • Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

    26
  • «Ой, папа, болды!..»

    21
  • «Бұл да бір күні өтеді…»

    20

Соңғы жарияланымдар

Діни экстремистік іс-әрекеттерге не жатады?
Ағымдар ақиқаты

Өшпенділіктің ұшқыны қайдан тұтанады?

25.09.2026
Атаның ақылы – адасудан сақтайды
Сұхбат

Атаның ақылы – адасудан сақтайды

25.09.2026
Діннің басты қызметі – тұлға қалыптастыру
Видео

Діннің басты қызметі – тұлға қалыптастыру

25.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00