Сенбі, 30 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

13.04.2026
- Таңдаулы
0
38
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл дүниеде бізге ең ұлы аманат берілді. Ол – Алланың сөзі, қасиетті Құран Кәрім. Бірақ сол Құран қиямет күні бізге дос бола ма, әлде дұшпан бола ма – бұл әрқайсымыздың бүгінгі амалымызға байланысты.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бізге ауыр бір ақиқатты ескертеді: Қиямет күні Құран адам бейнесінде келіп, біреуге шапағат етсе, біреуге шағым айтады екен.

Ойлап көріңіздерші…

Бір адам Алланың алдына әкелінеді. Бірақ оның жанында араша түсетін ешкім жоқ. Кенет Құран тіл қатады:

Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

29.05.2026
Мәнті – көшпенділердің асы

Мәнті – көшпенділердің асы

29.05.2026

– Уа, Раббым! Бұл пендең аяттарыңды аяқасты етті. Парыздарыңды орындамады. Тыйым салған істеріңе бой алдырды…

Сол сәтте Құран оның қарсыласына айналады. Оны жетелеп, ақырында тозаққа тастағанға дейін қасынан ажырамайды.

Бұл – қандай қорқынышты көрініс!

Күніне қолымызға алмаған Құран…

Оқымай шаң басқан сөрелерде қалған Құран…

Тек құдайы садақада ғана ашылатын Құран…

Сол Құран ертең бізге қарсы сөйлесе, не істейміз?

Ал енді екінші бір адамды елестетіңіздер…

Ол да Раббысының алдына келеді. Бірақ бұл жолы Құран оның қорғаушысы болып тұрады:

– Уа, Раббым! Бұл пендең аяттарыңды құрметтеді. Парыздарыңды орындады. Адал мен арамға мұқият болды…

Сонда Құран оның қолынан ұстап, жанынан бір сәт ажырамайды. Оған құрмет көрсетіліп, сый-сияпат беріледі. Өйткені ол Құранмен өмір сүрді.

Құрметті мұсылман бауырлар!

Құранды тәрк ету – тек оны жоққа шығару ғана емес.

Оны оқымау – тәрк ету.

Мағынасына үңілмеу – тәрк ету.

Өмірде қолданбау – тәрк ету.

Қасиетті аятта да ескертіледі:

– «Раббым! Менің қауымым бұл Құранды мүлде тәрк етті…» (Фұрқан, 25/30).

Бұл сөзді Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) айтатынын ұмытпайық! Ертең сол шағымның ішінде бізде болып қалмайық!

Сондықтан, ағайын!

Құранды тек қабырғаға іліп қою үшін емес, жүрекке орнату үшін түсірілген.

Оны тек оқу үшін емес, амал ету үшін түсірілген.

Ол – өмір кітабы!

Күн сайын аз болса да оқып тұруды әдетке айналдыруымыз қажет.

Мағынасын да түсінуге тырысайық.

Әрбір аятты өмірімізге енгізейік.

Сонда ғана Құран бізге шағым емес, шапағат ететін болады!

Алла Тағала баршамызды Құранмен өмір сүретін, Құранмен тіріліп, Құранмен жан тапсыратын құлдарынан етсін!

Қиямет күні Құранның шапағатына бөленуді барша момын-мұсылманға нәсіп етсін! Әмин!

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратқұран кәрім
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мазлұмның үнсіз наласы
Ғибратты әңгімелер

Мазлұмның үнсіз наласы

22.05.2026
«Иншалла» – сөзінің салмағы
Ғибратты әңгімелер

«Иншалла» – сөзінің салмағы

07.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Арыстан баб және дәстүр мен шариғат үндестігі» семинары өтті

«Арыстан баб және дәстүр мен шариғат үндестігі» семинары өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    644
  • Өте маңызды өсиет

    289
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    162

Соңғы жарияланымдар

Мемлекет және дін

Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

29.05.2026
Айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды
Жаңалықтар

Айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды

29.05.2026
Мәнті – көшпенділердің асы
Жаңалықтар

Мәнті – көшпенділердің асы

29.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00