Сейсенбі, 24 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандағы ислам: мәселелер және шешу жолдары

30.08.2014
- Мемлекет және дін
0
476
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде республика аумағында ислам дінінің дамып, барша мұсыл­ман қауымының игілігіне айналуына барлық мүмкіншіліктер қарастырылған десек, артық айт­паймыз. Қазақстан қазіргі кезде көптеген мұсылман мемле­кеттерімен саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып, әлемдік беделі бар ислам ұйымдарының белді мүшелерінің біріне айналды. Бірақ, жалпы жағдай осылай десек те, респуб­лика аумағында исламның дамуымен діндар мұсылмандардың санының өсуі, соның ішінде жастардың дінге бет бұруы біршама мәселелердің пайда болуына алып келді. Атап айтқанда, діндар жамағаттың бі­ра­­зы теріс діни жолға түсіп, зайыр­лы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмеді. Осы жағдайлар қоғам ортасында діннің әлеуметтік маңызы мен орнына қатысты көзқарастарды қайтадан салмақтауға алып келді.

Қазір республикадағы мұсыл­ман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында «ха­нафи» мазхабының ілімін бас­шылыққа алады. Құлшылық, ғиба­дат­тарында ата-баба жолын ұста­натындықтан, оларды «дәстүрлі мұ­сылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған. Сондай-ақ, ханафи мазхабындағылар қа­тарына Орталық Азия елдері мен Қазақстанда бұрыннан кең та­раған сопылық жолдағылар, түр­киялық «сүлейменшілер» мен «нұршылар», «Таблиғи жамағат» діни миссио­нер­лік ұйымының жақтастары енеді. Мазхабта айырмашылықтары бол­мағанымен, ол жамағаттар бір-бірінен белгілі бір тәртіп, талаптарға бағынуларымен, кей­бір діни мәсе­ле­лерде жеке көзқа­растарымен ерек­шеленеді.

Сонымен қатар, елімізде сүн­ни­лік тармаққа жататын шафи маз­ха­бындағылар, шииттер, «салафизм» ілімін жақтаушылар және көптеген ислам елдерінде қолдау таппаған, ресми тіркеуден өтпеген «Ахмадия» жақтастары, «Құраншылар» өкілдері де кездеседі. Аталғандардың ішінде ханафи мазхабын мойындамайтындары немесе мазхабта жоқтары қазіргі кезде «кері» немесе «теріс» ағымдар, ал олардың ішіндегі мазхаб ұстанса да мемлекеттік құрылысты өзгертуге шақыратын «Хизб-ут-тахрир» сияқты діни-саяси ұйымдар, «бүлдіргі» ағымдар да бар. Сондай-ақ, исламдық ағымдар қатарында ілімі мен әрекеттері мұсылмандықтан тым алыс «Алла аят», «Ата Жолы» мис­ти­калық құрылымдарының да аты аталып қалады. Бүгінде «Таб­лиғи жамағат», «Хизб-ут-тахрир», «Алла аят», «Ата Жолы» сияқ­ты бірқатар діни ұйымдар мен құ­ры­лымдардың Қазақстан Респуб­ликасы аумағында қызмет жасауына тыйым салынған.

Десе де, жаңа заң қабылданғанға дейін жұмыстарын кедергісіз жүр­гізіп, жақтастарын жинап алған сол топтар мен ағымдардың өз әре­кет­терін жасырын жүргізіп отыр­ғаны байқалады. Олар өздерінің жымысқы мақсаттарын іске асыруда әртүрлі амалдарға барып, өздерін тақуа мұсылман, Алланың әмірін жеткізу жолында жәбірленушілер етіп көрсетуге тырысуда. Олардың алдап-арбауына түскен азаматтар, соның ішінде жастар теріс жолға түскендерін байқамай да қалуда.

