Сейсенбі, 18 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір кесе сорпаның бағасы

22.07.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
64
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертеде ізгі жандардың бірі кешкі асты халифаның сарайында ішуге шақырылады. Ол уақытынан кешікпеу үшін сарайға асығып бара жатады. Жол үстінде алдынан жүдеу тартқан бір бейтаныс адам шығады.

– Сен кімсің? – деп сұрайды ол.

Бейтаныс жан:

– Мен жолаушымын. Бұл өлкеге бөтенмін. Қарным аш, өзім қатты шаршадым, – дейді.

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

18.08.2026
«Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шара өтті

«Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шара өтті

17.08.2026

Сонда әлгі кісі:

– Мен халифаның қонағымын. Жүр, бірге барайық, – дейді.

Алайда жолаушы:

– Халифамен менің қандай шаруам бар? Егер маған ұсынар бір кесе сорпаң болса, бер. Болмаса, жолыңмен кете бер, – деп жауап қатады.

Бұл сөзге мән бере қоймаған әлгі адам сарайға қарай асыға жөнеледі.

Қонақасы аяқталған соң қайтар жолда әлгі жолаушыны іздеп қарайды. Қараса, бір бұрышқа бүрісіп, ұйықтап қалыпты. Оны оятуға қимады.

«Таңертең оянғанда келіп, қарнын тойғызармын», – деп ойлап, үйіне қайтып кетеді.

Сол түні ол ғажайып түс көреді.

Түсінде өзін шексіз бір сахарада көреді. Алдында жүздерінен нұр төгілген қалың топ келе жатыр екен. Солардың алдында бәрінен де нұрлы, айбынды бір тұлға бар екен.

– Бұлар кімдер? – деп сұрайды.

Оған:

– Бұлар – жүз жиырма төрт мың пайғамбар. Ал алда келе жатқан – соңғы пайғамбар, Алланың сүйікті Елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.), – деп жауап береді.

Ол қуанып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак қолын сүймек болады. Бірақ Алла Елшісі қолын созбай:

– Біз бір кесе сорпаны қимаған адамға қолымызды бермейміз, – дейді.

Ол селк етіп оянып кетеді. Таң атысымен кеше кездескен жолаушыны іздеп жүгіре жөнеледі. Әлгі жолаушы жаңа ғана жолға шығып бара жатыр екен.

Оны тоқтатып:

– Өтінемін, қайтшы! Үйіме кіріп, ең болмаса бір кесе сорпамды ішіп кетші, – деп қайта-қайта өтінеді.

Бірақ жолаушы қанша жалынса да келіспейді. Сосын жүрекке шаншудай қадалар бір ауыз сөз айтады:

– Маған бір кесе сорпа беруің үшін жүз жиырма төрт мың пайғамбардың ара түсуі міндет пе еді? Ондай мүмкіндікке ие емес адамдар не істемек?

Осы оқиғадан кейін әлгі кісі өмір бойы есігінен келген бірде-бір қонақты ас бермей шығарып салмайтын болыпты. Тіпті өзі адамдарды үйіне шақырып, дастарқанынан дәм татуға өтініп жүреді екен.

Өйткені ол бір кесе сорпаның ғана емес, қонаққа көрсетілген ықыластың Алла алдындағы қадірін жүрегімен ұққан болатын.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратсорпа
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші
Ғибратты әңгімелер

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

23.07.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

05.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»

    «Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

    1.6k
  • Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

    523
  • Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

    515
  • Ақпараттық шабуылдардан қорғану үшін қандай дағдылар керек?

    515
  • Діни уағыз бен насихат айтудың айырмасы неде?

    514

Соңғы жарияланымдар

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды
Жаңалықтар

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

18.08.2026
Сұрақ-жауап

Перзенттің жақсы болуы марқұм әкесіне сауап па?

18.08.2026
«Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шара өтті
Жаңалықтар

«Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шара өтті

17.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00