Сейсенбі, 23 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

“Мектепке арналған мектеп” жобасы табыспен мәресіне жетті

23.06.2026
- Жаңалықтар
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматы қаласының Білім басқармасы мен отандық мектептерге шет тілінен оқу-әдістемелік кешен дайындайтын EDU Stream халықаралық тіл академиясының бірлескен «Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасы табыспен мәресіне жетті. Бұл туралы бастама иелері жоба нәтижесімен бөліскен брифингте мәлімдеді.  

Әлеуметтік жоба білімнің ықпалын күшейту үшін атаулы көмек, қолдау көрсету және тәлімгерлік арқылы қоғамдық бастамаларды жұмылдыра отырып мектептің әлеуетін көтеруді көздеді. «Мектепке арналған мектеп» бір оқу жылы көлемінде «1 Мектеп-Ментор + 6 Мектеп-Менти» форматында тікелей жұмыс істеді. Ментордың қызметін О. Жандосов атындағы № 105 гимназия – түлектері 100% отандық және шетелдік ЖОО-на түсіп жүрген Юнеско қауымдастығына кіретін және IB жобасында өзінің жетістік жолындағы тәжірибесімен бөліскен мектеп атқарды. Қанатқақты үлгіге қатысушы қалған алты білім ошағы – №47, №20, №40, №171, №121, №66 жалпы білім беру мектептері эксперимент кезіндегі тәлімгерлік бағдарлама барысында көзделген барлық қолдауға қол жеткізген ментилер.

2025-2026 оқу жылында жүзеге асқан ілкі жоба «мектеп-ментор – мектеп-менти» моделінің тиімді екенін көрсетті: ұстаздардың кәсіби тұрғыда дамуына, басқару біліктілігінің және командалардың қарым-қатынасының жақсаруына ықпал етті. Мектепке арналған мектеп» басты мақсатына – қала мектептерінің оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға тартымдылығы жағынан көрсеткішін теңестіру арқылы білім саласындағы диспропорцияны жоюға қол жеткізді деуге болады. Осындай тұжырым жасаған бастамашылар, бір жылда жеті бағыт бойынша:

  • басқарушы персоналмен жұмыс: мектеп басшыларына талантты балаларды бағалау және дамыту жөнінде республикалық һәм халықаралық шаралар, фасилитация жүргізу, ұжыммен және қоғаммен тиімді диалог құру, команданың қарқынымен және БАҚ-пен жұмыс турасында оқыту сессиялары өткізілді,
  • педагогтар құрамымен жұмыс: жүздеген ұстазды қамтыған ондаған шара өтті (мысалы, ЖИ бойынша семинарға 103 мұғалім, қаржы сауатының семинарына 80 мұғалім қатысты). Ағылшын тілі пәнінің ұстаздары шет тілін оқытуда нақты ЖИ құралдарын қолдануға жол ашқан BOOKR платформасын бір жыл бойы тегін пайдаланды. Сондай-ақ, ұстаздар педагогиканың әдіс-тәсілін толықтыратын және сабақ беру сапасын жақсартатын «Мектеп қабырғасынан тыс оқыту» концепциясы мен әлеуметтік-эмоциялық білім беруді меңгерді,
  • педагогтар құрамымен коучинг жұмысы: мектептермен коуч-сессиялар жүргізіліп, ұжымдардың қазіргі жағдайының картасы жасалды, ортақ мақсат айқындалды, жасырын түсініспеушіліктің ауқымы азайып, амал жоспары құрылды – бұл шаралар білім ошақтарының ары қарай өз бетінше дамуы үшін, ауызбіршілігі мен жауапкершілігін нығайтты,
  • оқушылармен жұмыс: жеті мектептің оқушылары практика жүзінде ЮНЕСКО клубының Қазақстандағы Ұлттық федерациясының бағдарламаларына, көшбасшы және шығармашылық сессияларына, профориентация шараларына, тауда қауіпсіз жүріп-тұру бағдарламасына, бейімді оқыту және ағылшын тілінің халықаралық тест тапсыру платформасына қол жеткізді, Олимпиада чемпионымен, суретшілермен кездесті,
  • ата-анамен жұмыс: жоспардағы вебинарларға ата-аналар қатыспағандықтан, олардың білім беру процесіне белсенді ат салысып, мектеп пен отбасының қарым-қатынасын нығайтуға көзделген шаралар іске аспады,
  • жасөспірім жастағы баласы бар ата-ананы коучинг арқылы қолдау: бастамашылар ата-аналарға баланың сеніміне кіру, баланың психологиялық қауіпсіздігін нығайту, саналы ата-ана мәдениетін дамыту тақырыбындағы шараларын жүзеге асыра алмады, бұған себеп – ата-аналардың белсенділік танытпағаны,
  • ата-аналар мен жасөспірімдерге болашақ мамандықты таңдауға профориентация тұрғысынан қолдау жұмыстарын ұйымдастыру: мектептерде оқушылар мен ұстаздарға бойындағы эмпатиясын және өзін-өзі басқару қабілетін дамытуға арналған шаралар өтті.

– ««Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасы орта білім саласына «мектеп-ментор – мектеп-менти» жүйесін енгізу арқылы білім сапасын көтеруге, атақты гимназиялар мен жалпы білім беру мектептерінің арасындағы айырмашылық деңгейін жоюға, сондай-ақ барлық білім беру жүйесінің қатысушыларына озық, қажетінше бейімделетін әрі психологиялық тұрғыда жайлы орта қалыптастыруға болатынын көрсетті. Жобаға өз бетінше тағы үш мектеп-менти қосылғаны көңіл қуантады. Бүгін олар жоба жайлы өз пікірлерімен бөлісті – ұстаздардың көзі жайнап тұр. Нәтижесінде орта білім саласының ошақтары, халықаралық ұйымдар мен бизнестің арасында тұрақты серіктестік қалыптасты», – дейді EDU Stream халықаралық тіл академиясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
Бетін тұмшалап жүрген 1600-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

Бетін тұмшалап жүрген 1600-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

23.06.2026

– «№66 орта білім беру мектебіне директор болып келгеніме бір-екі ай болды, дегенмен «Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасының жалғасқанын қалайтынымызды атап өткім келеді. Егер ұйымдастырушылар жобаны алдағы жаңа оқу жылына созса, мен оны білім ошағының шаралар жоспарына осы бастан енгізер едім», – деді пікірімен бөліскен Алматы қаласының №66 ЖМ директоры Әлия Қасқарауова.

«Мектепке арналған мектеп» қанатқақты жобасының мықты жағы – білім сапасын көтеретін экожүйе құрайды және шараға жоғары деңгейлі эксперттерді тартады. Нәтижесінде халықаралық стандарт (Pearson),цифрландыру (BOOKR, ЖИ) және икемді дағдыларды (фасилитация, ұжымдағы коучинг, таудағы қауіпсіздік) дамыту арқылы білім берудің жаңа мәдениетін жақсы қалыптастырады.

Әлеуметтік жобаны Алматы қаласының білім басқармасы, Алматы қалалық білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы қаласының әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, ЮНЕСКО клубының Қазақстандағы Ұлттық федерациясы, SHL Central Asia, ICF-Kazakhstan және басқа жергілікті және халықаралық ұйымдар қолдады.

Таңбалар: Біліммектепке арналған мектеп
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді
Жаңалықтар

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

03.04.2026
Ілім – мызғымас іргетас
Видео

Ілім – мызғымас іргетас

02.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    116
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    82
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    60
  • Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

    47
  • Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

    44

Соңғы жарияланымдар

Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

23.06.2026
«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді
Жаңалықтар

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00