Дін көшбасшыларының VIII съезі: Бейбітшілік пен келісімнің жаңа белесі

21.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025

Атап өту керек, қазіргі кезеңде рес­публика аумағындағы діни ахуал өткен жылдармен салыс­тыр­ғанда бірқалыпты дамуда. Бұл, әрине, мемлекеттің дін сала­сын­дағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы тетіктерді жүзеге асыра білуінің нәтижесі екендігі анық. Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде мем­лекеттік құзырлы органдар, со­лар­дың қатарында Дін істері агент­тігінің, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмыла қызмет жасауда.

Республика аумағындағы діни ахуалдың тұрақсыз сипат алуы кері ағымдар мен топтардың, ұйым­дардың халық арасында радикалды идеология таратып, қарапайым жандарды адастыруларымен, теріс әрекеттерге итермелеулерімен бай­ланысты болды. Сондай радикалды ағымдар қатарында «салафиттер», кейде «уахаббистер» деп аталатын топтар өздерінің қазіргі қоғамдық-саяси жүйеге, оның заң­дарына қарсы көзқарастарымен ерекше көзге түсті. Олардың қата­рындағы діннен білімі жоқ немесе таяз жастар теріс пиғылды «ұстаздарының» айтқандарына еріп, өздері өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысты «бүгін және қазір» өзгерту керек деген жастық жалынмен «қасиетті амалдар» жолында жандарын қиюға дайын болды.

Ислам дініне қатысты бұл мәселе Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тас­қан мемлекеттің жаңа сая­си бағы­ты» атты Қазақстан халқына Жол­­дауында басты орын алды. Онда Елбасы бүгінде біздің хал­қы­­мыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәсе­лесі өткір тұрғандығын ерекше атап өтіп, жастарымыздың бір бөлігінің олар­дың көзқарасын көзсіз қабылдап отырғандығы жастарға тән алып-ұшпа мінез бен олардың бойларында кері ағымдар идеология­сына қарсы тұратын иммунитеттің жоқтығынан деп атап көрсетті. Ол үшін біз шеттен келген әртүрлі жал­ған әсерлерге беріле бермей, соң­дарынан ере бермей, өзіміздің әдет-ғұрпымызға, салт-санамызға, мәде­ниетімізге негізделген ұлттық сана, соның ішінде діни сананы қалып­тастыра білуіміз керек деді.

Кері ағымдар, солардың ішін­де «салафиттік» ағымының ықпа­лы ел аумағын тұтас қамти қойма­ған­дықтан, дәл бүгінгі күні олар­дың әрекеттері мемлекет­тің сая­си тұрақтылығы мен конс­ти­ту­циялық құрылысына тікелей қау­іп төндірмейді десе де, олардың бел­­сенділіктерінен белгілі бір ау­мақ­тардың жалпы ахуалы тұрақ­сыз­данып, мемлекеттік қауіп­сіз­дікке айтарлықтай кедергі келті­руде.

Исламдағы кері ағымдар, солар­дың ішінде салафиттер әрекетінен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау, Қарағанды облыстарында республиканың өзге аймақтарына қарағанда діни жағ­дайлардың шиеленісті өрбуі анық байқалады.

«Тура жолды» ұстанушы са­ла­фиттердің пікірінше, бүгінгі күнге дейін қазақтардың, дәс­түр­лі мұсылмандық жолды ұста­нып келген өзгелердің де діни түсінік, ұстанымдары дұрыс емес. Олар дінге жаңалық енгізген «бид­ғатшылар», Аллаға серік қосқан «щирк» жасаушылар. Өз пікірлерін араб елдеріндегі, әсіресе, Сауд Арабиясын­да­ғы «шейх» діни ғалымдардың айтқандарымен дәлелдеуді әдетке айналдырған. Яғни, қазіргі мұсылман жама­ға­тының бұрынғы ата-баба діни жолымен жүрем дегені бекершілік. Ол адасуға алып барады дегенді алға тартады.

