Қызылордада «Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды» тақырыбында «Анаға тағзым» III республикалық форумы өтті.
Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтың өкілдері, сондай-ақ отбасы және демографиялық саясат саласының сарапшылары қатысты.
Пленарлық отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Қазақстандағы отбасы саясатының негізгі бағыттарын таныстырды.
Форумда ұлттық болмысты сақтау, дәстүр сабақтастығы, өскелең ұрпақ тәрбиесі және тұлға мен қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі сөз болды.
Сондай-ақ әйелдердің ғылымды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан үлесі айрықша аталды.
Қатысушылар бала тәрбиесіндегі отбасының орны, қоғамдағы құндылықтарды қалыптастыру, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін де талқылады.
Пленарлық отырыс соңында отбасы тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.







