Жұма, 9 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шараларға 2 миллионнан астам адам қатысты

07.07.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
31
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстанда Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды мәдени іс-шаралар өтті. Мерекелік бағдарлама еліміздің барлық өңірін қамтып, ірі қалалармен қатар, аудан орталықтарында, ауылдарда, мәдениет үйлерінде, музейлер мен кітапханаларда ұйымдастырылды.

Ел бойынша 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде 100-ден астам ірі мәдени жоба ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 30-дан астам концерт, 10-ға жуық күйші мен домбырашылар байқауы, 5 фестиваль, домбырашылар шеруі, көрмелер, конференциялар, музей және кітапханадағы жобалар, шығармашылық кездесулер, танымдық іс-шаралар мен онлайн акциялар өтті. Жалпы іс-шараларға 2 миллионнан астам адам жиналды.

Астанада өткен мерекелік іс-шараларға 10 мыңға жуық оқушы қатысты. Жас домбырашылар елорданың көрнекті орындары мен мәдени нысандарында күй орындап, республикалық мәдени эстафетаға бастау берді.

Алматыда мерекелік іс-шаралар бірнеше ашық алаңда өтті. Негізгі бағдарламалардың бірі – «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдында өткен «Домбыра – дастан» концерті. Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерттерін 2 мыңнан астам адам тамашалады. Ал Арбатта өткен «Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!» концертінде Salt Sound фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, кешке 3 мыңнан астам көрермен жиналды.

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026

Шымкентте домбыра үні халықаралық әуежайда, теміржол вокзалында, автовокзалдарда, қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, «Шымқала» этноауылында және «Шым Сити» саябағында шырқалды. Қала тұрғындары үшін концерттер, көрмелер, шеберлік сабақтары және домбыра жасаудың қыр-сыры көрсетілді.

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда 1500 домбырашы бір мезетте күй орындады. Кеште Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» күйлерімен бірге, Әбдімомын Желдібаев пен Айтқали Жайымовтың шығармалары шырқалды.

Өңірлерде күйшілік мектептерді сақтау мен жас домбырашыларды қолдауға басымдық берілді. Түркістан облысында «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауы, Қызылордада III республикалық «Сыр толқыны» күйшілер байқауы, ал Батыс Қазақстан облысында Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Күй-мұра» конференциясы мен «Әсем қоңыр» домбырашылар байқауы өтті.

Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау және өзге де облыстарда концерттер, флешмобтар мен өнерпаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Қарағандыда «Домбыра – ұлт қазынасы» концерті аясында 300 домбырашы қатысқан флешмоб өтсе, Қостанай облысында 1000 домбырашы мен 26 қобызшының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қонаев қаласында белгілі өнерпаздар мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің қатысуымен концерт өтті.

Мереке аясында музейлер мен кітапханаларда да мазмұнды жобалар жүзеге асты. Мәдениет ұйымдарында музей қорларындағы домбыралар көрмесі, тақырыптық экскурсиялар, музыкалық сағаттар, кітап көрмелері, шеберлермен кездесулер және күй өнеріне арналған дәрістер ұйымдастырылды.

Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Абай Құнанбайұлының домбырасы мен өзге де құнды музыкалық аспаптар көрмеге қойылды.

Ұлттық домбыра күні шетелде де аталып өтті. Бейжің қаласындағы Лянма өзенінің жағалауында Қазақстанның мәдени орталығы ұйымдастырған Dombra Party мерекесіне қазақстандық және қытайлық жас домбырашылар, студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде #dombrakuni республикалық онлайн акциясы өтті. Қатысушылар домбыра үні, ұлттық өнер және мерекелік көңіл күйді дәріптейтін бейнероликтер жариялады.

Таңбалар: домбыраұлттық аспапҰлттық домбыра күні
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрманғазы күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды
Жаңалықтар

Құрманғазы күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды

06.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда тектілік жайлы айтылған ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    406
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    359
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    264

Соңғы жарияланымдар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі
Жаңалықтар

Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі

08.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00