Жексенбі, 16 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық архивке – 20 жыл

05.08.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
14
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада Ұлттық архивтің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Тәжікстанның архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ архив саласының жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Іс-шараның ашылуында Аида Балаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысы архив саласының қызметкерлері мен ардагерлерін Ұлттық архивтің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің тарихи мұрасын сақтауға қосқан елеулі үлестері үшін ризашылығын білдірді.

«Архив қорында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдерін айшықтайтын құнды мәліметтер бар. Мекеме мамандары шетелдік архивтерден табылған тарихи жәдігерлерді зерделеп, құнды құжаттарды елге жеткізу жолында елеулі еңбек сіңірді. Соның арқасында архив қоры он төрт ғасырды қамтитын бірегей деректермен толықты. Ұлт шежіресін тереңірек тануға мүмкіндік беретін мұндай игі жұмыстың мәні айрықша екені анық. Бүгінгі басқосуда архив саласын заман талабына сай дамыту жөнінде салиқалы пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылады деп сенемін», – делінген Президенттің құттықтау хатында.

Өз сөзінде Премьер-министрдің орынбасары архив ісінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ұжымға және сала ардагерлеріне алғыс айтып, бүгінде еліміз аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп отырғанын атап өтті.

Тамыры бір, гүлі ортақ

Тамыры бір, гүлі ортақ

16.08.2026
“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

15.08.2026

«Біз қазір ел дамуының жаңа дәуіріне аяқ бастық. Жаңа Конституцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновация ел дамуының стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – өткенді сақтау ғана емес, болашақты бағамдау. Өйткені халықтың тарихи жады – мемлекеттің рухани негізі. Ал сол мұраны сақтайтын басты институттардың бірі – архив. Мемлекет басшысы жаңа атап өткендей, Ұлттық архив төл тарихымызды жаңғыртып, өскелең ұрпаққа жеткізуде зор үлес қосып келеді. Тағы бір жақсы жаңалықтың бірі биыл Қазақстан Республикасы ұлттық архивіне «Ұлттық» мәртебе беріледі», – деді Аида Балаева.

Мерейтойлық датаға орай архив саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ардагерлер мен мамандарға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. «Архив: өткен мен болашақты жалғаған 20 жыл» атты құжаттық көрме аясында Ұлттық архивте оның қызметіне арналған арнайы бұрыш ашылды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы 237 мемлекеттік архивте Ұлттық архив қорының 30 миллионға жуық құжаты сақтаулы. Архив саласында 3,5 мыңнан астам маман еңбек етеді. Архив қорлары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениет өкілдерінің жеке архивтік құжаттарымен тұрақты түрде толықтырылып келеді.

Архив саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – цифрлық трансформация. Соңғы жылдары Ұлттық архивтегі цифрландырылған құжаттардың үлесі 3 пайыздан 26 пайызға дейін артты. Құжаттарды қабылдауға, сақтауға, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың сұрау салуларын жедел орындауға мүмкіндік беретін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Мамандар даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде архив саласының мыңнан астам қызметкері арнайы сертификатқа ие болды. Конференция барысында қатысушылар Ұлттық архив қорларын қалыптастыру, архив құжаттарын ғылыми тұрғыда жариялау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, архив саласын цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелерін талқылады. Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының архив саласын одан әрі дамытуға бағытталған қарар қабылданып, нақты ұсынымдар әзірленді.

Таңбалар: Аида БалаевамұрағатҰлттық архив
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

13.08.2026
Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты
Жаңалықтар

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

22.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рухани семинар Бәйдібекте жалғасты

Рухани семинар Бәйдібекте жалғасты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»

    «Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

    23
  • Әлеуметтік желіде біреудің айыбын ашу күнә ма?

    23
  • Ұлт руханиятының шамшырағы

    21
  • Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

    20
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Толық адам» идеясы – мазмұны терең тұжырым

    19

Соңғы жарияланымдар

Тамыры бір, гүлі ортақ
Ғибратты әңгімелер

Тамыры бір, гүлі ортақ

16.08.2026
“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты
Жаңалықтар

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

15.08.2026
195 мечетей функционирует в Кызылординской области
Жаңалықтар

Қызылорда әкімімен кездесті

14.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00