Осы пікірдегі салафиттер өз ара­сында шартты түрде «мад­халит­тер», «суруриттер» деп бөлін­ген. Солардың қатарында дәс­түр­лі ханафи ұстанымдағы діндар­ларға ашық қарсы шығып, қазіргі мемлекеттік құрылым мен заңдарына қарсы «жихадқа» шақырып жүргендері әрі сол жолда қанды оқиғаларды қолдайтындары – «тәк­фиршілдер». Олар үшін атеист адам түгілі, күнделікті бес на­ма­­зын қаза етпейтін қара­пайым мұ­сыл­мандардың өзі «ада­сушы» қатары­нан табылуы мүм­кін. Олар қазіргі қоғамды тұрақ­сыздандыруға, өздерінің «жабық» ортасын құруға ұмтылыс жасау­да. Тәкфиршілдер үшін ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер, салт-сана, дәстүрдің еш мәні жоқ.

Салафиттер қатарындағы мад­ха­литтер тәкфиршілдерге қара­ғанда билікке бағыну идеясын қол­дап, мемлекеттік жүйені өзгер­­туді жақтамайды. Олардың бас­­ты идеологиясы адамдарды тура дін жолынан «адасқан», «жаңа­лық қосушы» деп айыптауға бағыт­талған. Сондай-ақ, олар Қазақ­стан аумағында тараған сопы­лық жолына төзімсіздікпен қарайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің еліміз үшін «салафизмнің» қандай түрі болмасын қоғамға жат ұстаным екендігін дәлелдеп жатудың қажеттілігі шамалы деп білеміз. Салафизм идеологиясын қолдаушылар өз қатарын көбейту жолында әртүрлі әдістерді, соның ішінде Интернет жүйесін епті пайдаланып, жымысқы әрекеттерін жалғастыруын тоқтата қоймаған.

Жалған уағыздарымен дін­дар жа­мағатты адастырып, қыл­мыс­тық жолға итермелеп отырған діни ұйымның бірі – «Хизб-ут-тах­рир». Оның әре­кеттері қоғам­дағы эт­никааралық (еврей ұлты мен АҚШ азаматтарына қарсы) жә­не конфессияаралық (христиан­дар мен басқа діндерге қар­сы) қатынастарды бұзуға бағытталып, қоғам тыныштығын бұзуды көздейді. Ислам талаптары үстемдік ететін Халифат құру идеясын тықпалап, негізгі жұмыстарын халықтың тұрмысы нашар ортасында жүргізуге тырысады. Сондағы мақсаты – оларға материалдық көмек көрсете отыра, өз қатарын толықтыру.

Діни экстремистік әрекеттердің Қазақстан жерінде бой көр­се­туі әртүрлі жағдайлармен түсін­ді­ріледі. Мәселен, ресейлік сарапшы А.Собяниннің пайымдауынша, ислам радикализмін тарату – мұ­сылман емес елдердің арнайы қыз­мет орындарының мақсатты ісі. Ал ислам елдері ішінде радикалды исламды араб елдері мен Пәкстан қолдайды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы ді­ни ахуалдың өрбуі оның ішкі жағ­дайымен ғана емес, Орталық Азия және алыс-жақын басқа елдердегі саяси-әлеуметтік ахуалмен де байланысты деген де пікірлер айтылады. Әрине, біз бұл пікірлерді негізсіз деп айта алмаймыз. Сол себептен де біздің кеңестік кезеңде де мұсылмандық сенім әсерінен алыс ажырай қоймаған көрші Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың қалыпты дамуына алаңдаушылықпен қарайтынымыз да рас. Қазіргі уақытта сол елдердің кейбірінде исламдық идеялармен бүркенген күштер мемлекеттік билікке оппозиция құрап, саяси жолмен болсын, қарулы жолдармен болсын, билікті қолдарына алу мүмкіндіктерін қарастырып отырғаны да белгілі.

