Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

13.08.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
219
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды.

Елордаға еліміздің әр өңірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік салалары бойынша үздік деп танылған 30 жобаның авторы келді. Олардың әрқайсысына өз идеясын жүзеге асыру үшін 3 миллион теңге көлеміндегі грант сертификаты табысталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық жастар күніне арналған құттықтауын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Мемлекет басшысы құттықтауында бүгінде еліміздің барлық саласында түбегейлі реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдумда халқымыз бірауыздан қолдаған жаңа Конституция ауқымды өзгерістерге тың серпін беріп, Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне жол ашты.

«Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді.  Қазіргі таңда республикамыздың әр аймағында көптеген мектептер, спорт нысандары, даму орталықтары салынып жатыр. Ауқымды жобалар қолға алынып, дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бүгін табысталатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – соның жарқын көрінісі. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарды» анықтайтын үздіктер сайысы озық ойлы, отаншыл, білімді әрі еңбекқор азаматтардың басын қосып отыр», – делінген құттықтауда.

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026

Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтауы жас ұрпаққа көрсетілген айрықша ілтипаттың ғана емес, оларға артылған зор сенім мен ел болашағы үшін жүктелген жоғары жауапкершіліктің де көрінісі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының жастарға деген қамқорлығы арнайы бағдарламалар мен қолдау шараларымен ғана шектелмейді. Ең бастысы – біз ертең өмір сүріп, еңбек етіп, елдік шешімдер қабылдайтын ұрпақ үшін бүгін қандай мемлекет қалыптастырып жатқанымызда. Президенттің стратегиялық бағыты уақытша күн тәртібін емес, Қазақстанның болашаққа арналған ұзақмерзімді даму негізін айқындайды. Бүгінде еліміздің жаңа даму кезеңінде жастарға үлкен сенім артылып отыр. Себебі білімге ұмтылатын, жаңа идеядан қорықпайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақ – мемлекеттің ең маңызды капиталы. Мемлекет басшысы жастар мәселесін жеке бір саланың шеңберінде емес, бүкіл мемлекеттік саясаттың болашақ өлшемі ретінде қарастырады.  Президент қолға алған саяси, экономикалық және қоғамдық жаңғырулардың түпкі мақсаты – келесі ұрпақтың қуатты, қауіпсіз және әділетті елде өмір сүруіне жағдай жасау», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Аида Балаева кейінгі бес жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық жас жұмыспен қамтылғанын атап өтті. 192 мың жас кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, 23 мыңға жуық азамат өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік грант алған.

«Наурыз», «Отау» және өңірлік ипотекалық бағдарламалар аясында 13 мыңға жуық жас баспаналы болуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, 2026 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 2200-ден астам өтінім түсті. Оның 1745-і конкурс талаптарына сай деп танылып, қарауға жіберілді. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 663, «Ақпараттық технологиялар» бойынша – 383, «Ғылым» бойынша – 218, «Мәдениет» бойынша – 174, «Медиа» бойынша – 158 және «Волонтерлік» бағыты бойынша 149 өтінім қабылданды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты талантты жастарды қолдау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы тағайындалған.

Грант жүзеге асырылған кезеңнен бері оның иегері атанған жас қазақстандықтардың жалпы саны 153-ке жетті.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Таңбалар: Аида БалаеваТәуелсіздік ұрпақтары
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлттық архивке – 20 жыл
Жаңалықтар

Ұлттық архивке – 20 жыл

05.08.2026
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ тіліндегі сапалы контентті дамыту мәселесі талқыланды

Қазақ тіліндегі сапалы контентті дамыту мәселесі талқыланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    529
  • Қару-жарақ тәркіленді

    518
  • Мешіт құрылысымен танысты

    516
  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    281
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    274

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?
Сұрақ-жауап

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00