Сенбі, 7 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Теріс діни ағым жетекшісі 200 жылға сотталды

07.11.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
5
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кенияда «Жақсы хабар» (Good News) сектасының жетекшісі Пол Маккензи 190 баланың және бір ересек адамның өліміне байланысты 200 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаза тапқандардың басым бөлігі мәжбүрлі ашығу салдарынан көз жұмған. Марқұмдардың денесі әлі де табылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

CNN мәліметінше, Момбаса қаласының Жоғарғы соты өзін секта жетекшісі деп жариялаған Пол Маккензиге қатысты үкім шығарды. Ол мәжбүрлі ашығу салдарынан адамдардың өліміне байланысты 100 жылға, ал ізбасарларын тікелей өлтіргені үшін тағы 100 жылға сотталды.

Секта жетекшісімен бірге оның 28 сыбайласы да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Судья Диана Каведзаның айтуынша, сотталушыларға өлім жазасы тағайындалмаған. Себебі мұндай жаза олардың өлім арқылы Исамен қауышамыз деген сенімін одан әрі күшейтуі мүмкін. Бұған қоса, із-түзсіз жоғалған балалардың сүйектерін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Тірі қалған сотталушылар оларды табуға көмектесуі мүмкін.

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

07.11.2026

Кешірімнің қарымы

07.11.2026

Сот процесі барысында айыпталушылардың басым бөлігі өз әрекеттеріне өкінбеген. Үкім жарияланған кезде секта жетекшісі бірнеше рет жымиған.

Құрбандардың басым бөлігі – балалар

Судьяның мәліметінше, қаза тапқан 191 адамның 161-і – тоғыз жасқа толмаған балалар. Тағы 22 құрбан 10–13 жас аралығында болса, бесеуі 14–16 жаста болған. Қалған екі адамның жасын анықтау мүмкін болмаған.

Сарапшылар 191 адамның 183-і аштықтан көз жұмғанын анықтады. Олардың 182-сі – бала, біреуі – ересек адам. Қалған сегіз бала тұншықтыру немесе ұрып-соғу салдарынан қаза тапқан.

Сотта куәлік берген сектаның аман қалған мүшелерінің айтуынша, орманда болған өлім жағдайлары «Исамен некелесу» деп аталып, қайтыс болғандар «сенім жолындағы батырлар» ретінде сипатталған.

Секта жетекшісі ізбасарларын ашығуға мәжбүрлеген

Пол Маккензи 2023 жылдың тамызында дүниенің ақыры келеді деп уағыздаған. Ол көкке жету үшін ізбасарлары ашығуы керек деген сенім таратқан.

Сондай-ақ ол өлімнің өзіндік тәртібі бар екенін айтып, алдымен балалар, кейін жасөспірімдер мен әйелдер, ең соңында ер адамдар көз жұмуы тиіс деп сендірген. Ер адамдар өзгелердің денесін жерлеуге үлгергеннен кейін ғана қайтыс болуы керек деген.

Маккензи ізбасарларын үйлерін тастап, Кенияның шығысындағы Шакахола орманына қоныс аударуға көндірген. Оның айтуынша, орманда ашығу арқылы олар Құдайға жақындап, жұмаққа дайындалуы тиіс болған.

Алайда сектаның күзетшілері ізбасарлардың қозғалысын бақылап, олардың ашығу рәсімін тоқтатуына жол бермеген. Қарсылық танытқандар бағынуға мәжбүрленіп, тамақ ішуге немесе қашуға әрекет жасағаны үшін жазаланған.

Маккензи 2023 жылдың сәуірінде құқық қорғау ұйымы сектаның мүшелері қаза тауып жатқаны туралы мәлімдегеннен кейін ұсталды. Полиция жүргізген операция барысында жүздеген таяз қабір табылып, адамдардың сүйектері анықталған. Оған сол жылдың қазан айында ресми айып тағылды.

Секта орналасқан аумақтан бүгінге дейін 400-ден астам адамның мәйіті табылған. Алайда сот үкімі 191 адамның өліміне қатысты шығарылды.

Қалған мәйіттерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай Пол Маккензи мен оның күзетшілеріне қосымша айыптар тағылуы мүмкін.

Таңбалар: Кениясектатеріс діни ағым
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақсатты топтармен жұмыс маңызды
Видео

Мақсатты топтармен жұмыс маңызды

05.11.2026
Таңдау таразысы
Видео

Таңдау таразысы

02.11.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түркі мемлекеттері ұйымы – әскери альянс емес

Түркі мемлекеттері ұйымы – әскери альянс емес

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    26
  • Мешітке не үшін қолдау көрсету керек?

    21
  • «Имантау» жұмбағы: аңыз бен ақиқат

    20
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    14
  • Ақиқатқа да араша керек

    14

Соңғы жарияланымдар

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж
Жаңалықтар

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

07.11.2026
Ғибратты әңгімелер

Кешірімнің қарымы

07.11.2026
Тарбағатайдың рухани шежіресі
Жаңалықтар

Тарбағатайдың рухани шежіресі

07.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00