Исламды зерттеп жүрген ға­лым-сарапшылар Қазақстандағы діндар жамағаттың ағымдарға бө­ліну себептерін, алдымен, әлеумет­тік факторлармен байланысты­рады. Яғни өмірден орнын тап­па­ған, тұрмыс-тіршілігі нашар адамдар көп жағдайда, көңіл жұ­ба­ныштарын діннен табуға тырысады. Осы оңтайлы жағдайларды өз мақсаттарына пайдалануға ұмтылған радикалды идеологияны таратушылар «отқа май құя түсіп», өз орнын таппай жүргендерге Құран сөздерін өздеріне қажетті мазмұнда түсіндіріп миларын улады, осылайша, «тығырықтан шығар жолды» көрсеткен болады.

Діни экстремизмнің пайда болуы мен көріністері бұл күн­дері жан-жақты зерттеліп, оған қар­сы тұрудың саяси-әлеуметтік, құ­қықтық тетіктері жасалды әрі олар жылдан-жылға жетілдірілуде. Соның нәтижесінде бірқатар кері ағымдар қызметі тоқтатылып, олардың жымысқы әрекеттері жалпы халық алдында әшкереленді. Экстремистік және лаңкестік әрекеттері үшін қаншама азаматтар, солардың қатарында жас­тар бас бостандықтарынан айырылып, абақтыға жабылды.

Десек те, діни саладағы мәсе­ле­лерді шешуде 2011 жылы қабыл­данған «Діни қызмет және діни бір­лестіктер туралы» Заңның пәр­мен­ділігі ерекше бағаланды. Соның негізінде Қазақстандағы діни бір­лестіктердің қызметі заң­ды түр­де реттеліп, діни топтар мен ұйым­дардың өз бетімен әре­кет етуінің жолы кесілді. Осы жұ­мыс­тарды ой­дағыдай жүзеге асыра білген Дін істері агенттігі бүгінде басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып діни саладағы өзекті де өт­кір мәселелерді шешу жолдарын Қа­зақстан Республикасы Үкіметі алдына қоюда. Солардың қатарында халықтың әлеуметтік жағдайын жақ­сартып, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мәселелеріне баса көңіл бөлінген.

Ғалым, сарапшылардың пікі­рін­ше, қазіргі уақытта орын алып отырған мазхабты мойындамау, ұлт­тық ерекшеліктерді жоққа шығару, «хиджаб» мәселелерінің туындауын діни сауатсыздықтан іздеу қажет. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды халықтың жалпы діни сауатын ашу, оларға зайырлы қоғам мен діннің ара қатынасын сауатты түсіндіре білу­ден бастаған жөн дейді. Осы пікір­лердің негізсіз еместігіне көзін жеткізген Дін істері агенттігі кең діни ағарту, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Ондай жұмыстар қоғамның барлық деңгейін қамтып, жоғары және орта оқу орындары студенттері мен оқушылары, қала, аудан, ауыл тұрғындары арасында, әскери бөлімшелерде, түзеу орындарында өткізілуде. Насихат топтарына теолог ғалым, сарапшылардан, қоғамдық пәндер мамандары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті имам, қызметкерлері тартылған. Атап өту керек, осы жүргізген жұмыс­тар нәтижесінде халықтың біраз бө­лігінің кері діни ағымдар мен дәстүрлі ханафи ұстанымы жөнінде дұрыс ұғым қалыптасып, білім деңгейлері өсті.

Көпшілікті қамтитын шара­лар­дың қатарында Дін істері агенттігі мен облыс әкімдіктері бірлесіп өт­кі­зіп отырған республикалық кон­фе­ренциялар мен семинарларды, дөңгелек үстелдерді атап өту орынды. Ол шараларға отан­дық ғалым, теологтармен қатар шетелдерден білікті мамандар ша­қырылуда. Олар еліміздің алыс аумақтарына дейін барып, дәріс­тер оқып, «ислам дініндегі мазхаб ұстаудың қажеттігі мен пайдасы», «салафизмнің зияны мен зардаптары», «жихадизм мен тәк­фиршілдік идеологиясының исламмен сыйымсыздығы», «матуриди ақидасының ханафилік ілімнің жалғасы» тақырыптарында білім­дерімен бөлісуде. Олар Қазақ­станның дін саласындағы саясатына ризашылықпен қарап, осы ел­де қай діннің болмасын тіршілік етуі­не қолайлы екендігін жасырмайды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, радикалды идеологияның таралуын құқықтық немесе күш көрсетумен ғана тоқтату мүмкін еместігін орынды түсінген Қазақстан жергілікті діни-руханилықтың бірден-бір жолы дәстүрлі діни ұстанымды кеңінен дамытуға баса көңіл бөлуде. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының бел­сен­ділігін арттыруға, діни қызмет­керлері мен имамдары қата­рының білікті мамандармен толық­ты­рылуына тиісті қолдау көрсе­туде. Мешіт имамдарының білі­міне арнайы көңіл бөлініп, тиісті дайындық курстарында ді­ни пәндермен қатар мемлекеттің құры­лысы мен заңдарына қатысты пәндер­ден дәрістер оқытылуда.

Осылайша, діни экстремизм әрекеттері мен діни адасушылыққа жол бермеуде тұрғындар арасында діни ағартушылық тәрбиелеу жұмыстарына баса мән берілуде. Сонымен бірге, атқарылып отырған жұмыстардың әсерлі болуында бұқаралық ақпарат құралдарының да маңызы мен рөлі ескерілуде. Оларда қазіргі күні атқарылған шараларды жарыққа шығарып хабарлау­мен қатар, арнайы діни мәселелер, ұлт­тық құндылықтар төңірегінде бағ­дарламалар, ток-шоулар ұйым­дастырылуда. Ақпа­раттық заманда өмірдегі келең­сіз­діктер мен діни экстремизм идеологиялары, лаңкестікке жол бер­меу, олардың алдын алуда БАҚ құралдарының орны мен мүм­кіндіктері зор екендігі мәлім. Сондықтан оның жұмысы одан әрі белсендіріле түспек.

Жалпы, радикалды діни идео­логияға қарсы тұра білу жан-жақты қарастырылған, кешенді іс-шараларды жүргізуді талап етеді. Осы және Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы алға қойған міндеттерін ескере келіп, қазіргі күні «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы» жасалды. Ендігі ретте онда қарас­тырылған іс-шараларды жүзе­ге асырудың жолдары мен мүм­кіндіктері қарастырылуда.

Қазіргі кезде дінді тек жекелеген адамдарға ғана емес, мемлекет үшін де қажетті деп түсіне білген жөн. Өйткені, қоғамда мүшелерінің бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасып дамуындағы діннің әлеуеті мен тәрбиелік рөлі мемлекет үшін қажетті, сондықтан ол дінді саяси-қоғамдық өмірден ығыс­тырып шығаруға, қысым көрсе­туге ұмтылмайды. Ал мем­ле­кет­тің тұрақтылығы мен саяси-эко­номикалық жағдайының кү­шеюі дін­нің де қалыпты дамып, өз міндеттерін атқаруына мүмкіндік беретіні рас әрі ол осыған мүд­делі болуы керек. Осындай өзара келісім мен жа­ра­сымдыққа қол жеткізгенде біз қазіргі діни ада­су­шылық пен алауыздыққа тойтарыс бере аларымыз анық.

дереккөзі

Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Некенің дұрыстығы – жария болуында
Видео

Некенің дұрыстығы – жария болуында

24.06.2025
Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды
Жаңалықтар

Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

24.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасының негізгі үлгілері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

Некенің дұрыстығы – жария болуында
Видео

Некенің дұрыстығы – жария болуында

24.06.2025
Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды
Жаңалықтар

Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

24.06.2025
Донорлық пен трансплантацияға қатысты жиын
Жаңалықтар

Донорлық пен трансплантацияға қатысты жиын

24.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00